Сайтқа кіру Тіркелу

загрузка...

«ЖЫРЛАЙДЫ ЖҮРЕК»

«ЖЫРЛАЙДЫ ЖҮРЕК»
Мақсаты: Ақиық ақынның өмірінен мағлұмат беру, өлеңдерін мәнерлеп оқу, Мұқағали поэзиясының кең таралуына және оның шығармаларын сыры неде екенін таныту, ақын өлеңдерін оқи отырып, адамгершілікке, шындықты айта білуге, адалдыққа, әдемілікке, әніне эстетикалық ләззат ала білуге, ізденімпаздыққа тәрбиелеу. Ата - аналарды оқушылармен бірігіп жұмыс жасауға, мектеп +ата - ана болып баланың тәрбиесіне дұрыс көңіл бөлу.
Көрнекілігі: шарлар, қанатты сөздер, ақынның ойлы бейнелері, слайдтар, интерактивті тақта,
Әдемі: «Арыз жазып кетейін»-(оқу)
1. (Мұқағалиға арналған слайдтар. Ақынның өз дауысымен жазылған өлеңдерін тыңдау )

2. Кешіміздің кіріспе сөзін жүргізушілерге береміз:
3. Кіріспе сөз: Мадина:
Қуат Абайдың тіл күшінен
Жыр жазамын Абайдың үлгісімен
Абай болып табынсам бір кісіге
Абай болып түңілем бір кісіден
Өлмеу үшін, құлқынды жемдеу үшін
Мен - дағы өлең жазбаймын ермек үшін
Жаздым үлгі жастарға бермек үшін
Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін –
Деп Абайды үлгі тұтып, сөз құдіретін танытқан, айбынды ақынымыз Мұқағали Мақатаевқа бүгінгі кешімізді арнамақпыз.
4. Амина:
Жыл керуені алға жылжыған сайын Мұқағали Мақатаевтың артына қалдырған өшпес мұрасы жарық жұлдыздай жарқ етіп, күн сәулесін шашып тұрғандай сезіледі. Абаймен үндес Мұқағалидей перзенті бар халық – шынымен бақытты халық. Мұқағали ақиық ақын. Әр жас талантты ұрпақ осы Мұқағали ақынның өлеңдерінен сусындайтыны анық. Өзі айтқандай «Жазылар естеліктер мен туралы» дейді ақын. Жарық дүниедегі аз ғұмырын мәңгілікпен жалғасатынын ақынның сезімтал жүрегі сезген сияқты.
5. Мерей:
Ия, ақын туралы естеліктер жазылып жатыр уақыт өткен сайын Мұқағали ақынның тұлғасы ақиқат пен аңызға айналған. Оның поэзиясы – халқымыздың байлығы. Ол халқымен бірге биіктеп, бірге жасайтын ақын. Ендеше дүлдүл ақиық ақынымызға арналған «Жырлайды жүрек» атты сайысымызды бастаймыз. Сайысымыз бірнеше бөлімнен тұрады:
1. Поэзия минуты (ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқу)
2. Көрініс. (АҚЫН ӨМІРІ НЕМЕСЕ ӨЛЕҢІНЕН САХНАЛЫҚ КӨРІНІС)
3. «Мұқағали әлемі» (өмірінен естеліктер оқу)
4. Ақынға арнау (ақынға арналған өлең шығару )
5. «Білгенге маржан» (сұрақтарға жауап беру)
6. Құлақтан кіріп бойды алар.
Сайысымызды сараптау үшін әділқазыларды сайлап алайық:
1.
2.
3.
Ендеше сайысымызды бастайық:
1. Поэзия минуты (оқушылар ақын өлеңдерін мәнеріне келтіре оқиды) Өлеңді мәнерлеп, образға кіре оқу, дауыс ырғағын келтіру, эмоциясын көрсете оқу, тіл тазалығы талап етіледі.
2. Көрініс. (Бұл бөлім үй тапсырмасы, яғни оқушылар ата - аналарымен бірге ақын өмірінен, шығармаларынан көрініс қояды)
3. «Мұқағали әлемі» (Ақынның өмір жолынан ата - аналар оқушыларға үлгі боларлықтай естеліктерді айтып береді)
4. Ақынға арнау. (Оқушылар және ата - аналар ақынға арнап шығарған өлең - арнауларын оқиды). Өлең жолдарының ұйқасы, мағыналы, мәнді болу керек.
5. «Білгенге маржан»
1. Мұқағали ақынның туған күні, айы, жылы.
1931 жыл 9 ақпан
2. Мұқағалидың әкесінің аты
Сүлеймен
3. Ақынның әжесі кім?
Тиын
4. Ақынның азан шақырылып қойған аты кім?
Мұқаметқали
5. Ақынның ақын досы кім?
Шәміл
6. Мұқағалидың сөзіне жазылған әндерді атаңыз?
.........................................................
7. Ақынның жары
Шашын Әзімжанова
8. Мұқағалидың поэмаларын атаңыздар
Аққулар ұйықтағанда.......................................................
9. Ақынның прозалық шығармасын атаңыздар
«Қош махаббат»
10. Ақынның шешесінің аты
Нағиман
6. Құлақтан кіріп бойды алар
«Есіңе мені алғайсың», «Сәби болғым келеді», «Әке», әндерін орындаймыз.
Қорытынды:
Қарасаз, қара шалғын өлеңде өстім
Жыр жазсам, оған жұртым елеңдестің.
... Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев
Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім.
Ия, өлең өлмейді. Ендеше оны жазған ақын да өлмейді. Ақынның өлеңін еңкейген қарттан тәй-тәйлеген баласына дейін біледі десек қателеспеген болар едік. Арыз жазып кеткен ақынның артына із қалдырған сөздері жүрегімізден орын тапты. Мұқағали мұрасы – халық қазынасы.
Мұқағали поэзиясы әрбір мезгілмен бірге, әр ұрпақпен бірге мәңгілік жасай береді деп ойлаймыз. Соның дәлелі ретінде ақынның сөзіне жазылған «Үш бақытым» әнімен кешімізді аяқтаймыз.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала бақша, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертеңгілік, математика, орыс тілі, презентация, сабақ, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, технология, тәрбие, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, әдебиет, әдебиеттік оқу

Барлық тегтерді көрсету