Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

«Сүйікті ойыншық»

Білім беру саласы: "Шығармашылық"
Бөлімі: Мүсіндеу
Тақырыбы: «Сүйікті ойыншық»
Мақсаты:
Білімділігі: Балалардың ойыншықтар туралы білімдерін кеңейту.
Дамытушылығы: Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелілігі: Ұйымшыл болуға тәрбиелеу.
Әдісі: Сұрақ - жауап, әңгімелеу.
Көрнекілік: Қуыршақ, доп, ермексаз, тақтайша.

Кезеңдер Тәрбиешінің іс - әрекеті Балалардың іс - әрекеті

Мотивациялық қозғаушы Армысың ашық аспан!
Армысың Жер Ана!
Армысыз, апай!
Армысыздар, балалар!
Балалар, біз сендермен қазір ойыншықтар әлеміне барамыз! Кәне, көзімізді жұмамыз. Кім немен барады? Аманай, сен немен барасың? Байтұрсын, сен немен барасың? Көзімізді ашамыз! Мінекей, біз ойыншықтар әлеміндеміз!

- Балалар қараңдаршы бұл әлемде ойыншықтар өте көп, олар қандай әсем, әдемі ойыншықтар. Балалар мынау қандай ойыншық?
- Доптың пішіні қандай?
- Түсі қандай?
- Доптың қимылы қандай?
- Қане бәріміз допша секірейікші?

Балалар шеңбер құрып, тәрбиешінің сөзін қайталайды.
Балалардың жауаптары. Машинамен, автобуспен, самолетпен, поезбен.

- Доп
- Домалақ.
- Түсін айтады.
- Секіреді

Балалардың іс - әрекеттері. Балалар қайталайды.
Іздену ұйымдастырушы
- Қыз балалар көбіне қандай ойыншықпен ойнайды?
- Дұрыс айтасыңдар. Қуыршақпен
Ал мына қуыршақ бізбен амандасқысы келіп тұр. Балалар қуыршақтың әдемі шашы, әдемі көйлегі бар екен.
Қуыршақтың көйлегінің түсі қандай? Қуыршақ қалай жүреді?
- Кім қуыршақты қалай ұйықтататынын көрсетеді?
Қараңдаршы, қуыршақтың қолында хат бар екен! Не жазылып тұр екен? Оқимыз ба?

Хат: Балалар, сендер маған сүйікті ойыншықтарыңды мүсіндеп беріңдерші!
Балалар мүсіндеуді бастамас бұрын біз сиқырлы доп арқылы ісімізді бастаймыз.

Балалардың алдына(доп, машина, қуыршақ) қойып қоямын.
1. Ермексазды жұмсартқызу;
2. Бөлшектерге бөлгізу;
3. Бөлшектерді домалатып қоянның басын жасатып, шымшып екі құлағын жасату
Сергіту сәтін ұйымдастыру: Бейнеролик.

Ұзын құлақ сұр қоян,
Естіп қалып сыбдырды
Ойлы қырлы жерлермен
Ытқып ытқып секірді.

4. Ермексазды есіп, сопақша денесін жасату.
5. Төрт кіші бөлшектерді естіріп, аяқ, қолын жасату.
6. Бөлшектерін біріктірту
Балалар, енді жасаған ойыншықтарыңды қуыршаққа көрсетеміз. Қуыршаққа өте ұнады.

Енді балалар, біз өз балабақшамызға қайтамыз. Кәне, есімізге түсіреміз, кім немен келді, сонымен қайтамыз
Рефлексивті коррекцияландару
Балалар, біз бүгін сендермен қайда бардық?
Біз бүгін не істедік?
Сендердің ойыншықтарын өздеріне ұнады ма?
Жарайсыңдар, балалар! Өте өнерлі бала екенсіңдер.

Күтілетін нәтиже:
Ұғынады: Ойыншықтар түрлерін анықтайды.
Түсінеді: Ойыншықтардың аттарын атап шығады
Қолданады: Ойыншықтармен ойын ойнау, ойыншықты мүсіндеу.
Кері қайту
Загрузка...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мұқағали Мақатаев, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, математика, математикадан сабақ жоспары, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету