Сайтқа кіру Тіркелу

Сұрайтыным

Сұрайтыным
Қайырылма, құйындаған күндерім,
Түнере бер, тыншу берме түндерім.
Жылдарым да, іздеп келме жоғалған,
Оралмай - ақ қойшы жастық – тым керім.

Керек емес, қажет емес бұрынғым,
Бұрынғымнан жеріндім бе, бұрылдым.
Надандық қып жастық жапқан жаулықтан,
Әрең - әрең, жаңа ғана құтылдым.

Осы төрге жетпеген көп, жеткен аз,
Өкіндірмек емес мені өткен жаз.
Сұрамайын кейінгіден сауға - сый,
Өмірге бұл өтпейді екен өкпе - наз.

Құласам да төрде отырып құлайын,
Төрден төмен түсірмесін лайым.
Төрде отырып үміттенсем төменнен,
Алпыс жылдың неге кештім лайын?!

Кештім талай лайын да, тар жолын,
Шүкір, бармын, аяқ түгел, бар қолым.
Сұрамаймын жүз жыл ғұмыр сенен, Хақ,
Сұрайтыным – саналы өмір – бар - жоғы...

Биғали Шоман
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×