Сайтқа кіру Тіркелу

Ұстаз туралы өлеңдер

Ұстаз
Мұз жамылып жатпасын деп қыста мен —
жылы жел боп маңдайымнан сүйіп ең.
Бір ғажайып құзар - шыңды нұсқап ең,
Өзіміздің Алатаудай биік ол...

Сен бір үлкен өзен едің мол сулы,
толқыныңның жалы жатыр Ай қағып,
Мен — жас бұлақ, үйретіп ең толқуды,
келем әлі белгісіздеу сайда ағып.

Шомылып мөлдір өзенге,
сергіп те қап ем оянып,
жауапты бір кезеңге,
Келіп те қаппын таянып.

Ғажайып қырлар гүлденген,
қызылды - жасыл боялып.
Бояуы кеппеген күндерден,
Қуанып қалдым ой алып.

Болмайтын сынды тоқталсам,
жетпейді ақыл - қиялым:
Күйдірем нені — от болсам,
су болсам — қайда құямын?

Уақыт қуып барады —
асығып келем, асығып.
Сырыңдай мына даланың
ашылып келем, ашылып.
Жұмекен Нәжімеденов

Жас ұстазға тілек
Талабыңмен танып білген ілімді
Қолдандың да, ұстаз болдың бүгінгі.
Жүрегіңді білім - нұрға билетіп.
Жүрсің - дағы шәкіртке сыр үйретіп.

Жалқаулық пен еріншектік танытпай,
Жауһар білім іздетесің жалықпай.
Жетелетіп ізгілікке қадамын,
Жүрегіне білім құйдың баланың.

Келмесең де жасқа - дағы кемелді,
Еткен еңбек көпшілікке еленді.
Тек өзгелер қызығумен қарайды,
Бәйге - сында шаң қаптырдың талайды.

Өз ойыңмен ақыл - білім өлшеттің,
Шәкіртті де ізіңе ерген көрсеттің.
Біле білсек, ұға білсек жайыңды,
Көпке еңбегің қазірден - ақ жайылды.

"Жас - іске" деп, білім жолға сен келдің,
Жаңа заман бағдарын тез меңгердің.
Ғасырыңның құралы да шындығын
Саған ашты - қолыңда ойнап тұр бүгін.

Шындығында, маманысың сен істің,
Қазірден - ақ тәжірибеңді бөлістің.
Сен бүгінгі жас ортаның өкілі,
Ізденуің - жемісіңнің кепілі.

Табыстарың табыспенен жалғасты,
Әр шәкіртің ғылымменен сырласты.
Сен оларға білім нұр боп ашылдың,
Ұстазысың алға апарар ғасырдың.

Талаптыға тағылады дүйім сын,
Дос сүйініп, дұшпандарың күйінсін.
Жая берсін қанат қағып өркенің,
Осы бақтың жығып алма желкенін!

Бағдарына айнала алған баланың,
Жас ұстазға үміт артты заманың.
Өзің жайлы берілетін баға көп,
Сен бүгінгі нағыз ұстаз - педагог!
Ғабиден Қожахмет

Ұстаз
Ұстаз деген ұлы адам,
Шәкірттерге діні адал.
Қызың деп біл бұл мені,
Өлеңмен жыр құраған.

Мәртебелі мерейлі бәрің маған,
Өздеріңнен білім тек қабылдағам.
Шәкірттерің шынайы түсінеді,
Түсінеді жүрекпен жаныңды адал.

Білім нәрін жүрекке ұллатқан,
Өздеріңді есіме жиі аламын.
Өздеріңдей мейірбан ұстаздарды,
Жер шарын мың айналсам табалмаспын.

Біліммен жүректерге гүл ектіңдер,
Ғылымның қыр - сырынан сыр шерттіңдер.
Ұстаздықты өмірге серік еткен,
Ұстаздарды шәкірттер ренжітпеңдер!

Ұстаздар, ұлағатты арай бағым,
Баршаңа шын жүректен ән арнадым.
Көңілден бүгін мына күй боп тұнған,
Қабыл ал сырлы өлеңді сыйға ұсынам.
Гүлсана Тілеубекова

Зейнеткер ұстаздарға арнау
Ғасыры жас, заманы асқақ өрендер,
Әр сат сайын жаңалыққа елеңдер.
Әже көрсең, немере бар жанында,
Кешегі ұстаз - осы, ізетпен сәлем бер.

Арман жолмен болашаққа қадам бас,
Сонда қоғам саған да мін таға алмас.
Кешегі ұстаз - салиқалы қарт көрсең,
Бұрыла кет, ілтипатпен амандас.

Болашаққа артып барлық сенімін,
Олар текке өткерген жоқ өмірін.
Мектебімен бірге жылдар жасасып,
Құрметін көрген талай елінің.

Жандар емес босқа уақыт өткерген,
Бар өмірі бала, шәкірт деп келген.
Олар кеше жасай алған ұлылық,
Білім беріп қара тақта, ақ бормен.

Олар сенің атаңды да оқытқан,
Олар сенің анаңды да оқытқан.
Қарайласаң солар жүрген өткенге,
Тәлім алған ағаң - дағы, әпкең де.
Солар айтар, жас көңілің сенбесе,
Саған да ұстаз - осы жандар, ендеше.

Олар да асқақ білім жолын ән қылған,
Тәлім алған талай - талай балдырған.
Жандар олар мағыналы өмірін
Мектебінде шежіре етіп қалдырған.

Бірге жасап өмір - жолда мектеппен,
Өткен талай сынақтардан, өтпектен.
Бүгін, міне, шәкірттері олардың
Өздері ата, өздері әже боп кеткен.

Болашаққа өткеніңмен қадам бас,
Көрінсе де өз заманың саған жас.
Кешегі ұстаз - осы, ізетпен сәлем бер,
Кешегі ұстаз - осы, ұрпақ, амандас.
Ғабиден Қожахмет
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×