Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Төрелерге

Дәулетбақтан - Ноғайбай сен бір арсыз,
Байсүгір - Қараталдан тұғыянсыз.
Ыстанбек төремін деп мақтанбағын,
Бұл арсыздың ішінде сен де барсың.
Қаратал өмірінде жалшымаған,
Қарашолақ өгізін қамшылаған.
Қаршыға қайраттанса қаз алады,
Олжаңды қарға тапқан салшы маған?!
Дүниеден Сарыбай да кетті көшіп,
Бұл жерде Нарбота отыр желдей есіп.
Алдыңа бір жауапкер екей келсе,
Түйе басы тоғызды салма кесіп.
Ала бұқа көзденген Атамқұл бай,
Жұртыңа жақсы болсаң боласың жәй.
Құланаяын, маржаны айдап жедің,
Тәңір алдына барғанда қайтесің-ай!
Сен өзің Әжібайдан туып едің,
Жасыңнан жамандыққа жуық едің.
Қияметке қайтесің кісі ақысын,
Зар жылатып талайды қуып жедің.
Кісі екен қабырғалы Дәуіталы,
Сәмбеттің ат түгіндей айғыр жалы.
Арбаң сынса қаңғырып жолда өлесің,
Сен келдің жазған байғұс не қылғалы?!
Билерім, салшы маған тапқаныңды,
Істеп жүрсің өзіңе жаққаныңды.
Қарымсақ, Жалайырдан сен келіпсің,
Қырқаңда салып жатпай қақпаныңды.
Белгілі қыстақтағы сабаншысың,
Сен өзің жаннан асқан амалшысың.
Қыстақтың көп ұрысы өледі деп,
Билерге кеп отырған хабаршысың.
Ақшаны жанқалтаға толтыра сап,
Дегенге жауабың сол: «Сені ме, қап!»
Пәреге билер қарны бөккеннен соң,
Жаныңдағы ұрыны ақтары хақ.
Біреудің көз саласын құзырына,
Мен тұрмын аң-таң болып қызығына.
Аударып ақты арамға пәле жейсің,
Не дейін әділетсіз бұзығыңа.
Келіңдер осы топқа барайын деп,
Бір шайқам май түсе ме қарайын деп.
Момын малын зұлымға алып беріп,
Нашардың қайтарсыңдар талайын жеп.
Айтамын білгеннен соң көзім ашық,
Төрелер, кеп отырмын дидарласып.
Тау басына жиналған тазқаралар,
Жемей ме қарны ашса көкей жасық.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала-бақша, балабақша, балабақшаға арналған, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертеңгілік, математика, презентация, сабақ, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, технология, тәрбие, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, әдебиет, әдебиеттік оқу

Барлық тегтерді көрсету