Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Жақсылық жасай білейік

Подстепный қазақ жалпы орта білім беретін мектебі
Жүргізген: Пән мұғалімі Р. А. Сакипкалиева

Тақырыбы: Жақсылық жасай білейік.
Мақсаты: Оқушыларға адам өміріндегі жақсылықтың маңыздылығын жеткізу арқылы дұрыс әрекет, сүйіспеншілік құндылықтарының мәнін ашу.
Міндеттері:
- жақсылықтың маңыздылығын түсіндіре отырып, бәрін жақсы көру, үлкендерді сыйлау сияқты қасиеттердің мәнділігін ұғындыру;
- оқушыларға басқалардан жақсылықты іздеу арқылы тілалғыш болу қасиеттерін дамыту;
- қайырымды болуға, үлкенге, кішіге қамқор бола білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: слайд, бейнежазба суреттер, топ атауы, постер, маркерлер
Барысы:
1. Ұйымдастыру бөлімі.
Шаттық шеңбері
2. «Данышпан атайдың еліне» саяхат. Бұл елге кез - келген, балалар бара алмайды.
Бойында жақсы қасиеттері бар балалар ғана бара алады.
Топқа бөлу
I топ II топ III топ IV топ
Тамаша Бәрекелді Жарайсың Сәттілік
Топтағы әркім өзінің жақсы қасиеттерін «Жақсылықтар себетіне» салады
(Себеттерін топтар өздері толтырады.)

- Міне, оқушылар, «Данышпан атаның еліне» осындай жақсы адами қасиеттермен барамыз.
Енді мына өлең жолдарына назар аударайық.
Осындай әлем бар,
Қызықты шуақты.
Әлемде әр ел бар
Бақытты, қуатты.
Ондағы балалар
Жайдары көңілді
Бәрі де керемет!

- Ал, енді оқушылар, сапарға шығайық. Осы елге жету үшін аялдамаларға тоқтап, тапсырмалар орындайсыңдар. Осы тапсырмаларды дұрыс әрі шапшаң орындай білсек, «Данышпан атайдың еліне тез жетеміз».

1.«Негештер» аялдамасы.
Алдымен топтарға сұрақтар беріледі, оқушылар жауап береді.
1. Жақсылық жасау адамға парыз ба?
2. Жақсылыққа жаны құмар адамның бойында қандай құндылықтар болады?
3. «Жақсылық» туралы мақал – мәтелдер айт
4. Неге жақсы адам болу керек деп ойлайсыңдар?

2. «Кітапхана»аялдамасы
Бірге оқимыз. Мәтінмен танысады. Топ басшылары ойларын айтады.

3. «Білімділер» аялдамасы
«Ертегіні жалғастыр» тапсырмасы
1. Баяғыда бір сараң жерді қазып, көп ақшасын көмеді де: - Біреу алса жылан боп шық, өзім алсам өз қалпыңда шық! – деп оған дұға оқыпты. Сараңның бұл сөзін бір ұры естіп қойыпты. Ол ұры бай кетісімен - ақ қойманы қазып алады да, орнына бір жыланды көміп тастайды. Біраз уақыт өткен соң.......
Ертегіні 4 – 5 сөйлеммен жалғастырып жазып көріңіз.
2. Ерте - ерте ертеде бір патша болыпты. Ол нөкерлерін ертіп тау баурайына барады. Көктем мезгілі еді, бір кезде ойламаған жерден жаңбыр жауып кетті. Жолаушылар ағаш тасасына тығылды. Бірақ таудан құлай аққан жаңбыр суы көл боп жиналды. Осы сәтте патшаның ойына бір идея келді.....
Ертегіні 4 – 5 сөйлеммен жалғастырып жазып көріңіз.
3. Бір күні Көкек торға түсіп қалыпты...
Ертегіні 4 – 5 сөйлеммен жалғастырып жазып көріңіз.
4. Ертеде қатты ашуланған сиқыршы екі досты сиқырлап тастады. мейірімді достың жүрегіне бір түйір мұз түсіп, қатыгез адамға айналды. Ал қатыгез достың жүрегіне аяныш ұялап, мейірімді адам болып кетті
Ертегіні 4 – 5 сөйлеммен жалғастырып жазып көріңіз.

