Сайтқа кіру Тіркелу

Қарахан мемлекеті

Тарих 7 сынып
Сабақтың тақырыбы: Қарахан мемлекеті
Зерттеу сұрағы: Неліктен Қарахан мемлекеті ислам дінін мемлекеттік дін деп жариялады?
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 6. 3. 1. 4. Тарихи ұғымдарды қолданып, Қарахан мемлекетіндегі жер иелену ерекшеліктерін түсіндіру.
Сабақ мақсаты: Барлық оқушылар: Xғ.- XIIIғ. басындағы мемлекеттердің жер иеленудегі жаңа атауларды игереді.
Оқушылардың басым бөлігі: Олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын түсіндіреді.
Кейбір оқушылар: Мемлекттің ішкі және сыртқы саясатын сипаттайды.
Бағалау критерийі:
Қарахан мемлекетіндегі жер иелену түрлерін сипаттайды.

Тілдік мақсаттар:
Оқулықтан Қарахан мемлекетінің ислам дініне оң өзгерістер әкелгені жайлы мәтіннен ақпарат алады (оқылым).
Электрондық оқулықтан Қарахан мемлекеті туралы ақпарат тыңдатып, саяси - әлеуметтік құрылымы мен жер иеленудің ихталық жүйесі туралы баяндайды (тыңдалым).
Қарахан мемлекетінің құлау себептерін түсінд3ріп. дәптерге түсіреді(жазылым).

Сабақтың басы:
Естігенімді ұмытамын
Көргенімді есіме сақтаймын
Өзім істегенімді меңгеремін.
(Қытай данышпаны Конфуз - цы.)
Оқушыларды мемлекеттердің атымен 3 - топқа бөлемін:
(түркештер, қарлұқтар, қарахандықтар)
Үй тапсырмасын тексеру:
1 - топ: Сөзжұмбақ шешу
2 - топ: Сәйкестендіру тесті
3 - топ: Толықтыру тесті «смайликтер арқылы бағалау».
Тапсырма 1. Электронды оқулықтан Қарахандықтар мемлекетінің құрылуы мен жер аумағын көрсету.
- Бұл суреттен не көріп отырсыңдар?
- Көріністі сипаттаңдар?
- Бұл көрініс туралы білетіндерің бар ма?
- Бүгінгі сабағымызда сендер не туралы білгілерің келеді?
Оқушылармен бірлесе отырып, сабақтың мақсатын анықтап алу.
Сонда бүгінгі біздің тақырыбымыз не туралы деп ойлайсыңдар.
«Шапалақтау» арқылы бағалау.
Тапсырма 2.«Бұрыштар тәсілі» арқылы «Неліктен 999 жылы Қарахандықтар Орта Азиядағы Самани мемлекетін талқандады да, өз билігін Әмударияға дейін жүргізді. Бұл өзен қай мемлекеттердің арасындағы шекара болды» деген сұрақтың мүмкін деген төрт жауабын сыныптың төрт бұрышына орналастырамын. Оқушылар өздерінің болжаулары бойынша дұрыс деген жауаптың тұсына барып тұрады. Таңдаған жауаптарын дәлелдеу үшін топтарға топтасады.
«Бас бармақ әдісімен бағалау».

Тапсырма 3. Оқулықпен жұмыс. «Аялдама» әдісі арқылы мәтінді жекелей, жұппен, топпен оқып топта талқылау.
1 - топ: Саяси - әлеуметтік жағдайы.
2 - топ: Ислам дінінің қабылдануы.
3 - топ: Мемлекеттің құлауы.
«Бағдаршам» әдісі арқылы бағалау

Шығыс Қазақстан облысы,
Тарбағатай ауданы, Қабанбай ауылы
К. Төгісов атындағы мектептің
тарих пәні мұғалімі C. Канагатова
Қарахан мемлекеті. жүктеу
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×