Сайтқа кіру Тіркелу

Ұлттық теңге

Жамбыл облысы, Тараз қаласы,
Мектептен тыс жұмыс және балалар шығармашылық орталығының
қосымша білім беру педагогы Танрибергенова Жанат Рахимбаевна

Сабақтың тақырыбы: Ұлттық теңге.
Мақсаты: бүлдіршіндерді ұлттық теңгемен таныстыру.
Білімділік: ақшамен жұмыс істеудің алғашқы дағдыларын түсіндіру.
Дамытушылық: баланың шығармашылық, логикалық ойлау қабілеттерін, қиялын, танымдық процестерін дамыту.
Тәрбиелік: түрлі әдіс - тәсілдерді пайдалану арқылы байқампаздыққа, жылдамдыққа, өзін көрсете білуге, бірлікке тәрбиелеу.
Әдістері: ой қозғау, миға шабуыл, түсіндіру, сұрақ - жауап, дидактикалық ойындар, қорыту, бағалау.
Көрнекілігі: монеталар, қағаз ақшалар, дүкенде ойынына байланысты суреттер.
Күтілетін нәтиже: өтілген материалдарды есте сақтау, өз білімін көрсету, тапсырмаларды орындай алу, алғашқы экономикалық түсініктерін қалыптастыру.

Жаңа сабақ.
- Балалар біз қай республикада тұрамыз?
- Біздің Отанымыз Қазақстан Республикасы.
Әр елдің өзінің төл ақшасы болады. Қазақстанның да «теңге» деп аталатын өзінің ұлттық ақшасы бар. Сонымен қатар көрші елдердің де өз ақшаларының өз атауы бар екен. Мысалы Қырғыз елінің ақша бірлігі «сом», Ресей халқында «рубль», Америка Құрама Штаттарында «доллар», Қытай елінде «юань» деп аталады.
Қазақстан «рубльдік» зонадан 1993 жылы қараша айында шықты, 1993 жылы 15 қарашада ұлттық валюта «теңге» болып енгізілді.
Қазақ елінің төл теңгесі қағаз ақша және монета түрінде болатындығын айтып түсіндіру. Әрбір монеталардың ( 1 теңге, 2 теңге, 5 теңге, 10 теңге, 20 теңге, 50 теңге, 100 теңге), қағаз ақша ( 200 теңге, 500 теңге, 1000 теңге, 2000 теңге, 5000 теңге, 10000 теңге) екендігі айтып түсіндіріледі.

Күнделікті өмірде адамның қажетіне жұмсалатын заттардың барлығын ақша жұмсай отырып, тіршілік жасаймыз. Мысалы, дүкенге барсақ міндетті түрде қалтамызда ақша болуы керек. Әмиянымызда ақша болуы үшін ата - анамыз тынымсыз жұмыс істейді. Ата - ананың үмітін ақтау үшін, біз балалар сабағымызды өте жақсы оқуымыз керек.

«Дүкенде» ойыны. (Слайдтан көрсету)
Мақсаты: бүлдіршіндердің сандарды қосу, азайтуды қаншалықты меңгергендігін анықтау, есептеу дағдыларын жаттықтыру.
Слайдтан ( доп, көлік, конструктор, кітап, қуыршақ, айна) суреттері мен заттың бағасы жазылып көрсетіледі.
- Дүкендегі ең қымбат зат қайсысы?
- Ең арзан зат қанша тұрады?
Ал балалар мынау әмиянның ішінде көптеген монеталар бар. Сол ақшаларды мен сендерге беріп отырамын, қажет деп тапқан заттарыңды дүкеннен сатып аласыңдар.
Әр сатып алынған заттың бағасымен қатар қайтарылатын ақша туралы түсіндіріледі.

