Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Жанұяда бақытты болу үшін не істеу қажет

Күн сайын, өткенде ғана үйленген жастар ажырасып кетіпті деген хабар есту үйреншікті жағдайға айналды. Керемет, мөлдір махаббатпен үйленіп, 3 айдан кейін ажырасып жататындар енді ешкімді таң қалдыра қоймайды. Айналамызда алғашқы күнгідей бір - біріне ғашық, бақытты жандар күн сайын азаюда. Бақытты отбасын құру үшін төмендегі кеңестерге мән берсек, мүмкін ажырасулар саны азаятын ба еді:

— Ерлі - зайыптылар кейде болмашы нәрсеге ұрысып - керісіп жататыны сөзсіз. Ондай кезде ең маңыздысы жұптардың тым қатты ашуланбауы, шектен аспауы және күтпеген әрекеттер жасамауы қажет. Егер жұбайыңыз ашулы болса, сіз жұмсақ мәміле жасаңыз, көңілін жайландыруға, ашуын басуға тырысыңыз. Кері қайтарылмайтын сөздер мен іс - әрекеттерден сақтаныңыз!

— «Бір ұрыс кезінде маған дауыс көтерді» деп сіз де ұрысудан сақтаныңыз! Ұрысумен ешнәрсе шешілмейді.

— Егер дауласудан міндетті түрде біреуі жеңу керек болса, зайыбыңыз жеңсін! Махаббаттың билікке таласатын соғыс емес екенін ойлап әрекет етіңіз!

— Ешқашан бұрынғы жасаған қателіктерін зайыбыңызға қайта - қайта айтып есіне түсірмеңіз! Бүгінге дейін ешкім өткенді кері қайтара алмаған және ескіні түзете алмаған.

— Не үшін үйленгеніңізді ұмытпауыңыз керек. Қуаныш пен қайғыңызды бөлісу үшін, өмірден екі есе артық ләззат алу үшін үйленген жоқсыз ба?

— Сөздеріңіздің болымды, сүйіспеншілікке толы және салмақты болуына мән беріңіз! Әйтпесе ешнәрсеге жарамайды.

— Бір жоспар құрған кезде жұбайыңызбен ақылдаспасаңыз, оның пікірін сұрамасаңыз немесе жора - жолдастарыңызға одан да артық уақыт бөлсеңіз, қате жолда жүрсіз деген сөз.

— Күніне ең аз бір рет өмірлік жарыңызға әдемі сөз айтыңыз! Жұбайыңыздың сізден әдемі сөзді естіген кезде қандай бақытты болатынын байқадыңыз ба?

— Қателік жасасаңыз қатеңізді мойындаңыз және кешірім сұраңыз. Қателік жасауыңыз дүниенің соңы емес. Бәрінен маңыздысы – қате жібергеніңізді түсінуіңіз.

— Үйдегі тыныштықтың ең негізгі қағидаларының бірі — сырттағы адамдармен қалай сыпайы және жақсы мәміледе болсаңыз, ең болмаса соның жартысын жанұяңызға көрсетуіңіз!
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала-бақша, балабақша, балабақшаға арналған, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертеңгілік, математика, математикадан сабақ жоспары, презентация, сабақ, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, технология, тәрбие, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, әдебиет, әдебиеттік оқу

Барлық тегтерді көрсету