4. «Жақсылық жасайық» аялдамасы Бейнежазба
Бірінші топ: Сөзбен жақсылық жасау
Екінші топ: Іспен жақсылық жасау
Үшінші топ: Оймен жақсылық жасау
Төртінші топ: Жақсылықты сыймен жаса.

5. «Данышпан атайдың елі» аялдамасы.
Жаңаны білеміз. Данышпан атайдың әңгімесін тыңдау.
Жақсылық жасау дегеніміз – адамдарға, айнала қоршаған ортаға, табиғатқа деген қайырымдылық пен қамқорлық. Жақсылық жасау – риясыз қызмет ету дегенді білдіреді.
Жақсылық жасау адамдарды достастырады. Адамға қол ұшын беру, жәрдем ету, жанашырлық таныту, көмек көрсету, қолдау жақсылыққа жатады. Адам жасаған жақсылығын міндет етпеуі керек
Дана сөздер
1. Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын
2. Жақсылыққа жақсылық адамдықтың белгісі.
3. Жақсылық – жан азығы
4. Жүректен шыққан сөз жүрекке жол табады
Қорытындылау.
- Міне, балалар, біз «Данышпан атайдың еліне» келер жолды жүре отырып, жақсылық әлемі туралы ұғым қалыптастырдық. - Өзі жақсы адамның айналасы барлық уақытта да жақсылыққа толы болады. Ол жақсылыққа толы ортада өзін ерекше бақытты сезінеді. Өйткені, оны адамдар, айналасы жақсы көреді, сыйлайды, онымен достасқысы келеді. Осындай жетістіктерге ол өзінің жақсы істері, жақсылықтары арқылы жетті.
Сол себепті шамамыз жеткенше, қолымыздан келгенше адамдарға, айналаға жақсылық жасап жүрейік. Өйткені жақсылық зая кетпейтінін, оның шарапаты өзіңе, жақын – туыстарыңа, тіпті еліңе тиетінін сендер жақсы білесіңдер. Алғысқа бөленіп, ризашылыққа кенелесіңдер.
Данышпан атай: Рахмет сендерге, балалар. Ал енді мына өлең жолдарын бірге оқып, жаттайық.
Жақсылық жерде қалмайды,
Жақынды, досты аяла.
Қанатың сонда талмайды,
Барыңды жұрттан аяма.
Жақсылық жерде қалмайды
Жайдары жүзбен жарқыра,
Қатыгез болсаң сол қайғы.
Қайырымды бол халқына
«Жақсы адамдар» әні Әні: А. Оралов Сөзі: Ж. Оспанұлы
Сендер аман болыңдар жақсы адамдар,
Жақсы адамдар – бұзылмас тас қамалдар.
Табаныңның астында жатады әлі
Пенделіктен өресі аспағандар
Қайырмасы:
Жақсы адамдар, жақсы адамдар,
Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.
Жақсы адамдар, жақсы адамдар,
Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.
Жақсы адамдар.
Жақсы көрем сендерді жақсы адамдар,
Жүрегіңде өйткені аппақ ар бар.
Сендер жайлы шырқалар асқақ ән бар,
Күйіп кетсін көре алмас бәтшағарлар
Қайырмасы:
Жақсы адамдар, жақсы адамдар,
Күйіп кетсін көре алмас бәтшағарлар.
Жақсы адамдар, жақсы адамдар,
Күйіп кетсін көре алмас бәтшағарлар
Жақсы адамдар.
Сендер жайлы шырқалар асқақ ән бар,
Күйіп кетсін көре алмас бәтшағарлар.
Сендер аман болыңдар жақсы адамдар,
Қарап өтсін сендерге басқа жандар.
Қайырмасы:
Жақсы адамдар, жақсы адамдар,
Қарап өтсін сендерге басқа жандар.
Жақсы адамдар, жақсы адамдар,
Қарап өтсін сендерге басқа жандар.
Жақсы адамдар.
- Ал, балалар, біз енді бүгінгі іс - шарадан алған әсерімізді бағалайық
Рефлексия.
«Бағдаршам» әдісі
Түсінбедім (қызыл) Сұрақтарым бар (сары) Толық түсіндім (жасыл)
Жүректен жүрекке
(Стикерге тілектерін жазады.)