Дүкенде ойынынан көрініс.
1 - бала. - Сәлеметсіз бе!
Сатушы: - Сәлеметсің бе!
1 - бала: - Маған 2 теңгеге дәптер беріңізші?
Сатушы былай дейді:- Балақай сенің жасың нешеде?
Бала: - Менің жасым алтыда. Енді мен мектепке барамын.
Сатушы: - Жарайсың! Сен маған 5 теңге бердің, мен саған неше теңге қайтаруым керек екенін білесің бе?
Бала: - Әрине, білемін. Маған 3 теңге қайтаруыңыз керек.
Сатушы: - Тамаша! Сау бол!
Бала: - Сау болыңыз!

2 - бала: - Сәлеметсіз бе!
Сатушы:- Сәлеметсің бе!
Бала: - Маған кітап қажет еді. Кітап неше теңге тұрады?
Сатушы: - Кітаптың бағасы 5теңге болады.
Бала: - Мінекей, алыңыз, менде 10 теңге бар.
Сатушы: - Кітап алғаныңа қарағанда ақылды бала екенсің.
- Маған айтшы, мен саған қанша теңге қайтарамын?
Бала: - Маған 5 теңгені қайтарасыз.
Сатушы: - Мінекей, ақылды бала деген осы шығар. Сау бол!
Бала: - Сау болыңыз!
3 - бала: - Сәлеметсіз бе!
Сатушы: - Сәлеметсің бе!
Бала: - Маған 1кг күріш пен 1л сүт беріңізші.
Сатушы: - Күріштің кг - мен сүттің л - мен өлшенетіндігін қайдан білесің?
Бала: - Мұның барлығын ұстазым үйретті.
Бала: - Күріш, шекер, арпа, бидай, сусымалы заттарға жатады. Оларды біз кг - мен өлшейміз. Ал сүт, айран, шырындар, қымыз, шұбат мұның барлығы сұйық заттарға жатады. Сұйық заттардың барлығы л - мен өлшенеді.
Сатушы: - Сүт пен күріштің бағасы 11 теңге болады.
Бала: - Мінекей, алыңыз, менде 15 теңге бар.
Сатушы: - Ақылды болған қандай жақсы. Сау бол!
Бала: - Сау болыңыз! Рахмет.
Сабақты қорыту:
- Сонымен балалар, бүгін біз қандай тақырыппен таныстық?
- Қазақстанның ұлттық валютасы қалай аталады?
- Дүкенде ойыны сендерге ұнады ма?

Бағалау: сабаққа жақсы қатысқан балаларды мадақтау және бағалау.
Үйге тапсырма: қағаз ақша мен монеталарды жаттау.

Толық нұсқасын жүктеу
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Ақша туралы мақал-мәтелдер

Ақша туралы мақал-мәтелдер

Адам болам десең, арыңды ақшаға сатпа. Ақшаның жайын жарлыдан сұра, Адамның жайын арлыдан сұра....
«Достық» шағын сауда орталығы - сюжетті – рөлдік ойыны

«Достық» шағын сауда орталығы - сюжетті – рөлдік ойыны

Балаларды ойын барысында бірнеше әрекеттерді логикалық бірізділікте байланыстыру, ойын жағдайына кіру, өзіне рөл алып, ойын аяғына дейін рөлге сәйкес...
20 тг, 50 тг, 100 тг монеталар

20 тг, 50 тг, 100 тг монеталар

Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Айтиев селосы, Айтиев бастауыш мектебінің мұғалімі Танатарова Шолпан Каратаевна...
Ұлттық теңге - ұлт мақтанышы

Ұлттық теңге - ұлт мақтанышы

Мұғалім сөзі: Еліміздің ұлттық валютасы теңгенің шығу тарихын әрбір қазақстан азаматы білуі тиіс. Себебі халықаралық экономикада, еліміздің қаржы...
Математикадан 1-сыныпқа арналған тапсырмалар

Математикадан 1-сыныпқа арналған тапсырмалар

Математикадан 1 - сыныпқа арналған кеспелер 1. Бұтақта 10 торғай отыр еді. 6торғай ұшып кетті. Нешеуі қалды?...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×