Сайтқа кіру Тіркелу

Асыл сөз қайда?

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Акерке Жанабилова

Тақырыбы: Асыл сөз қайда? Әсия Орынбаева
“Орамжапырақ тобы”
Күздің жайлы бір күні. Берік пен әкесі саяжайға келіп, жұмыс істеп жүргелі бірер сағаттай уақыт болды. Әкесі біресе бұтақтарды кесіп, біресе раушан гүлдерінің түптерін жауып, әлек болып жүр. Дәп бір қыс қазір келіп қалатындай асығуда.

“Сәбіз тобы”
Жұмысқа әрең ілесіп жүрген Беріктің құлқы жоқ екенін байқаса да, ештеңе демеді. Ақыры шыдамы таусылған Берік:
- Әке, мына гүлдерді қымтамасаңыз да жылда өзі өсе береді ғой. Несін әуре боласыз? – деп қалды.

“Пияз тобы”
- Балам, бүгін істер жұмысты кейінге қалдыру – жалқаудың, ұқыпсыздың ісі. Мына гүлдердің түбін аяз бен суықтан қорғамаса, үсікке шалдығып, өспей қалуы мүмкін. Ал мына бойлап өскен жүзім сабағын да топыраққа жасырып, аяздан қорғау керек, - деді.
- Сіз осының барлығын қайдан білесіз? – деді бағанадан бері бей – жай тұрған бала сұраулы жүзін әкесіне бұрып.
“Алма тобы”
- Берікжан, мұның барлығын асыл сөзден үйрендім, - деді әкесі.
- Әке, ол асыл сөздер қайда?
- Ала білсең, өмірде де, кітапта да асыл сөздер, ақыл – кеңестер көп қой. Оны тыңдар құлақ, көрер көз керек, - деді әкесі.

Беріктің әкесі неліктен асығуда
Бұтақтарды кесіп
Раушан гүлдерін түптерін жауып
Қыс келетіндей әлек болып жүр
Саяжайға келіп, жұмыс істеп жүр

Сұрақ – жауап
Мәтіндегі оқиға жылдың қай мезгілінде болған? Неге олай ойлайсың?
Беріктің жалқаулау бала екенін мәтіннің қай бөлімінен байқадың? Неге?
Шынымен, өмір сүруді асыл сөзден үйрену мүмкін бе? Неге олай ойлайсың?
Өзің асыл сөздерді өмірде кімдерден, неден естіп жүрсің? Өз ойыңша асыл сөз деген не?

Мәтіндегі Берікке хат жаз. Ол үшін:
Берік сәлем. т.б.
Сен нешінші сыныпта оқисың?
Саған қай пәндер ұнайды?
Күз мезгілі саған ұнай ма?
Әкенің айтқанын бұлжытпай орында. т. б

Берікке жалқаулық пен ұқыпсыздық жақсы қасиет емес екенін түсіндір. Күз мезгілінде ғана емес, жылдың барлық мезгілінде өсімдікке қамқор болу керектігін айтып жаз.
Сабақты қорытындылау
“Асыл сөз” ұғымына топ мүшелерімен ақылдасып, топтастыру жаса

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×