Сайтқа кіру Тіркелу

Қара қобызды сарнатқан Жаппас Қаламбаев

Күні: Сынып: Бекітемін:
С. тақырыбы: Қара қобызды сарнатқан Жаппас Қаламбаев
С. мақсаты: Күйші – композитордың шығармашылығымен танысу
С. міндеттері:
Білімділік: Ықылас шығармашылығымен Жаппас өнері арқылы танысу.
Дамытушылық: Балалардың есте сақтау және домбыра ойнау шеберлігін шыңдау
Тәрбиелік: Үлкенге деген құрмет
С. түрі: Салыстыра талдау
С. әдісі: Әңгімелеу
Көрнекілігі: Әншінің суреті, интерактивті тақта, домбыра, үнтаспа, баян
Технология: дамыта оқыту
С. барысы:
Ұйымдастыру
Жаңа сабақ
Ж. Қаламбаев туралы мағлұмат беру
1. Ықылас: «Шыңырау» - тыңдау
2. Ж. Қаламбаевтың орындауында Ықыластың күйі: «Қасқыр» - тыңдау, әңгімелеу;
3. Ән: «Мектеп – ана» - үйрену
4. Музыкалық сауат: Қаратау өңіріндегі күйшілік дәстүр
Қызығушылығын ояту. (Сұрақтар арқылы мәлімет алу.)
- Қылқобыз қандай аспап?
- Кімнің суретін көріп тұрсыңдар? (Ықылас)
- Қандай қобызшы күйшілерді білесіңдер?
- Қандай күйлерді білесіңдер?
Бүгінгі өтетін тақырыбымыз: «Қара қобызды сарнатқан Жаппас Қаламбаев» деп аталады.
Слайдпен жұмыс:

Ж. Қаламбаев 1909 жылы 1 – ші қаңтарда Шымкент облысының Созақ ауданына қарасты Талап ауылында өмірге келеді. Қоршаған табиғи көркем өңірі, халықтың бай музыкасы, оның табиғи дарынының оятып дамуына дәрісін тигізді. Жаппастың өнерге деген ықыласы жас кезінен байқалды. Ол жасынан сезімтал, ізденімпаздығымен көзге ерекше түседі. Жаппастың кіші қызы Құндыздың айтуы бойынша: — Әкемнің атасы – Қасымбек он саусағынан өнер тамған кісі болатын, домбырада күйлерді шебер орындайтын, неше түрлі музыкалық аспаптар жасап өзі гармоньмен ән шырқайтын.