Шұғылалы әлем

Осындай әлем бар,
Қызықты, шуақты.
Әлемде әр ел бар
Бақытты, қуатты.
Ондағы балалар
Жайдары көңілді
Бәрі де керемет!

«Жақсы адамдар» әні Әні: А. Оралов Сөзі: Ж. Оспанұлы
Сендер аман болыңдар жақсы адамдар,
Жақсы адамдар – бұзылмас тас қамалдар.
Табаныңның астында жатады әлі
Пенделіктен өресі аспағандар
Қайырмасы:
Жақсы адамдар, жақсы адамдар,
Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.
Жақсы адамдар, жақсы адамдар,
Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.
Жақсы адамдар.
Жақсы көрем сендерді жақсы адамдар,
Жүрегіңде өйткені аппақ ар бар.
Сендер жайлы шырқалар асқақ ән бар,
Күйіп кетсін көре алмас бәтшағарлар
Қайырмасы:
Жақсы адамдар, жақсы адамдар,
Күйіп кетсін көре алмас бәтшағарлар.
Жақсы адамдар, жақсы адамдар,
Күйіп кетсін көре алмас бәтшағарлар
Жақсы адамдар.
Сендер жайлы шырқалар асқақ ән бар,
Күйіп кетсін көре алмас бәтшағарлар.
Сендер аман болыңдар жақсы адамдар,
Қарап өтсін сендерге басқа жандар.
Қайырмасы:
Жақсы адамдар, жақсы адамдар,
Қарап өтсін сендерге басқа жандар.
Жақсы адамдар, жақсы адамдар,
Қарап өтсін сендерге басқа жандар.
Жақсы адамдар.

1. Баяғыда бір сараң жерді қазып, көп ақшасын көмеді де: - Біреу алса жылан боп шық, өзім алсам өз қалпыңда шық! – деп оған дұға оқыпты. Сараңның бұл сөзін бір ұры естіп қойыпты. Ол ұры бай кетісімен - ақ қойманы қазып алады да, орнына бір жыланды көміп тастайды. Біраз уақыт өткен соң.......
Ертегіні 4 – 5 сөйлеммен жалғастырып жазып көріңіз.

2. Ерте - ерте ертеде бір патша болыпты. Ол нөкерлерін ертіп тау баурайына барады. Көктем мезгілі еді, бір кезде ойламаған жерден жаңбыр жауып кетті. Жолаушылар ағаш тасасына тығылды. Бірақ таудан құлай аққан жаңбыр суы көл боп жиналды. Осы сәтте патшаның ойына бір идея келді.....
Ертегіні 4 – 5 сөйлеммен жалғастырып жазып көріңіз.

3. Бір күні Көкек торға түсіп қалыпты...
Ертегіні 4 – 5 сөйлеммен жалғастырып жазып көріңіз.

4. Ертеде қатты ашуланған сиқыршы екі досты сиқырлап тастады. мейірімді достың жүрегіне бір түйір мұз түсіп, қатыгез адамға айналды. Ал қатыгез достың жүрегіне аяныш ұялап, мейірімді адам болып кетті
Ертегіні 4 – 5 сөйлеммен жалғастырып жазып көріңіз.

Жақсылық пен жамандық туралы өсиет әңгіме
Қарт ескі досымен шай ішіп отырып:
- Бөлме ішіне мұқият зер салып, қоңыр түсті заттарды есіңде сақта, - дейді. Бөлме ішінде қоңыр түсті заттар өте көп еді. Бірақ досы бұл тапсырманы еш қиындықсыз орындайды. Сонда қарт оған:
- Енді көзіңді жұмып, көк түсті заттарды атап шық, - дейді.
Досы сасып қалып:
- Мен тек қоңыр түсті заттарға мән бердім. Көк түсті еш нәрсе байқамадым, - дейді. Қарт:
- Енді көзіңді ашып, айналаңдағы көк түсті заттарға қара. Олар сен ойлағаннан да көп, - дейді.
Бұл шындық еді. Досы қатты таңырқаған сәтте қарт сөзін жалғап:
- Бөлмеден қоңыр түсті заттарды, өмірден тек жамандықты іздей беретін болсаң, оларды міндетті түрде табасың. Олар өміріңнің бір бөлшегіне айналады. Сол себепті, тек жақсылыққа сен! Расымен де, әлем біздің санамызда өмір сүреді. Мәселе қиындықта емес, сол қиындықты қалай қабылдайтындығымызда.

