Сайтқа кіру Тіркелу

Қазақтың ұлттық дастарқаны

Сабақ тақырыбы: «Қазақтың ұлттық дастарқаны».
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Қазақтың ұлттық тағамдарының ерекшелігі мен құндылығын, қазақ халқының қонақжай дәстүрін құрметтеу, тағамдардың жасалу жолдарына түсініктер беру. Оқушылардың тілін дамыту, тыңдай білуді және оймен бөлісуді үйрету, грамматиканы қайталау.
2. Дамытушылық: Қисынды ойлау қабілеттерін, қазақ халқының салт - дәстүрлері арқылы қазақ тілін үйренудің тұрақты қызығушылығын дамыту. Оқушылардың шығармашылығын, ұйымдастырушылық қабілетін дамыту.
3. Тәрбиелік: Қазақтың ұлттық тағамдары туралы, олардың пайдасы туралы айтып, үйрету, мәдениеттілікке баулу. Жанашырлыққа, әдемілікке, тіл мәдениетіне жаңа заман талабына сай тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: Модульдік технология.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивтік тақта. Суреттер.
1. Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
- Сәлемдесу
- Сәлеметсіңдер ме? Отырыңдар.
Біздің әр өткен сабағымыз қуаныш. Ал қуанышта халқымыз не істеген?... Шашу шашқан.
- Шашу дегеніміз не?.... Ол тілек, береке. Бізде береке тілеп, шашу шашайық. (Шашу шашылады).
Кәмпитті жай ғана жемей, менің сұрақтарыма жауап беріңдер.
- Сыныпта кім жоқ?...
- Бүгін нешесі?
- Аптаның қай күні?
Сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру.
2. Жаңа сөздермен танысу:
еда, пища - (дәм)
не попробовав - (ауыз тимей)
гость -(қонақ)
гостеприимство - (қонақжайлылық)
1. Оқушылар берілген сұрақтарға жауап береді.
1. Қазақтың ұлттық тағамдарын ата?(Шұжық, бесбармақ, қазы, қарта т. т)
2. Шұжық ненің етінен жасалады? (қой, сиыр, түйе, жылқы етінен)
3. Сенің сүйікті тамағың не?(...)
4. Қазақтың басты ұлттық тағамы не?(ет)
5. Қымыз ненің сүті?(биенің сүті)
6. Сүт тағамдарын ата?(шұбат, айран, қымыз)
7. Айран ненің сүтінен жасалады?(сиыр сүтінен)
8. Қазы, қарта, жая ненің еті?(жылқы еті)
9. Бесбармаққа ненің етін салады?(жылқы, сиыр, қой, түйе етін)
10. Жылқы етінің қандай ерекшелігі бар?(жылқының еті қатпайды, майы тоңазымайды)
11. Құрт неден жасалады? (сүттен)
2. Берілген сөйлемдерді аудар
Из мясо конины готовят казы, карта, жал. (Жылқының етінен қазы, қарта, жал дайындайды)
Мына сөйлемді аудар:
Творог, курт, масло молочные блюда.(Сүт тағамдары - рімшік, сүт, құрт, май.)
3. Сергіту сәті: Оқушыларды тұрғызып, шамалы бойын жазамыз.
3. Мақал - мәтелдің аудармасын дұрыс айт:
Когда в семье лад, все вкусно подряд. (Тату үйдің тамағы тәтті)
Мақал - мәтелді аяқта:
Ат - адамның қанаты,
(Ас - адамның қуаты)
Қазақтың ұлттық дастарқанында тамақтардың негізгі үш түрі бар. Оларды ата? (ет, сүт, нан тағамдары)
4. Сөйлемдерде дауысты, дауыссыз дыбыстарды толықтырып жаз.
1) Қаза... та ұлт... ық та... амдар ал... ан түрлі.
2) Дастар... андағы д... м, та... амнан а... ыз тимей кетуге болмайды.
1) Тамақ ішуге шақыр... анда, тама... ты к... п күтт... руге болмайды.
2) Қазақта дастар... аннан, д... мнен үлкен н... рсе жоқ.
5. Берілген сөздерді тәуелдеу.
Ұлт, тағам, дастарқан.
4. Үй жұмысы: Диалог құру «Қазақтың ұлттық тағамдары»
5. Қорытынды.
6. Рефлексия:
Сонымен сабақты қорытындылайық:
- Ет тағамдарын атаңдар?
- Сүт тағамдарын атаңдар?
- Нан тағамдарын атаңдар?
- Жылқы, сиыр, түйе не береді?
- Шұжық неден жасалады?
- Ұлттық тағамдарды ата?
7. Бағалау: Тиісті бағаларын қою.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Қазақ халқының тәтті тағамдары

Қазақ халқының тәтті тағамдары

Блум таксономиясы 6 кезеңнен тұрады. Олар: білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау, бағалау. Негізгі мақсаты оқушыны дамыта отырып білім беру. Яғни...
Қазақ халқының десерттік тәтті тағамдары

Қазақ халқының десерттік тәтті тағамдары

Қай халықтың болмасын дастарқаны, сол халықтың тұрмыс салтына, әдет - ғұрпына, тіршілік тынысына орай қалыптасары белгілі. Ғасырлар бойы көшпелі...
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері

Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері

Мақсаты: Білімділік: Оқушылардың дұрыс сөйлеу дағдысын қалыптастыра отырып, сөйлем мүшелерін тұрлаулы, тұрлаусыз мүшеге ажырата білуге үйрету. Білім,...
Менің сүйікті тағамым

Менің сүйікті тағамым

Сабақтың мақсаты: Жаңа сөздермен таныстыра отырып сөйлем құрап, сұраққа жауап беру арқылы тілдерін дамыту. Жаңа сөздерді есте сақтауға жағдай туғызу....
Қазақтың ұлттық тағамдары

Қазақтың ұлттық тағамдары

Сабақтың мақсаты: Ұлттық тағамдар туралы тереңірек мағлұматтар беру, «ой-қозғау» тәсілдері арқылы оқушылардың танымдылықтарын, өз бетімен әрекеттену...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×