Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Аманбай Ақтөренің өлеңдері

Аманбай Ақтөренің өлеңдері
Жинақтаған: Полатова Айгуль Жамантаевна - бастауыш сынып мұғалімі
ОҚО, Мақтаарал ауданы, Игілік ауылы, Т. Аубакиров жалпы орта мектебі.

"Ғылымның сырын ұғына,
Шығамыз білім шыңына"
Оқушылардың тырнақалды өлеңдеріне көз жүгірте отырып, қазақ поэзиясының құлагері І. Жансүгіров, қазақтың қара өлеңіне шекпен жауып қайтарған абыз М. Мақатаев сынды жыр - маржанын төгіп, қазақ поэзиясының көшін ілгері бастайтын ақындар қатарынан көрінетіндігіне сенім арттым.

Ұсынылып отырған «Ғылымның сырын ұғына, Шығамыз білім шыңына» атты өлеңдер жинағы бастауыш сынып оқушыларының өз шығармаларынан жасалған. (суреттері тақырыбына сай келтірілген)
Бұл құралда: түрлі тақырыпта шығарылған өлеңдер оқушыларды әдептілікке, мейірімділікке, тазалыққа, адамгершілікке, елін, жерін сүюге баулиды.\

Аманбай Ақтөренің өлеңдері
«Т. Аубакиров атындағы жалпы орта мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің оқушысы
Аманбай Ақтөре Даулетбайұлы

ТӘУЕЛСІЗДІК
Келді Қазақ еліне бейбітшілік,
Келген қиындықпен бұл тыныштық.
Еркін құстай самғадық биікке біз,
Тәуелсіздік! Жаса мәңгі Тәуелсіздік!

ҚЫС
Алақай - ау, алақай,
Қыс келді ғой балақай.
Қыс мезгілі келді деп,
Шапқылап жүр құлындай.
Аяз ата келетін,
Бізге сыйлық беретін.
Жылқы жылы келді ғой,
2014 - ші жыл болды ғой!

ТУҒАН ЖЕР
Туған жерім, туған жерім,
Туып өскен байтақ елім.
Туған жерім, туған жерім
Мақтааралым жерім менің.
Туған жерім - алтын бесігім,

Туған елім - ашқан дүние есігін.
Өзге елге кетсең егер,
Сағынасың туған елді.
Туған елдей - ел болмас,
Туған жердей - жер болмас.
Қадірле туған еліңді,

Қадірле туған жеріңді.
Туған елім, туған жерім,
Кең байтақ елім менің.
Әрқашан күннің нұры,
Шаша берсін жерге нұрын.
Туған жерім, туған жерім,
Игіліктей жерім менің.
Туған жерім, туған жерім,
Аунап - қунап өскен елім.

АНА
Ана деген - ертеңім,
Ана деген - ертегім.
Ана деген - аяулым,
Ана деген - жүрегім.

Анам менің мақтанышым, ардағым,
Анам менің махаббатым, бар жаным.
Аналар түн ұйқысын төрт бөліп,
Әр баланы өсіреді мәпелеп.
АНА деген - бәрінен де қымбат қой,
АНА жүрек - бәрінен де жұмсақ қой.

ҰСТАЗЫМ
Ұстазым менің, ұстазым,
Ашқан білім есігін.
Ұстаз - сынып анасы,
Мектебімнің данасы.
Ұстазым - мектеп жүрегі,
Оқушылар тірегі.
Ұлағатты ұстазым..
Жүрегімнің бөлшегі.
Аяулы менің ұстазым,
Өзіңмен өткен қыс - жазым.
Әлі де 11жыл жыр жырлаймын,
Біліммен сусындатқан ұстазға арнап.

АНА ТІЛІМ
Ана тілім сені сүйемін әрқашан,
Ана тілім сені ұмытпаймын ешқашан.
Ана тілім тірлігімнің айғағы,
Жыр беремін, жыр беремін тек саған.
Ана тілім, ана тілім қуатым,
Ана тілім күн нұрындай шуағым.
Барлық әнім арналады тек саған,
Кіп - кішкене жүрегімнен туатын.
Ана тілім, ана тілім ардағым,
Ана тілім, ана тілім бар жаным.
Ана тілім, ана тілім болмаса,
Болмас еді қаншама көп жырларым.

АНА ТІЛІМ
Ана тілім - ардағым,
Ана тілім - бар жаным.
Ана тілім болмаса,
Қалай сөйлеймін мен қазір?
Ана тілім - жүрегім,
Ана тілім - тілегім.
Қадірле ана тіліңді,
Мен сені мәңгі сүйемін.
Ана тілім - ертеңім,
Ана тілім - елдігім. 7
Ана тілім болмаса,
Мен мәңгіге өлемін.
Ана тілім - ілімім,
Ана тілім - білімім.
Ана тілде үндеймін,
Ана тілде сөйлеймін.

КҮЗ
Тырна кетті тыраулап,
Қарға келді қарқылдап.
Алтын күз де келді ғой,
Балалар оқуға барды ғой.
Жапырақтар түсті де,
Құстар алыс кетті де.
Сарғайған алтын күз келді,
Жаңбыр жауады енді
Кері қайту
Загрузка...
Ұқсас жаңалықтар:
Тагабереген Анардың өлеңдері

Тагабереген Анардың өлеңдері

ҚҰМЫРСҚА Кіп - кішкене құмырсқа, Үйір болып жұмысқа Өзі кіші болса да, Қарамайды тұрысқа. Еңбек етіп әр кез ол, Шаршамайды жұмыста....
Пирназарова Дананың өлеңдері

Пирназарова Дананың өлеңдері

ҰСТАЗ Ұстаз деген, ұстаз деген, Даналардың данасы. Ұстаз деген, ұстаз деген, Бабалардың бабасы Ұстаз деген, ұстаз деген, Балалардың анасы....
Утепберген Динараның өлеңдері

Утепберген Динараның өлеңдері

АНА ТІЛІ Ана тілің - жүрегің, Ана тілің - өркенің. Ана тілің болмаса, Болмас еді ерлігің....
Мәңгілік ел – мәртебелі тіл

Мәңгілік ел – мәртебелі тіл

Мақсаты: қазақ тілі мен әдебиетінің мол мұрасымен кеңінен таныстыру, пәннің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру, тілдің мемлекеттік мәртебесін...
Тіл тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз (тәрбие сағаты)

Тіл тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз (тәрбие сағаты)

«Тіл - тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз» Мақсаты: Оқушыларды туған халқының тілін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу....
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мұқағали Мақатаев, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, математика, математикадан сабақ жоспары, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету