Сайтқа кіру Тіркелу

Ақпараттық компьютерлік технологияларды қазақ тілі сабағында қолдану қазіргі заман талабы

Ақпараттық компьютерлік технологияларды қазақ тілі сабағында қолдану қазіргі заман талабы
ХХІ ғасыр – білімділер ғасыры болмақ. Білімділерді аялап тербетер, баптап өсірер тәрбие керек.
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев Жолдауында:«Ертеңгі келер күннің бүгінгіден де нұрлы болуына, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білімге ғана тән», - деп атап көрсетті.
Бүгін мектептің алдында керемет бір үлкен міндет тұр: білім беруде жаңа әдіс - тәсілдер енгізу, зерттеулер ашуда, оқытудың, шығармашылықтың әдістемелерін қайта қарау.
Оқушының жеке тұлғасын қалыптастыру, рухани әлемін байыту, сабаққа деген ынтасын арттыру – негізгі мәселелерінің бірі. Сонымен қатар балалардың шығармашылығын дамыту сабақтың оқу материалын терең игеру – ұстаздың педагогикалық шеберлігіне байланысты.
Қазіргі ғылым мен техниканың кең қанат жайған кезеңінде оқыту әдістерін жетілдіру тікелей білім беру жүйесіне де, тұтастай ақпарат технологиясын дамытуға да үлесін қосты.
Ақпараттық технологияларды пайдаланудың негізгі артықшылықтары мынадай:
1. Олар оқушыларға тақырып шеңберінде немесе белгілі бір уақыт аралығында айтылуға тиіс мәліметтер көлемін ұлғайтады;
2. Оқыту жүйесінің көп деңгейлі жетілдірілуі олардың тарамдалуы мен оқу материалының сапасын арттырады.
Оқытудың «Нені оқыту? Қалай оқыту?» деген сұрақтары күн өткен сайын күрделеніп келеді.
Білім ауқымы адам айтқысыз кеңейді, технология дамып, ақпаратты таңдай білу мәселесі алдыңғы қатарға шықты. Ендеше, «Мұғалімге жаңа технологияны ғылыми негізде меңгерту және терең білімді ұрпақ тәрбиелеу» мәселесін өз жұмысына арқау еткен ұстаздың мақсаты төмендегіде болуға тиіс:
Озық тәжірибелерді, түрлі педагогикалық әдістерді, жаңа педагогикалық технологияны ұтымды енгізу және пайдаланудың соңғы нәтижелерін дамыту;
Өз білімін жетілдіру негізінде оқушының жеке тұлға болуына ықпал ету;
Оқушылардың маңызды мәселелерді өздері талдап, қорытындылауына жол ашу.
Бірақ бұл технологияларды біз қалай қолдануымыз керек?
Компьютерді білім беретін бағдарламалық педагогикалық құрал ретінде қарастыру қажет. Яғни, компьютерді тек қана техникалық жағынан қамтамасыз ететін құрал ретінде ғана қолданып қоймай, оқушымен сұхбаттасатын таза білім «сақтаушысы» ретінде қарастырған жөн.
Сонда ғана мультимедиа жүйесі:
қазіргі қоғамды ақпараттандыру жағдайдағы жеке тұлғаны дамытуға арналған міндеттерге сәйкес білім мазмұнын, оқыту әдістері мен ұйымдастыру түрлерін іріктеу әдіснамасын жетілдіруге;
оқушының интеллектуалдық потенциалын дамытуға, өз бетімен білім алу біліктілерін қалыптастыруға, ақпараттық оқу, зерттеу әрекетін ұйымдастыруға;
оқушының оқуға деген қызығушылығын қазіргі кездің кешенді ұсынатын және көру, есту негізінде қабылданатын ақпаратты құбылтып өзгертетін құралдарды қолдану арқылы арттыруға мүмкіндік береді.
Ақпараттық – анықтамалалық бағдарламалар керекті ақпаратты алуға арналған
оқушы компьютер арқылы кез келген ақпарат қорынан керек ақпаратын жинай алады.
Компьютеллік оқу құралдарының бірі – электрондық оқулықтар. Оқулықтарда 5 - 6 тақырыптан құрастырылған. Оқулықтар бойынша оқушы өз бетімен сөздердің жазылуын, айтылуын пысықтап, сөздік жұмысын, диктант, мазмұндама жұмыстарын орындай алады.
Мен 8 - сыныпта «Абай Құнанбайұлы» тақырыбына сабақ өткіздім. Оқушылар компьютерден ақын жөнінде мәліметті тыңдап, ұққандарын әңгімеледі. Тірек суреттер арқылы сөйлемдер құрап, лексикалық тапсырмалар орындады. Сызбалардың көмегімен талдаулар жасады.
Сондай - ақ 7 - сыныпта «Жаз мезгілі – демалысқа қолайлы кез» тақырыбына сабақ өткіздім. Оқушылар монитордан берілген әр түрлі тапсырмаларды қызығушылықпен, ынтамен өздері орындап, тақырып жөнінде білімдерін кеңейтті.
5 - сыныпта «Қыс келбеті» тақырыбына сабақ өткіздім. Оқушылар суретпен жұмыс жасады, монитордан берілген жаңа сөздерді меңгеріп, аударма жұмыстарында пайдаланды, фонетикалық талдау жасады.
Қазіргі кезде ұстаздардың қазақ тілін және әдебиетін оқытуда қолданып жүрген сын тұрғысынан ойлау, деңгейлеп оқыту, дамыта оқыту технологиялары оқушыларды еркін ойлануға, пікір таластыруға, өз көзқарасын ерікті түрде жеткізуде тез ойлануға, жылдам әрі нақты жауап беруге баулитындығы анықталып отыр.
Қорыта келгенде, сапалы білім мен саналы тәрбие ұштасқанда ғана ұлт
тілегін, мемлекет, халық мүддесін ойлайтын жеке тұлға қалыптасады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Г. Абдурахманова коммуникациялық технологиялардың дидактикалық мүмкіндіктері. «Қазақстан мектебі». А., 2006, №3
2. Р. Қ. Жүнісова. «Қазақ тілі сабағында оқушылардың ауызекі сөйлесуін еуростандарт негізінде ақпараттық коммуникативтік технологиялар арқылы дамытуды басқару». Ғаламтор желісі.
3. Ж. Букенева «Қазақ тілін компьютерлік технология арқылы меңгерту мәселелері» Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде. 2009, №6
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Сабақта интернет ресурстарын пайдалану

Сабақта интернет ресурстарын пайдалану

Елімізде білім беру саласында жаңа IT технологияларды қолдану басты мақсат болып отыр. Ол тек қана техникалық құрал емес, сонымен бірге жаңа...
Ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалану

Ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалану

Ақпараттық - коммуникациялық технологияны дамыту - білім берудің бір бөлігі. Соңғы жылдары заман ағымына сай күнделікті сабаққа компьютер,...
Ақпараттық технологиялар – білім беру кеңістігінде

Ақпараттық технологиялар – білім беру кеңістігінде

Ақпараттық технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды,...
Қазақ тілі сабағында ақпараттық технологияларды қолдану

Қазақ тілі сабағында ақпараттық технологияларды қолдану

Ақсу қаласының №4 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі М. Қ. Теміржанова...
Инклюзивті білім берудегі «Аялы алақан» орталығының маңыздылығы

Инклюзивті білім берудегі «Аялы алақан» орталығының маңыздылығы

Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, "№21 жалпы білім беретін орта мектебі"КММ директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Кокенова Еркежан Тлеутаиевна...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×