Сайтқа кіру Тіркелу

Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем

Грамматикалық тақырып: Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем
Лексикалық тақырып: Тәуелсіздік - тұғырым
Білімділік - қарсылықты салалас сөйлем жайында білім беру, жасалу жолына тоқталу.
Дамытушылық - ойлау қабілеттерін, қиялын дамыту, ой қорытып нақты шешім жасауға үйретіп, өздеріне деген сенімдерін арттыру.
Тәрбиелік - сауатты жазуға, ұқыптылыққа баулу, топпен жұмыс жасап, бір - бірін тыңдай білуге үйрету, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың типі: білік пен дағдыны қалыптастыру
Әдісі: сайыс, түсіндірмелі, практикалық
Көрнекілігі: интербелсенді тақта, смайликтер, ашықхат
Пәнаралық байланыс: тарих, әдебиет
Сабақтың барысы: ұйымдастыру
Сабаққа психологиялық дайындық: оқушылар смайликтер арқылы көңіл - күйлерін байқатады.
Көздеріңді жұмып, денелеріңді бос ұстап іштеріңнен былай деңдер« Мен өзіме сенімді, батыл, ақылды адаммын. Менің қолымнан бәрі келеді және ешнәрседен қорықпаймын.»
Сынып екі топ болып жұмыс жасайды «Қыран», «Тұлпар»

І. Үй тапсырмасын пысықтау 103 - ж
«Қыран» 1, 3 - сөйлем
«Тұлпар» 2, 4 - сөйлем
Пысықтау сұрақтары:
1. салалас құрмалас сөйлем дегеніміз...
2. Мұқағалидың үш бақыты...
3. себеп - салдар салалас жалғаусыз жасала ма?
4. сенің бақытың...
5. ыңғайлас салаластың жалғаулық шылаулары...
6. еркіндік сөзінің синоним
7. себеп - салдар салаластың жай сөйлемдері қалай аталады?
8. сен үшін не қымбат?
9. ыңғайлас салаластың баяндауыштары қалай байланысады?
10. алда келе жатқан Ұлы мереке...

ІІ. Жаңа сабақ
Бүгінгі жаңа сабақта нені білуіміз керек?
1. Қарсылықты салаластың жасалу жолдарын, ережесін
2. Басты құндылығымыз Тәуелсіздігіміз екенін
Бүгінгі жаңа сабақта нені үйренуіміз керек?
1. Өзара жағымды қарым - қатынас жасауды
2. Тәуелсіздік мерекесіне ашық хат жазуды

Мысалы:
1. Қазақ бодандықтың бұғауында аз болған жоқ, алайда намысы өр қазақ арманына жетті.
2. Ата - бабаларымыздың арманына біз қол жеткіздік,- Тәуелсіздіктіктің тұғырын шайқалтпау біздің міндетіміз
Баяндауыштары болымды, болымсыз етістіктерден, қарама - қарсы мәндегі сөздерден болады
Жалғаулықты қарсылықты салаластың арасына үтір(,), жалғаулықсыз қарсылықты салаластың арасына үтір мен сызықша(, -) қойылады.

ІІІ. Бекіту кезеңі
Тақтамен жұмыс
106 - жаттығу /жай сөйлемдерге ойларынан қарама - қарсы мәнді сөйлем ойлап жазу/
1. Жел саябырлаған сияқты,
2. Теңіз тынышталды,
3. Тау астындағы көлдің үңгірі жолдан алыс емес екен,
4. Бұрын бай еді,
5. Көп балалы үйдің шаң-шұңы көп болушы еді,
6. Жаз ортасы болып қалды,

«Иә» мен «жоқ»
Дегенмен жалғаулығы себеп салдар салаластың жалғауы
1991 жылы 16 желтоқсанда Тәуелсіздік жарияланды
Қарсылықты салалас тек қана жалғаулықтар арқылы байланысады
1992 жылы 4 маусымда ҚР рәміздері қабылданды
Қарсылықты салаластың баяндауыштары болымды, болымсыз етістіктерден болады
1993 жылы1 5 қарашада Ұлттық ақша айналымға енді
Жалғаулықсыз қарсылықты салаластың арасына үтір мен сызықша(, -) қойылады
1995 жылы 30 тамызда Конституция қабылданды
Сөйтсе де, әйтсе де, сонда да жалғаулықтары қарсылықты салалас сөйлемнің жалғаулары
1998 жылы Елбасшымыз Н. Ә Назарбаев «Қазақстан - 2030» даму стратегиясын жариялады.

107 - жаттығу
“Қыран” тобы жалғаулықты қарсылықты салалас сөйлемдерді теріп жазады
“Тұлпар”тобы жалғаулықсыз қарсылықты салалас сөйлемдерді теріп жазады
Білсең аларсың...
Ыңғайлас, себеп - салдар, қарсылықты салаластардың жалғаулық шылаулары араласып беріледі, оларды үш тақырыпқа сай топтастырады.
Іздеген жетер мұратқа /қорытынды/
Жасырын конверттегі тапсырма бойынша жұмыс (топтағы барлық бала білгендерін жазады, орталарынан біреуі шығып қорғайды)

ІV. Ашық хат дайындап, құттықтау
Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын!!!
Кері байланыс оқушылар сабақтан алған әсерлерін параққа жазады.
V. Оқушылардың білімін бағалау, смайликтер арқылы
VІ. Үйге тапсырма беру. 1) ережелерді пысықтау
2) «Тәуелсіздік - тұғырым» тақырыбына ойтолғау жазу
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×