Сайтқа кіру Тіркелу

Мазмұндама "Ғарыш айлағы"

Сабақтың мақсаты:
- Оқушылардың ғарыш туралы алған білімдерін бекіту және олардың коммуникативтік біліктілігін арттыру арқылы қазақ тілін сөз мәдениеті талаптарына сай деңгейде дұрыс қолдана білу
- Туған жеріміз туралы оқушылардың ой - өрісін, дүниетанымын кеңейту. Жазба тілдерін дамыту, сауаттылыққа қалыптастыру
- Туған жерді сүйе білуге, байлығын қорғауға, болашақта елімізді өркендетуге қабілетті, білімді жас ұрпақтар тәрбиелеу
Сабақтың көрнекілігі: слайд - презентация, мәтін
Сабақтың түрі: бекіту
Сабақтың әдістері: түсініп оқу, сұрақ - жауап, толықтыру, талдау, баяндау, АКТ
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Сабақтың мақсаты мен міндетін түсіндіру
Мазмұндама "Ғарыш айлағы"
І. Тірек сөздер мен сөз тірркестері
негізі қаланған - основан
қашық болуы - отдаленный
елді мекен - населенный пункт
ұшыру қауіпсіздігі - безопасность полета
жасанды серігі - искуственный спутник
Камчатка түбегі - полуостров Камчатка
иелігіне өтіп - переданная собственность
түскен қалдықтар - останки
ІІ. Оқылым
- Мұғалімнің мәтінді оқуы
Ғарыш айлағы
"Байқоңыр" ғарыш айлағы Қызылорда облысы Қармақшы ауданында орналасқан. Оның негізі 1955 жылы қаланған. "Байқоңыр" ғарыш айлағын салу үшін бұл жердің елді мекендерден қашық болуы, экватор жазықтығына жақындығы, ракета ұшырудың қауіпсіздігі, қолайлы қону факторлары ескерілді.
Байқоңырдың ұшу трассасы Арал теңізінен Камчатка түбегіне дейін созылып жатыр. 1957 жылы Байқоңырдан тұңғыш ғарыш ракетасы сәтті ұшырылды. Ол дүние жүзіндегі ең бірінші Жердің жасанды серігін орбитаға шығарды.
Байқоңыр әлемдегі ең ірі ғылыми ғарыш полигоны болып табылады. Байқоңырдан Күннің, Айдың, Шолпанның алғашқы жасанды серіктері, "Восток", "Восход", "Союз", "Прогресс" ғарыш кемелері ұшырылды.
"Байқоңыр" ғарыш айлағы Қазақстан Республикасының иелігіне өтіп, Ресей Федерациясына жалға берілді. Байқоңыр кешенін пайдаланудың экологиялық зардаптары бар: Қазақстан жеріне жылына 30 - 35 мың тонна улы заттар таралады. Ракеталардан түскен қалдықтар Қарағанды, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарына зиян келтірді.

ІІІ. Тыңдалым
- Мәтінді түсініп тыңдау

ІV. Мәтін мазмұнына жоспар құру
І. Ғарыш айлағы, ғарыш айлағын салу себептері
ІІ. Тұңғыш ракетаның сәтті ұшырылуы
ІІІ. Ең ірі ғылыми ғарыш полигоны
ІV. Байқоңырдың экологиялық зардаптары
ІV. Жоспар бойынша мәтінді оқу
V. Жазылым
VІ. Бекіту кезеңі. Тілдесім
- Сұрақтарға жауап беру
Қорытынды
Бағалау
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×