Сайтқа кіру Тіркелу

Әдебиетте өнердің бір саласы

Солтүстік Қазақстан облысы
Қызылжар ауданы
Шаховское орта мектебі
қазақ тілі мен қазақ әдебиеті мұғалімі
Рияпова Толқын Алпысбайқызы

1-тоқсан 1-сабақ
Сабақтың тақырыбы: Әдебиетте өнердің бір саласы және оқу пәні ретіндегі сипаты
Мақсаты:1. Оқушыларды әдебиет әлімемен таныстыру, осы уақытқа дейін «Ана тілі» оқулығымен таныс екендіктерін естеріне түсіру ; сөз өнерi-әдебиет пәнiмен, әдебиеттiң құдiретiн, оның адам баласы жаратылғаннан берi бiрге жасасып келе жатқандығын, мәңгiлiк жаңарып, жасарып отыратындығын таныту, ауыз әдебиетiнiң ерекшелiгi, ұлттық сипаты, түрлерi туралы, ақын-жазушылардың өмірбаяндарынан қысқаша болса да мағлұмат алатындықтарын, көркемдегіш құралдар арқылы сөз өнерінің қыр-сырын тануға шақыру; оқушыға жаңа бiлiм беру;
2.оқушылардың көркем әдебиеттi оқуға деген ынтасы мен ықыласын арттыру, ауызекi сөйлеу дағдыларын, сөздiк қорын, логикалық ойлау, дұрыс сөйлеу дағдыларын дамыту;

3.Ауыз әдебиетi, жалпы әдебиет пәніндегі кейiпкерлерi арқыла жақсылыққа, өз халқының әдебиетiн , мәдениетiн дәрiптеуге тәрбиелеу;
Сабақтың түрi: Жаңа сабақты меңгерту сабағы,
Көрнекiлiгi: қазақ ақын-жазушыларының портреттерi, ауыз әдебиетi кейiпкерлерiнiң суреттерi, ертегi, мақал-мәтелдер, жырлар (көркем әдеби кiтаптар).
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңi.
2.Амандасу.
3. Кезекшiмен сұхбат
III. Жаңа сабақ
I кезең
Оқулықпен танысу.
Балалардың тізімін қарап шығу
Балалардың ойларын жинақтау үшін өтілген әңгімелерін еске түсіру.
Жаз бойы оқыған әңгімелерінен үзінді айтқызу.
2.Кiрiспе бөлiм: оқулықтың 3-бетiндегi «Сәт сапар, жас достар!» атты кiрiспе сөздi оқу. сiздер «Қазақ әдебиетi» атты пәндi биылдан бастап оқитын боласыздар. «Әдебиет»- араб сөзi, барлық елде бар дүние.Әдебиет- ол да көркемөнер, сөз өнерi. Бұрынғы өткен заман хикаяларын бiз қайдан бiлемiз? Тарихтан, әдебиеттен бiледi екенбiз. Әдебиет- тарихтың көркем шежiресi, сөз өнерi. Қандай халық болмасын өздерiнiң сөз өнерiнен мақтана алады. Сондай сөз өнерiне сай- қазақ халқы.
Суреттерге қарап отырып бейнелі сөздер табу.

Сұлулықты қандай әсерлі сөздермен жеткізуге болады?
2-кезең. Жаз бойы оқыған шығармаларындағы кейіпкерлерді суреттеп жаздыру.
А) Ертегілер
Б) Аңыз әңгімелер
В) Батырлар жыры
3-кезең Қорытындылау
Жалпы алғанда әдебиет пәнімен достаса отырып, қазақ халқының сөз өнерінің шеберлігіне тәнті болатындықтарына сендіру.
Бағалау.
Үйге тапсырма:әдебиет пәнімен танысып келу.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Қазақ тіліндегі стильдер туралы

Қазақ тіліндегі стильдер туралы

Қазақ тіліндегі стильдер туралы түсінік бере отырып, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру; Түрлі әдістерді пайдалана отырып, балаларды...
Қазақ халқының ауыз әдебиеті (қайталау)

Қазақ халқының ауыз әдебиеті (қайталау)

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік. Оқушылардың ертегілер туралы түсініктерін кеңейту және естерінде сақтау. Халық ауыз әдебиетінің түрлерін қайталап,...
Алдар көсе туралы аңыздар

Алдар көсе туралы аңыздар

Қостанай қаласы, №7 ОМ қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі Ульжебаева Ляззат Кенжебаевна...
Алтайдың Кербұғысы

Алтайдың Кербұғысы

Оралхан Бөкейдің өмірі мен шығармашылығын тануға мүмкіндік бере отырып, олардың бойындағы патриоттық сезімді, эстетикалық талғамды, сөйлеу мәдениетін...
Наурыз өлеңдер, салт өлеңдер

Наурыз өлеңдер, салт өлеңдер

Наурыз мейрамы — өте ерте заманнан бері халықтар тойлап келе жатқан тұрмыстық мереке. Ол парсымыз «Нау-рыз» жаңа күн деген сөзінен шыққан. Бұл...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×