Жақсылық пен Жамандық
Жасы үлкен ата мен оның немересі үйдің алдында ырсылдап, алпарысып жатқан екі итке қарап отырыпты. Иттердің біреуі ақ, екіншісі қара. 12 жасар немере өзін білгелі осы иттер үнемі атасының үйі алдында алпарысып жататын. Атасы көзін алмай қарайтын ірі иттер еді бұлар.
Немере: «Ата, иттеріңіз соншалықты үлкен — үйіңізді қорғауға біреуі де жетер еді ғой, неге екеуін ұстайсыз? Ал түстері ше — неге біреуі ақ, екіншісі қара болуын қаладыңыз?» деп атасынан сұрады.
Жасы 70 - ке жеткен ата немересіне күлімдеп қарады да:
«Ол иттерім, мен үшін екі таңба, балам.» — деді.
— Ненің таңбасы?
— Жақсылық пен жамандықтың. Тура осы иттер ұқсап, ішіміздегі жақсылық пен жамандық үнемі күресіп жатады. Иттерге қараған сайын соны ойлаймын. Сол үшін оларды қасымда ұстаймын.
Кішкентай бала, күрес болса онда жеңген мен жеңілген де болуы керек деп:
"Қалай ойлайсыз, осы күресті қайсысы жеңіп шығады екен?"
Атасы балаға күлімдеп қарап:
"Қайсысы дейсің ба, балам? Мен қайсысына көп тамақ берсем — сол!"

Тату ағайындылар
Өте ертеде бір патшалықта екі ағайынды өмір сүріпті. Екеуінің үйі таудың екі жағында болса да, олар бір - біріне көмектесіп, тату - тәтті өмір сүреді. Бір күні ағайындылар егінді жинап алып, теңдей бөліп алады. Сол күні түнде үлкен ағасы ойлайды: «Біз егінді бірдей етіп бөліп алдық, бұл дұрыс емес. Інім жаңа ғана шаруашылығын бастап жатыр. Оған маған қарағанда көбірек керек». Ағасы тұрып, түнде інісіне бір қап бидайды апарып тастайды. Ал бұл кезде інісі жатып, олда ойлап жатады: «Жоқ, біз егінді дұрыс бөліскен жоқпыз. Ағамның отбасы үлкен, жасы да менен үлкен. Оған маған қарағанда көбірек керек». Таңға жақын інісі де білдіртпей бір қап бидайды ағасына апарып тастайды. Таңертең ағайындылар өз қамбаларына қарап, таң қалады: «Бұл қалай? Кеше бір қап бидайды ағама апарып беріп едім ғой, ал бидай азаймапты». Олар қаптарды қайта - қайта санайды да, таң қалады: «Бұл не ғажайып?!» Түн болысымен ағасы мен інісі бір бидай қапты арқалап, үйлерінен шығады. Толық ай туады жарықтандырып тұрған. Осы жерде қарағайдың түбінде екі ағайынды кездесіп қалады. Ағасы сұрай бастайды:
- А, бұл сен бе? Кештетіп қайда бара жатырсың?
Інісі айтады:
- А, бұл сен бе едің? Ал сен қайда бара жатырсың?
Екеуі де үндемей қалды, бір - бірін түсіне қояды да, қарқылдап күліп жіберді. Осыдан кейін екеуі бір - бірін одан да қатты жақсы көріп кетеді.
Кері қайту
Загрузка...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала бақша, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертеңгілік, математика, математикадан сабақ жоспары, орыс тілі, презентация, сабақ, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, әдебиет, әдебиеттік оқу

Барлық тегтерді көрсету