Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Ризашылық пен алғыс

Сабақ тақырыбы: Ризашылық пен алғыс
Мақсаты: балалардың «сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту

Міндеттері: - ризашылық пен алғыс туралы түсінік беру;
- үлкен - кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым - қатынасын дамыту;
- әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу

Көрнекіліктері: оқулық, дәптер, сандықша
Шаттық шеңбері
Ризашылық әні
Сөзі мен әнін жазған Луиза Хей
Ризамын бүгінге,
Ризамын бүгінге,
Ризамын бүгінге,
Ризамын қазірге!

Ризамын, ризамын,, ризамын бүгінге,
Ризамын, ризамын,, ризамын қазірге.

Әңгімелесу
- Алғыс дегенді қалай түсінесіңдер?
- Адам өзінің ризашылығын, алғысын қандай сөздермен білдіреді?
- Сендерге кім қандай жағдайда алғыс айтты?
- Өздерің қандай жағдайда алғыс айтып көрдіңдер?

Балалардың жауаптары тыңдалады.
Ризашылық - адамның басқа адамнан көрген жақсылығы, көмегі, көңілі үшін қанағаттанушылық және алғыс білдірушілік сезімі.
- Алғыс – адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай - ақ оның ойы мен іс - әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беруі.
Мәтінмен жұмыс
Алғыс
- Қасым мен Хасен анасына не үшін алғыс айтты?
- Анасы балаларына алғысты не үшін айтты?
- Сендер қандай жағдайларда алғыс айтып жүрсіңдер?
- Сендерге алғыс айтқанда қандай сезімге бөленесіңдер?

Балалардың жауаптары тыңдалады.
Данышпан атаның алғыс сөздерінен күн жасау
Сахналау
І - топ: Мұғалімнің және сыныптастарының қыз баланы туған күнімен құттықтау сәтін сахналау
ІІ - топ: Ағалы - қарындас туыстардың үйге келген қонақтарды күтіп алу сәтін сахналау

Дәйексөз. «Өмірге риза болып, алғыс айт» “Адам өз ісіне қанағаттанып, сүйсінген кезде ризашылық сезімге бөленеді.

Өзіне жасалған жақсылыққа ризашылық білдіруді алғыс дейміз.”

- Адам өзінің өмірге келгеніне қуанып, риза болады. Қолындағы барын қанағат тұтып, осының да бар болғанына рахмет деп алғысын білдіреді. Алғыс пен ризашылық білдіру өзіңді, өмірді, өмірде барды бағалаудан басталады.

Жаңа ақпарат
«Адам өз ісіне қанағаттанып, сүйсінген кезде ризашылық сезімге бөленеді.
Өзіне жасалған жақсылыққа ризашылық білдіруді алғыс дейміз.»
Видео ролик./ата - аналардың балаларына айтқан алғыс сөздері/
Дәптермен жұмыс
Қорытындылау
- Балалар, жылы сөз, қайырымды іс, жақсы ой, кіршіксіз сезімдеріңді ешкімнен ешқашан аямаңыздар. «Рахмет» деген қасиетті сөзді жиі айтыңдар. Адам алғыс пен ризашылықты естіген сайын, жақсылық жасағысы келіп тұратынын есте сақтаңдар. Өмірдің әрбір сәтін бағалай білуге үйреніңдер және Табиғат – Анаға мейірімді күні үшін, көңілді жаңбыры мен ақ қары үшін, жұмсақ ақ ұлпа бұлты үшін, жақын адамдарға қайырымдылығы мен риясыз махаббаты үшін алғыс айтуды ұмытпаңдар.

Жүректен жүрекке
Кері қайту
Загрузка...
Ұқсас жаңалықтар:
Алғыс айту күні

Алғыс айту күні

Тарихымның сан тарау парақтарын, Асықпай ой көзіммен парақтадым. Елімнің кешіп қиын қыстау кезеңін, Басымнан өткердім мұң, азап таңын. Соңғы нанын...
1 наурыз алғыс айту күніне арналған өлең, тақпақтар

1 наурыз алғыс айту күніне арналған өлең, тақпақтар

Күндіз-түні еркелеткен күнім деп, Əрқашанда мейірім төккен күлімдеп. Ақ жаулығы желбіреген апатай, 1000 алғысын айтады күнің кеп! Немере ыстық екен...
Көбейтудің ауыстырымдылық, терімділік қасиеттерін пайдаланып, есептер шығар ...

Көбейтудің ауыстырымдылық, терімділік қасиеттерін пайдаланып, есептер шығар ...

Жалпы мақсаттар: Көбейтудің ауыстырымдылық, терімділік қасиеттерін пайдаланып, өрнектерді ықшамдау туралы білімді толықтырады, есептер шығару арқылы...
Өмірге риза болып, алғыс айт!

Өмірге риза болып, алғыс айт!

Мақсаты: Ата - аналармен еркін қарым - қатынас жасай отырып, «алғыс айту», «ризашылық білдіру» ұғымдарының мәні мен маңызының тікелей адамға немесе...
Мен ризамын бәріне

Мен ризамын бәріне

Астана қаласы, № 63 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Нурбекова Асемгул Казымбековна тәрбие сағаты Тақырыбы: Мен ризамын бәріне. Мақсаты:...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мұқағали Мақатаев, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, математика, математикадан сабақ жоспары, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету