Сайтқа кіру Тіркелу

загрузка...

Заттың агрегаттық күйлері және оларды молекулалы - кинетикалық көзқарас негізінде түсіндіру

Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы,
№42 «Ақниет» гимназиясының физика пәні мұғалімі
Еслямова Айжан Канатовна

Сыныбы: 7
Сабақтың тақырыбы: Заттың агрегаттық күйлері және оларды молекулалы - кинетикалық көзқарас негізінде түсіндіру.
Сабақтың мақсаты:
• Білімділік: Заттың күйлерін молекулалық - кинетикалық көзқарас негізінде түсіндіру, қолданыстағы дағдыларын ескере отырып қасиеттерін ашу.
• Дамытушылық: Оқушылардың айналадағы денелерге деген ғылыми көзқарастарын дамыту, жеке өзіндік ізденіс арқылы шығармашылыққа қол жеткізу.
• Тәрбиелік: Заттың күйлерін молекулалық - кинетикалық көзқарас негізінде түсіндіре отырып, теориялық және қосымша материалдар арқылы өзіңнің қоршаған ортаңды тануға және оны қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекіліктері: интерактивті тақта, слайдтар, электрондық оқулық, су, әр түрлі пішінде ыдыстар, әтір, марганцовка.
Сабақтың әдісі: ұжымдық оқыту
Сабақтың түрі: жаңа білімді игерту сабағы

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
а) Оқушылармен амандасу.
ә) Жоқ оқушыны анықтау.
в) Оқушыларды сабақтың мақсатымен таныстыру.

ІІ. Қызығушылықты ояту. «Ой қозғау»
Оқушылар үй тапсырмасын қайталап жіберейік. Ол үшін мына суреттерге назар аударайық. Бұларды қалай ажыратамыз.
Күміс
Алтын
Су
Ағаш
Темір
Кітаптар
Алтын сақина
Күміс сақина
Алтын алқа
Алюминий ыдыстар Алюминий қасықтар Темір шегелер Ағаш үстел мен орындықтар

Олай болса, балалар бұлардың барлығын бір сөзбен материя деп атайды. Ал ендеше осы схемадағы сөздерге анықтама берейік.

Материя – зат түрінде, жарық толқындары түрінде бізді қоршаған барша болмыс. Басқаша әлемде не бар болса, соның бәрі материя деп аталады.
Дененің шығу табиғатын және сапалық қасиеттерін сипаттайтын материя түрін зат деп атайды.
Кеңістікте белгілі пішіні және нақты көлемі бар жеке тұрған нәрсе дене деп аталады. Атом - химиялық элементтің қасиеттерін бойына сақтаған оның ең кіші бөлшегі.
Молекула – заттың химиялық қасиеттерін бойына сақтаған ең кіші бөлшегі.

Стаканға су құйып, оған марганцовка салып тәжірибе көрсету. Бұл қандай құбылыс? Анықтамасын берейік.
Молекулалар мен атомдардың ретсіз қозғалыстары салдарынанжанасып тұрған заттардың бір – біріне өтіп таралуын диффузия деп атайды. Диффузия құбылысы сұйықтарда, газдарда және қатты денелерде жүреді.
Олай болса, балалар үй тапсырмасын қорытындылап жіберейік. (Электронды оқулықты көрсету). Сонымен балалар жекелеген атомдар - химиялық элементтердің, ал молекулалар заттардың ең кіші бөлшектері болып табылады. Әр түрлі заттардан денелер құралады. Ал әр заттың молекуласы – сол заттың ерекшелігін сипаттайтын ең ұсақ бөлшегі. Ең ұсақ бөлшектер – атом мен молекула. Айналамыздағы заттар атом мен молекуладан тұратынын анықтадық.

ІІІ. Жаңа сабақ. «Ой қозғау» бөлімінен алған білімімізді толықтырайық. Енді осы заттардың қандай ерекшеліктері бар екенін анықтап көрейік.
Топтастыру жұмысы:
Мұз
Су
Бу

Сонымен заттардың бірнеше күйде болатынын және бір заттың өзі үш түрлі күйде болатынын байқадық.

ІҮ. Мағынаны тану. (Дәптермен жұмыс) Ендеше бүгінгі тақырыбымыз заттың агрегаттық күйлеріне байланысты болмақ. Дәптерлеріңе күннің жадысын, тақырыбын жазайық. «Заттың агрегаттық күйлері және оларды молекулалы - кинетикалық көзқарас негізінде түсіндіру.»
Сонымен балалар заттың агрегаттық күйлері: газ, сұйық, қатты. Мысал келтірейік.

Толық нұсқасын жүктеу
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Гук заңы. Динамометр

Гук заңы. Динамометр

Әр түрлі материалдардың серпімділік қасиеттерін анықтап, қолдана біледі; Гук заңын есептер шығаруға қолдана алады; Гук заңының заңының тұжырымдамасын...
Өнердің алуан түрлеріндегі көркем бейненің ерекшеліктері

Өнердің алуан түрлеріндегі көркем бейненің ерекшеліктері

Сабақтың тақырыбы: Өнердің алуан түрлеріндегі көркем бейненің ерекшеліктері. Портрет, пейзаж, натюрморт, тұрмыстық, тарихи анималистік жанрлар....
Алғашқы химиялық түсініктер

Алғашқы химиялық түсініктер

Шығыс Қазақстан облысы. Жарма ауданы. «Балықтыкөл негізгі мектебі» КММ. Химия-биология пәні мұғалімі: Сибанбаева Айжан Тұрсынханқызы...
Молекула – кинетикалық теорияның негіздері. Оны тәжірибелік анықтау

Молекула – кинетикалық теорияның негіздері. Оны тәжірибелік анықтау

Астана қаласы, М. Тынышпаев атындағы ҚазККА Ақмола колледжінің І санатты физика пәнінің оқытушысы Тулегенова С. К....
Химиялық байланыстың негізгі түрлері

Химиялық байланыстың негізгі түрлері

Астана қаласы, №63 орта мектебі Химия және биология пәні мұғалімі Музапарова Дидар Баяхметовна...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, ана тілі, ашық сабақ жоспары, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, бала бақша, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертеңгілік, математика, орыс тілі, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, технология, тәрбие, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, әдебиет, әдебиеттік оқу

Барлық тегтерді көрсету