Сайтқа кіру Тіркелу

загрузка...

Өмірді танып білуге құштарлық

Өмірді танып білуге құштарлық
Сілтеме: «Өзін – өзі тану», 3 - сыныпқа арналған оқулық, Бөбек, Алматы - 2013 жыл.
Мақсаты: «Өмір» ұғымының адамгершілік құндылық ретіндегі мәнін ашу.
Міндеттері:
- Өмірді тану туралы түсініктерін кеңейту;
- Өмірді танып білуге қызығушылықтарын арттыру;
- Өмірді сүюге, жақсы өмір сүруге тәрбиелеу.
Қолданылатын әдіс – тәсілдер: диалог, тақтамен, топпен, дәптермен, оқулықпен жұмыс.
Керекті құрал – жабдықтар: үнтаспа, дәптер, оқулық.
Құндылық: қиянат жасамау.

Кіріспе
Ұйымдастыру кезеңі
1. Шаттық шеңберіне тұрғызып, әдеттегідей өлең айтуды бастап кетеді.
2. Өзіммен - өзім Өмірдің мәнін оқушыларға сезіндіру мақсатында тәсіл ұйымдастырады.
1. Балалар бір - бірімен құшақ жая сәлемдеседі. Мұғалімге қосылып, төмендегідей өлеңдерді айтады:
Адам болғым келеді
С. Дәуітов
Ойы терең мұхиттай дана болғым келеді,
Көңілі аппақ сүттен де бала болғым келеді.
Адалдықты сүйетін жүрегімен, жанымен,
Бал - бұлақтай мөп - мөлдір таза болғым келеді.
Отты, ойлы жыры бар ақын болғым келеді,
Қиындықтан қайтпайтын асыл болғым келеді,
Адамдардың бәрінен кіші болғым келеді,
Ең бастысы өмірде - кісі болғым келеді.

2. - Балалар, ыңғайланып, еркін отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Бізге күн жарқырап, сәулесін мол төгіп тұр. Ауа тап - таза. Көгілдір аспан. Құстар сайрап даланың сәнін келтіріп тұр. Осылардың бәрі өз жақсылығын барлық адамға, барлық тіршілік иелеріне бірдей көрсетіп тұр. Адамдар да сондай болса екен, шіркін.... Әрбір тірі жан иесі: кіп - кішкентай құмырсқалардан бастап құстар да, аңдар мен жануарлар да, адамдар да өзінің өмірі үшін құлшынып, ұрпағы үшін тіршілік етіп жүр. Бәрі де осы ашық аспан аясында, бейбіт елде өмірге келгеніне қуанышты, болашағына сеніммен қарайды. Осындай жақсы ниетпен бұрынғы қалыптарына келеді.

Әңгімелесу
Мұғалім оқушыларға өмір сүрудің мәнін ұғындыру және сол бойынша оларға да өз пікірлерін айттыру үшін әңгімелесу жүргізеді.
• Өмірді тану не үшін қажет?
• Өз қызығушылықтарың туралы әңгімелеп беріңдер.

Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, сұхбаттасады.
А кезеңі:
білу
Мәтінмен жұмыс
Балалардың өмірге құштарлығын арттыру мақсатында «Ата өсиеті» әңгімесін кідіріспен айта отырып, сұрақ қою арқылы оқушыларды әңгімеге қатыстырады.
Әңгімені оқып, мәнін түсіндіреді.

В кезеңі
Оқу ақпараты
Мұғалім оқулықтағы жаңа ақпаратпен сабақты жалғастырады. «Адам айналасын танып білу арқылы өмірге құштарлығы артады. Өз болашағына сенімді болады», - деген жаңа ақпаратты оқиды, мәнін ашады.

В кезеңі
Назар аудару
Жаттығу – ойлану. Балаларды үш топқа бөліп, әр топтың өз сұрақтары бойынша плакаттағы сұлбалар сызбасына жауаптарын жазып шығуларын тапсырады.

Тапсырма бойынша оқушылар жұмыс жасайды:
1 - топ. Өмірде кімдердің көмегін, қамқорлығын сезіндіңдер? Олардың өмір сүруге қандай көмегі бар?
2 - топ. Өз бойыңнан адамның қандай жақсы қасиеттерін сезініп білдіңдер? Өмірде қандай жағдайда сол қасиеттеріңнің септігі тиді?
3 - топ. Өмірді сүю неге жетелейді? Адамға өмірді танып білу не үшін қажет?

Дәйексөз
«Өзіңді танығың келсе, адамдарға, олардың ісіне қара»деген Фридрих Шиллердің сөзіне балалардың назарын аудартып, оның мәтініне тоқталып, оқушылардың түсінігін тыңдайды.

«Өзіңді танығың келсе, адамдарға, олардың ісіне қара»деген Фридрих Шиллердің сөзін оқып, мәнін ашып, ойларын кеңейтеді.

Қорытынды
1. Оқулықтағы қоржында берілген түйінді сөздерді пайдаланып, бүгінгі сабақты қортындылауды ұсынады.
2. Жүректен жүрекке шартты белгісі бойынша Ә. Дүйсенбиевтің «Біз өмірдің гүліміз» әнін бірге қосылып шырқауды ұсынады.
3. Үй тапсырмасын береді:
1 - тапсырма: «Менің бақытты болуым үшін»тақырыбына қысқаша әңгіме құрастыру.
2 - тапсырма: «Бақытты балалық шақ»тақырыбына сурет салу.

1. Сабақты қорытындылайды.
2. Оқушылар бүгінгі сабақтан алған түсініктерін Ә. Дүйсенбиевтің «Біз өмірдің гүліміз»өлеңі арқылы білдіреді.
Зеңгір көктен
Нұрын төккен,
Ортақ біздің күніміз.
Жайнап өскен,
Жайдары өскен
Біз – өмірдің гүліміз.
Бал достыққа,
Жолдастыққа
Шақырады әніміз.
Тыныштықта,
Нұр құшақта
Бақыттымыз бәріміз.
3. Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады.
Кері қайту
Загрузка...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала бақша, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертеңгілік, математика, орыс тілі, презентация, сабақ, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, технология, тәрбие, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, әдебиет, әдебиеттік оқу

Барлық тегтерді көрсету