Баласының бойындағы өнерге деген құштарлығын байқаған әкесі, өзі жасаған домбырасымен ән – күй үйреткен. Алты жасынан бастап әкем домбыраны шебер меңгеріп ойнайтын, күйлерді бір естігеннен – ақ жылдам жаттап алатын. Ал, әжем – Жібек, күміс көмей әнші, ауыл аймаққа беделді, сыйлы болған адам. Осы атаммен әжемнің өнерге деген сүйіспеншілігі менің әкеме дарыған.
Ж. Қаламбаев ертеде дарынды өнер иелері сал - серілердің музыкасымен сусындап, үлкен жиын – мерекелерге, би – шешендердің бас қосуына, айтыс – тартыстарына қатысып, белгілі халық сазгерлердің өнер дәстүрін меңгеріп халыққа жеткізген. Осы тұрғыда, ол әрқашанда тыңдаушылардың көңілінен шығып, орындаушылық шеберлігін арттыра түседі. Сонымен қатар, Жаппас қазақтың көне қобызын игеруді өзіне мақсат еткен. Ол аз уақыттың ішінде аспапты шебер меңгеріп, белгілі қобызшы атанды. « Менің музыкалық талабымның әрі қарай жалғасуына, ауылымыздан өте қашық емес жердегі Созақ жәрменкесіне қатынасқан халық таланттары, ақын, жыршы, бишілердің әсері тиді» — дейді екен Жаппас.
Ол Қаратау күй мектебінің әйгілі өкілі Сүгір Әлиұлымен кездесіп, Ықылас күйлерін алғашқы домбыра арқылы үйренеді, кейінірек оларды қобызға лайықтап, өзіне ғана тән мәнерімен, техникалық шеберлігі айқын орындаушыға айналады. Сүгір Әлиұлы өзінің қайталанбас күйлерінің әсерлі үнін Жаппастың ішкі дүниесін тербелетіп бойына сіңіре білді. Сөйтіп, оның үлкен музыка әлеміне шығуына ықпал етті. Сондай – ақ Жаппасты қобызшылық өнерінің қалыптасып дамуы үшін оны әрі қарай тұрақты еңбек ету керектілігіне бағыттаушы, қадағалаушысы академик А. Жұбанов болатын.
1934 жылы Алматыда өткен бүкілқазақстандық өнерпаздар слётіне Ж. Қаламбаев қатысып, өзінің орындаушылық өнерімен ерекше көзге түседі. Сол кезде жаңадан ұйымдаса бастаған Құрманғазы атындағы ұлт аспаптар оркестрінің құрамына қабылданып, оркестрдің іргетасын қалаушылардың бірі болып, аспаптық өнерін әрі қарай жалғастырады. Осыған дәлел Б. Ғизатовтың жазған сөздері: «Слётке Қазақстанның түкпір – түкпірінен дарынды домбырашылар, қобызшылар, сыбызғышылар әншілер келіп өз өнерлерін көрсетті. Ғ. Матовтан кейін сахнаға ақ костюмде, аласа бойлы, қобызшы Жаппас Қаламбаев шықты. Қолындағы көпшік тәріздес кішкентай қобызымен ол Ықыластың: «Аққу», «Қасқыр», «Жез киік», «Ерден» «Қамбар» күйлерін нақышына келтіріп орындады. Осы орындаған күйлер арқылы, ол қазақтың кең байтақ даласын бейнеледі. Мұны тыңдаған жұрт қазақ даласының керемет қобызшысы екенін мойындады.
Әйгілі оркестрдің мүшесі ретінде 1967 жылға дейін альт қобызшылар тобының концертмейстері және оркестрдің жеке орындаушысы болып, қылқобызда небір Ықыластың күйлерін сайрата ойнады. Осы ұжымда ол ұзақ жылдар бойы еңбек етіп, 1936 жылы Мәскеу қаласында өткен онкүндік қазақ өнерпаздардың декадасына қатысып, жүлдегер атанды.
Қобызда орындаушылық дәстүрін жалғастырып, оны әрі қарай дамытып, үлкен шеберлікпен ойнайтын аспапшының өнерін А. Жұбанов жоғары бағалап жазады: — Жаппас өзінің қыл ішек тағылған қобызын тартқанда, тірек болу үшін сол құлақтың бірін сол жақ шекесіне тіреп қояды. Оның халық қобызын ұстаудағы түйінінің үлкен акустикалық мәні бар. Ал қобыздың орындауы домбырадан анағұрлым басқа, қиын екенін музыка танушылар жақсы біледі. Онда ойнау скрипкадан да гөрі қиынға соғады. Өйткені қобызда саусақтарды басатын мойны жоқ. Солай бола тұрса да, Жаппас не бір техникалық күйлерді құйқылжытып тартқанда, адам баласының ала алмайтын қамалы жоқтығына таң қаласың.

