Сайтқа кіру Тіркелу

Балалармен бірге танымдық тәжірибе жұмыстары

Білім беру саласы: Қатынас
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Айналамен танысу
Сабақтың тақырыбы: «Балалармен бірге танымдық тәжірибе жұмыстары»
Мақсаты: Су туралы, білімдерін кеңейту, судың қасиетімен таныстыру, іс – тәжірибе жасауға қызығушылығын арттыру. Суға қамқорлық жасауға үйрету.
Білімділік мәні: Балаларды судың қасиеттерімен таныстыруды жалғастыру ( дәмі жоқ, иісі жоқ, белгілі пішінді болмайды, түссіз, жақсы еріткіш болып табылады).
Дамытушылық мәні: Себеп салдарлық қатынастарды белгілеу дағдыларын қалыптастыру арқылы балаларға судың мөлдір болатындығы жайлы, суда тірі ағзалардың өмір сүре алатындығы туралы түсінік беру.
Тәрбиешілік мәні: Сүйіспеншілік пен қызығушылықтарын арттыру, суға деген ұқыптылығын тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: слайд; тәжірибе жұмысына арналған заттар; су құятын тәрелке, стақан, сіріңке немесе тіс шұқығыш, жұмыртқа, тұз, лимон қағаз.
Алдын - ала жұмыс
Қандай суды ішуге болмайды?
Қандай суды ішуге болады?
Әдіс – тәсілдер:
1. Су тақырыбына әңгімелесу.
2. Судың қасиетін анықтау, тәжірибе жұмыстары
3. Су туралы тақпақтар, ырым, тиым сөздер.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Шаттық шеңбер.
Күннің көзі ашылып,
Көке шуақ шашылсын.
Құтты қонақ келіпті
Төрімізге еніпті
Амандасу үлкенге.
Тәрбиенің басы ғой.
Ал қанекей, бәріміз
Сәлем дейік үлкенге
Сәлеметсіздер ме апайлар!
Балалар қош келдіңдер зертханаға. Балалар бүгінгі сабағымыз біздің ерекше болайын деп тұр, өйткені сендер біз бүгін өткен сабақтағы сияқты зертеу, бақылау жұмыстарын өткіземіз. Біз зертеу жұмысын бастамай тұрып мен сендерге жұмбақ жасырамын. Сол жұмбақтың шешуін тапсаңдар біз соған байланысты тәжірибе жасаймыз.
Жұмбақ:
Кескен болам, кесілмейді, кесілсе де бөлінбейді. (Су)
Дұрыс таптыңдар, енді сол суға байланысты кім тақпақ біледі.
Сылдырлайды мөлдір су
Мөлдір суға қолыңды жу
Жусаң сен әрдайым
Аппақ бетің маңдайың.
Тәрбиеші: Тыйым сөз, мақал – мәтел, жұмбақтар білесіңдер ме?
Жұмбақ шешу
Аяғы жоқ, қолы жоқ
Бірақ тыныш тұрмайды.
Санамасаң – қорын тек,
Барша тіршілік қурайды. (Су)
Тыйым сөз
Ыдыстағы суға аузыңды батыруға болмайды.
Су турлы тағы не білесіңдер?
Мақал – мәтелдер:
1. Сусыз өмір жоқ.
2. Судың да сұрауы бар.
- Су сөйлей алама? (Сылдырлайды, ағады, сарқырайды, құяды)
- Судың қандай қасиеті бар (су жылғадан ағады, мұз болып қатады, теңіз болып толқиды, ауаға бу болып ұшады.
- Судың дәмі бар ма?
- Судың дәмі жоқ.
- Судың иісі бар ма?
- Судың иісі жоқ
- Судың түсі жоқ, ол мөлдір.
- Балалар су туралы көп білесіңдер екен енді біз қазір сендермен сол су арқылы тәжірибе жасаймыз.
Тәрбиеші:
1. Тәжірибе Стақандағы суға шикі жұмыртқаны саламыз ол түбіне батып кетеді. Стақаннан жұмыртқаны алып тастаймыз.
2. Тәжірибе Стақандағы суға 2ас қасық тұзды салып шикі жұмыртқаны саламыз, жұмыртқа батпай судың бетінде тұрады.
3. Тәжірибе Тәрелкедегі суға сіркені немесе тіс шұқығышты күн шашуға ұқсатып саламыз, ортасына рафинад қантты қоямыз. қант пен сіркеміз күнге ұқсайды. Қантты алып тастап ортасына бір тамшы езілген сабынды құямыз, сол кезде ортада жиналған сіркеміз жан-жаққа кетеді.
Сергіту сәті:
Күн болып жанайық
Мөлдір су болып ағайық
Гүл болып жайнайық,
Терең – терең деп алып,
Жүгіріп – жүгіріп алайық.
4. тәжірибе тәрелкеге жарты лимонды қысып лимон қышқылы қанша болса сонша су құямыз. Ақ қағазды алып мақта таяқшасымен лимон қышқылын қағаз бетіне ұнайтын сөздерді жазу. Қағазды үстел үсті шамымен кептіріп сөздерді оқу.
5. Тәжірибе 2 стақан біреуінде су, екіншісі бос болады. Стақанда суға кактельдің түтігін салып бас бармақпен басып тұрамызда, екінші стақанға әкеліп саламыз сол кезде түтікшеден су ағады. Осылай қайталап екінші стақанға суды құйып алуға болады. Түтікшенің басынан бас бармақпен баспасаң су ақпайды. Көрсеткен тәжірибелерді балалар өз алдарында қайталайды.
Қорытынды:
Балалар біздің жасаған тәжірибенің бәріне судың көмегікерек болды сондықтан мен былай аяқтағым келіп тұр.
Су – өмірдің көзі деген сөзді айтқым келіп тұр.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×