Сайтқа кіру Тіркелу

Қазақ тілінен диктанттар жинағы

Ақсақ киік
Басқалардан оқшау қала бастаған жаралы киік оқ тигеніне қарамастан, шоқақтап келеді. Құс сияқты қанаты болмаса да, жерден биік көтеріле алмаса да, жас киік әлі ширақ көрінеді. Бірақ киік пен шапқан аттар аралығындағы қашықтық бірте - бірте қысқара түсті.

Кедей ауылдың сыртында ойнап жүрген топ бала бұл көрініске таңырқай қалыпты. Киіктер көзден таса болып, қуғыншылар әбден көрінбей кеткенше, топ бала аттылар соңында қалған бозғылт шаңның сүреңіне қарады да тұрды.

Әсіресе, топ ішіндегі баланың жасы онға жаңа келген қыз бала әлгі көріністерге зер сала қарады. Жас болғанмен, оның жүрегінде әлдебір аяныштың ізі қалып қойғандай еді. (90 сөз)

Тоқсан би мен Құнанбай
Құнанбай аға сұлтан кезінде Бөжей, Байдалымен араздасып, Омбы қаласына айдалып бара жатқанда, Керей елінің атақты биі Тоқсанның үйіне қоныпты. Қонақасы жеп, бимен түні бойы әңгімелесіп, ертеңіне атқа қонып Құнанбай жолға түсіп кетіп бара жатқанда, Тоқсан би Құнанбайдың артынан айқайлап, «Құнанжан, аттың басын қайта бұрма, өзің мойныңды бұр», — деп, былай депті:

Тұманның арты жұт болар,
Тұмаудың арты құрт болар.
Заңдасып босқа қайтесің,
Заңшылдың түбі сот болар.
дегенде, Құнанбай:
Тұманның арты жұт болып қайтер дейсің,
Қопадан қоныс алған соң.
Тұмаудың арты құрт болып не қылар дейсің,
Тәңірім шипа салған соң.
Заңшылдың түбі сот болып қайтер дейсің,
Алтынды пұттап алған соң, — деп жүріп кетіпті. (100 сөз)

Бала Шоқан
Қыс ортасынан былай Шоқан орыс тіліндегі әдебиет кітаптарын құныға оқитын болып алды. Бірақ ондай кітаптар Шоқан қолына көп түсе бермейді. Әсіресе корпус кітапханасында әдебиет кітаптары жоқтың қасы. Ал аздаған кітаптар рота балаларының қолынан босамайды. Оның өзін де кезек күтіп, әрең дегенде қолдарына түсіреді. Осы кітаптардың әсерінен болар. Шоқан мен Григорийдің ізденгіш ойшыл мінездері өздерінің сыныптарындағы көп балаларға әсерін тигізіп, кітап оқу, ілім іздену балалар арасында жақсы өрістеді. Соның арқасында Шоқан бастаған сыныптың балалары озық, тәртіпті сыныпқа, үлгілі оқушылар атына ие бола берді. (82 сөз)
(С. Бегалин)

Сәбит Мұқанов

Сәбит Мұқанов — атақты жазушы. Ол Орынбордағы рабфакты 1926 жылы бітіреді. Сәбит 1935 жылы Мәскеудегі Қызыл профессура институтының әдебиет бөлімін бітіргеннен кейін «Қазақ әдебиеті» газетінің редакторы болып істейді.

С. Мұқановтың өлеңдері 1922 жылдан бастап жариялана бастайды. Оның «Сұлушаш» поэмасы, «Ботагөз» романы, «Өмір мектебі» трилогиясы, «Шоқан Уәлиханов» пьесасы тағы басқа көптеген шығармалары бар. Сәбит шығармалары әлемнің 50 шақты тіліне аударылды.

Алматыда С. Мұқановтың әдеби - мемориалдық мұражай үйі, жазушының атымен аталатын көше бар. (70 сөз)

Аға сұлтан – Құнанбай

Аға сұлтан болып тұрған жылдары Құнанбай Қарқаралы қаласына мешіт - медресе тұрғызады. Өзінің қол астындағы ауылдардың үлкен - кішісін сол мешіт - медресеге тартады. Жас балаларды оқытып, мұсылмандыққа, имандылыққа баулиды. Жасы жетпістен аса бастағанда ел басқару, билікті балаларына тапсырып, өзі Меккеге қажылыққа барады. Қазақ елінен өзге мұсылман жұртынан түсіп, қонып тұрсын деп, өз қаражатына Меккеден «Тақия» деген тұрғын үй салдырады. Сөйтіп, сол кезден бастап көптеген келім - кетім мұсылмандардың сауабын алады. (67 сөз)

Мұң

Өткен он айдың ішінде мен бірнеше шабуылда болдым. Өлімді тіпті көп көрдім. Жақын жолдасыңның қиналып барып жан тапсыруын көруден ауыр не болады дейсің. Ол - жаныңа жаны қосылған досыңның өлімі, ол - тізе қосып бірге алысқан жолдасыңның өлімі.