Жаппастың ойнау ерекшелігі географиялық өмір сүрген ортасына да байланысты. Ол екі өнер мектебін бірдей игерген. Біріншісі – домбыра, екіншісі - қобыз. Екі аспапта да шебер орындаушылық үлгісін танытты.
Үлкен өнер иесі домбырашылар Тәттімбет, Сүгір, Дәулеткерей, Дина, Тоқа, Дайрабай күйлерін қобызға салып орындайтын. Сонымен қатар, Жаппас өзінің ауызекі түрде жаттап алған шығармаларына өзіндік мәнерін, стилін қосқан өнер иесі. Ол орындаушы ретінде қазақтың музыкалық мәдениетіне, күй мен әндеріне жаңашыл ырғақ, мақамында өлшем қосқан шебер күйші. Сол күйлердің образдық әлемін, ойнау тәсілдерін, өрнектеу әдістерін, ойнау техникасын және теріс бұраудағы домбыра күйлерінің даму композициясын қобызға түсіріп, айнытпай орындаған. Мысалы, «Қорқыт», «Кертолғау», «Жез киік». «Бес Төре», «Сылқылдақ». т. б.
Жаппастың ендігі бір кереметтілігі «Аққу» күйін орындағанда қобыз, құстың қанатының суылы мен көркем музыкалық үнін береді. Осы арада қобызшы флажолеттің басқа европалық ысып ойнайтын аспаптарда кездеспейтін бір түрлерін көрсетеді. Оның үстіне трельдер қосылғанда, шын мәнісіндегі аққудың ұшқан қанатының үні құлаққа келеді. Осының бәрін де аспапшы, көбіне сол қолдың саусақтарының техникасы ойнау ерекшелігі арқылы береді. Қобызда мұнымен қатар екі дауысты бір кезде ала береді. Біз бір дауыста әуен жүріп, екінші дауыстың остина толық жүргізуін айтпаймыз. Ол жәй ысып ойнайтын қобызды былай қойғанда, қағып ойнайтын домбырада да адам таңқалатындай хәлде беріледі. Ал Жаппастың орындауында қос дыбыстың екеуі де қозғалады, екеуінде де әуен жүреді. Ішектің мойынға жақын басылуға ыңғайлы болмай, ілулі тұрған қалпында сондай қос дыбысты жүргізе алатын қобызшы, оның орындаушылық техникасы тамаша әсер қалдырады» – деп, оның дарынына баға беріп жазады А. Жұбанов.
Атақты күйші Жаппас Қаламбаев ХХ ғасырдың басында қазіргі Шымкент облысы Созақ ауданында дүниеге келген. Ол 7 – 8 жасынан бастап әкесі Қасымбектен домбыра тартуды үйренеді. Домбырамен қатар, ол қобыз аспабында жетік меңгерген. Қобыз күйлерінің көпшілігін атақты күйші, композитор Сүгірден үйренеді. Қаратау өңірінде күйшілік дәстүрдің жалғасуына Ж. Қаламбаевта өзінің көп үлесін қосты.
Шәкірттері: Гүлнәфис Баязитова, Фатима Балғаева және Болат Сарыбаев.
Сергіту сәті: Күйлерінен үзінді тыңдау, әңгімелеу; «Қасқыр», «Шыңырау»
Тыңдату. күйлеріңнің ырғақ, екпіні қандай?
Біліп ал! «Қасқыр» күйінің шығу тарихы.
Ертеде бір жолаушы келе жатса, соңынан бір арлан қасқыр ілесіпті. Әлгі жолаушы алыста өсіп тұрған бәйтеректің басына шығып алады. Арлан қасқыр ағаштың тұрған жолаушының атын жеп қояды. Бір кезде арлан қасқыр ұли бастайды. Оның ұлыған даусын естіп, жан – жақтан қасқырлар жинала бастайды. Ағаш басындағы жолаушы жан ұшырып, көмекке шақыра бастайды. Бір күндік жерде мал бағып отырған малшының сырттан иті сол жаққа қарай жорта жөнеледі. Сырттан итті көрген қасқырлар жан – жаққа бытырай қашады. Тек арлан қасқыр қозғалмастан жата береді. Екеуі бір – біріне бата алмай арбасып, жата қалады. Ағаштың басында отырған жолаушы: «Не болса де жерге түсейін. Қасқыр итке шапса, көмегімді берейін», - деп ағаштан сырғып түсе бастайды. Ағаштан түсіп келе жатқан адамға бұрылған итке қасқыр оқтай атылып, мойнын бұрап тастайды. Сөйтіп, қасқыр жолаушыға қарамай жөніне кетеді. Сырттан итін іздеп келген малшы да жетеді. Итінің өліп жатқанын көрген жолаушыға: «Неге Айт! Айт!» - деп айтпадың? Егер: «Айт дегенде ол қасқырдың дода – додасын шығарар еді. Менің сырттан итім өлсе де, сенің жаныңды аман сақтап қалды. Енді қайдан тапсаң да, осы итімдей сырттан тауып әкеліп бер»,- дейді. Жолаушы ел аралап жүріп, малшыға сырттан күшік тауып береді.
Ән үйрену. «Мектеп – ана» әнін үйреніп, орындау.
Білесің бе?

Қазақтар қобыз аспабын қастерлі, киелі санаған. Бақсылар адамдарды емдеген кезде қобыз аспабын пайдаланған. Оның сиқырлы үніне сенген. Шанағының ішінде айнасы, темір салпыншақтары бар, ысқышы садақ сияқты иілген. Жер бетінде күйдің пайда болуын да қобыз аспабымен байланыстырады.
Бекіту сұрақтары:
1. Жаппас неше жасынан домбыра тартуды үйренеді?
2. Қобыз күйлерін Жаппас кімнен үйренді?
3. Ол кімнің күйлерін сақтап жеткізді?
4. Ж. Қаламбаевтың шәкірттері кімдер?
Үйге тапсырма. Ж. Қаламбаев, Сүгір, Ықылас жайында қосымша мәлімет жинау, әнді жаттау
Қорытынды. Бағалау.

Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы,
"Т. Ақышұлы атындағы негізгі орта мектеп"КММ
музыка пәні мұғалімі Хасенова Карлыгаш Орынбеккызы

Толық нұсқасын жүктеу
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×