Сайтқа кіру Тіркелу

Аяз би

Аяз биім!
Аруағым, табынарым.
Ар мен ақыл - бас иіп, бағынарым.
Алдыменен сені ұғып,
Сені сыйлар
Маңдайына жазылған бағы бар ұл.
Мақтағанда талай дос,
Талай қасың,
Айналмаған, апыр - ай, қалай басың?!
Ойлап тапқан өзіңді дана халық
Деген шығар біздерді абайласын!
Пәлсафаны ең қымбат үлес көрген,
Парасаттым,
О бастан күрескер ме ең?!
0 Аяз би!
Білсе де сені жақсы,
Биігіне шыққан соң кім ескерген!
Көксеп кетсем ұсақты,
Кешір мені!
Көп жағдайды көңілден өшірмедім.
Ұмытады өскендер
Емтиханда
Кімнен қалай есепті көшіргенін!
Ұмытады барлығын ірім менің:
Балшық басып,
Балағын түрінгенін,
Тапсыра алмай
Бір емес,
Бірнеше рет
Зачет сайын мың өліп - тірілгенін!
Жоқ - ты өзінде соншалық мұрат биік.
Болатын - ды тіл алғыш,
Бірақ тұйық...
Ұмытады ол енді қыдырғанын
Жолдасының шалбарын сұрап киіп.
Ұмытады қазанды қырғанын да,
Ыңғайпаз деп әкенің ұрғанын да!
Ұмытады достардан қарыз алып,
Пәтер жалдап біраз жыл тұрғанын да!
Сырларым бар осыдан түйген менің:
Өсу үшін ол түктен именбеді...
Енді, міне, ұмытады
Бір мықтының
Қайтып келген қызына үйленгенін!
Көміп кеткен тәрізді арды құмға,
Ұмытқан ол ерлердің нарлығын да!
Бригадир,
Нұсқаушы болған кезін
Бәрін, бәрін ұмытқан,
Барлығын да!
Емес енді бүгінде осал аға
Пысқырмайды киіз үй,
Шошалаға.
Сен сияқты,
Аяз би,
Көн шоқайын
Іліп қойса болмай ма босағаға!
Сен, Аяз би, жемісі даналықтың,
Ойлап тапқан өзіңді
Дала мықты.
Кемеңгерлік бейнесін қайдан алмақ
Өзі сондай болмаса со халықтың?!
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Өкпелесіп қалып еді қос ғашық...

Өкпелесіп қалып еді қос ғашық...

Бір-бірімен жан-дүниесі астасып, Шын сезіммен жүрген еді достасып. Көз тиді ме, тіл тиді ме, білмедік, Өкпелесіп қалды бүгін қос ғашық....
Анама хат

Анама хат

Қарағым, дұғагөйім, қамқор анам! Арнап хат жазайын деп, алдым қалам. Сені онда, мені мұнда аман сақтап, Көруге жазғай еді Хақ тағалам!...
Гүлі едің аялаған ата-ананың

Гүлі едің аялаған ата-ананың

Отбасы - адалдық пен алғыс бағы, Қос жүректің сүюі, жан құштары. Балапандай көруші еді сені өмірде, Ұядан тұрсың ба енді сен де ұшқалы....
Әкенің ұзатылған қызына тілегі

Әкенің ұзатылған қызына тілегі

Болған едім сырласың да, ақылшың, Деуші ең әркез – Әке, қымбат, жақынсың. Балдәуренің бойжетті де бір күнде, Туған үйден ұзап бара жатырсың....
Жасасаң қайыр, қарыз

Жасасаң қайыр, қарыз

Жасасаң қайыр, қарыз деп айтпа, жарқыным! Қарыз ғып берсең, қажет те емес алтының. Өгіз боп саған, өткерер менің жайым жоқ. Өмірдің қалған тамтығын....
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×