Жауды мен аямаймын, оның өліміне ішім қынжылмайды: өйткені, мен адамды емес, адам бейнелі айуанды қырып жүргенімді жақсы білемін. Ал енді қасында ғана қызыл әскерше киінген қыршын жас өліп жатқанда жүрегің қатгы ауырады, құрбылар! Осы ғажап қырғын, сұрапыл алыс үстінде жаныңа сүйеу болатын нәрсе: біздің жігіттер ерлерше өліп жатыр деген берік сенім. Олардың өлімінде де өмір бар! (99 сөз)

(Ғ. Мүсірепов)

Арпалыс

Аңылжыған айдала. Терістіктен темірдей қарып ызғырық жел еседі. Жападан - жалғыз. Шалқасынан жатыр. Бүкіл ту сырты тұтаса мұздап, тұрайын десе, тұра алмайды. Өзіне не болғанын білмейді. Аттан жығылған деуге сынған, мертіккен ештеңесі жоқ сияқты. Бірақ, тұла бойы ап - ауыр.

Жып - жылы бірдеңе маңдайын қайта - қайта сипалайды. Бұл не болды екен? Жүгенін сылдырлатып, қасына кеп, жылқы қайыратын шара көз шабдар айғыры жұп - жұмсақ еріндерімен мандайын ұйпалап, иіскеп тұрғаннан сау ма? Жоқ, әлде… Бірақ, олай болуы мүмкін емес. Ол ешқашан бұның маңайына бүйтіп жақындап көрген жоқ. Тек анадайдан анда - санда ғана бір жылжып қоятын. Ал, қазір… Қасына келгендей… Маңдайынан сипағандай. Құлағына бірдеңе деп күбірлегендей. (100 сөз)
(Ә. Кекілбаев)

Жолда

Күн шайдай, ашық, жылы еді. Аспанда бұлт жоқ. Жел де жоқ. Хамит жалғыз, бір ескілеу жолмен келеді. Айнала қалың иірім - иірім орман. Бойлап, таласа, жарыса шыққан қайың мен қарағай және әредік қалың қайың, қарағаймен жарыса шыққан теректер де көрінеді. Қайың мен терек ағаштардың жапырақтары сарғылт тартып, сарғая бастаған.

Хамит төңірекке қарап, қалың жылқысын түстеп түгендеген жылқышыша, ағаштарды аралап келеді. Иірім - иірім орманның ара - арасы — далаң - далаңқай ашық. Далаңқай жердің шөптері бурыл тартып бозарған. Кейбір шөбі, шалғыны қалың жерлер шабылған. Әр жерде, анда - санда үюлі тұрған шошақтар көрінеді. Кей жерлерде қыстаулар бар. Қыстау маңында жайылып жүрген мал. (95 сөз)
(С. Сейфуллин)

Диктанттар жинағы 1 қарау
Диктанттар жинағы 2 қарау
Диктанттар жинағы 3 қарау
Диктанттар жинағы 4 қарау
Диктанттар жинағы 5 қарау
Диктанттар жинағы 6 қарау
Диктанттар жинағы 7 қарау
Диктанттар жинағы 8 қарау
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Қазақ тілі 10 сынып. Диктант

Қазақ тілі 10 сынып. Диктант "Ағайындар"

Сабақтың мақсаты: а) Балалардың есте сақтау қабілетін дамыту, өз ойын еркін жеткізе білуге, сауатты жазуға дағдыландыру. ә) Мұқият тыңдап, ұқыпты...
Диктанттар мен мазмұндамалар жинағы

Диктанттар мен мазмұндамалар жинағы

Диктанттар мен мазмұндамалар жинағы 5 – 6 - сыныптар үшін «Қазақ тілі» пәнінен типтік оқу бағдарламасына сай құрастырылған. Әр сыныпқа ғылымдық және...
«Абай жолы» роман - эпопеясының қысқа мазмұны №6

«Абай жолы» роман - эпопеясының қысқа мазмұны №6

Күн түске жетпей - ақ Бақанас бойы қайнап, шыжып кететін. Абай, Оспан, Смағұл және басқа балалар Бақанас суына шомылып жатыр. Қастарына Тәкежан...
«Абай жолы» роман - эпопеясының қысқа мазмұны №1

«Абай жолы» роман - эпопеясының қысқа мазмұны №1

Абайдың жасы 13 - ке тақалды. Орыс мектебінде 3 ай оқымай, ауылға қайтсын деп әкесі Байтас және Жұмабай деген кісілерді жібереді. Ауылға үш күндік...
Сәбит Мұқанов

Сәбит Мұқанов

Сәбит Мұқанов (1900-1973 жж.) Сәбит Мұқанов – қазақ әдебиетінің аса көрнекті қайраткері. Сәбит Мұқановтың туған жері қазіргі Солтүстік Қазақстан...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×