Сайтқа кіру Тіркелу

Ондық және жай бөлшектерге амалдар қолдану

Шығыс Қазақстан облысы,
Аягөз ауданы, «Горный ЖББОМ» КММ
Жағыпарова Арай Бақытқызы

Математика 5 - класс
Сабақтың тақырыбы: Ондық және жай бөлшектерге амалдар қолдану.
Сабақтың мақсаты: А) Ондық және жай бөлшектерге амалдар қолдану арқылы білімдерін тиянақтау, есеп шығару дағдыларын дамыту, жетілдіру, шыңдау;
Ә) Адамгершілікке, ұқыптылыққа, шапшаңдыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелеу;
Б) Өзбетімен, топпен жұмыс жасауға, алған білімдерін жүйелей білуге дағдыландыру.
Сабақтың типі: Жаңа білімді бекіту
Сабақтың түрі: Ойын сабақ
Оқыту әдісі: Топтастыру, сұрақ - жауап, іздендіру, ойын түрлері.
Сабақтың көрнекілігі: Слайдтар, асық, арқан, таратпа қағаздар, нақыл сөз.

Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру
ІІ. Білімдерін тиянақтау
1) «Бәйге»
2) «Теңге ілу»
3) «Ханталапай»
4) «Ақсүйек»
5) «Арқан тартыс»
ІІІ. Қорытындылау
ІҮ. Үйге тапсырма беру.
Сабақтың барысы:
І. Оқушыларды түгендеп, сабақ мақсатымен таныстыру.
ІІ. Білімді тиянақтау
1) «Бәйге» Бұл ойынның шартында жүйрік сәйгүліктер жарысады. Ал, сендердің бәрің де білімдісіңдер. Ендеше аламан бәйгеге қатысайық. (Есептер толық нұсқасында)

2) «Теңге ілу» Бұл ойын ептілікті шыңдайтын сайыс. Ат үстінде шауып бара жатып, жердегі теңгені іліп алулары керек. Ал сендер мына жатқан «алтын» теңгелердің бірін алып, оқулықтағы соған сәйкес мысалдарды талдап, тақтаға орындайсыңдар. (Есептер толық нұсқасында)

3) «Ханталапай» бұл ойынның шарты бойынша шашылған асықтарды кім көп жинаса, сол бала ұтқаны. Қазір мен асықтарды шашамын, кімге қандай нөмірлі асық келсе, соған сәйкес есепті шығарады. (Есептер толық нұсқасында)

4) «Ақсүйек». Бұл ойынды айлы түнде көңіл көтерген жастар сүйекті лақтырып, оны іздеу арқылы ойнаған. Ал, біз бұл ойынды есепті шығарып, жауабын іздеп табу арқылы ойнап көрейік.
№860 (Есептер толық нұсқасында)

5) «Арқан тартыс» ойынның негізгі шарты екі топтың күш сынасуы болып табылады. Ал, біз білімдерімізбен сынасамыз.
№861 (Есептер толық нұсқасында)

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×