Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Щ дыбысы мен әрпі

Сабақтың тақырыбы: Щщ дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Жаңа дыбыспен таныстыра отырып оқуға, жазуға үйрету.
Дамытушылық: Ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Әдісі: Түсіндіру, жұмбақ шешу, сөз сөйлем құрау.
Пәнаралық байланыс: Дүние тану.
Көрнекіліктер: Щеткалар, суреттер, географиялық карта, кеспе әріптер.
Өту барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
а) Оқушы назарын сабаққа аудару.
ә) Өткен сабақты еске түсіру.
1. Қандай дыбыспен таныстық?
- Э дыбысымен таныстық.
2. Э дыбысынан басталатын қандай сөздерді білеміз?
Схема бойынша оқу.
ле - ва - тор
Э ки - паж
кс - ка - ва - тор
лектр
3. Э дыбысы қандай дыбыс түріне жатады?
- Дауысты дыбыс.
ІІ. Жаңа сабақ.
"Ой қозғау". Жұмбақ шешу.
Тіс кірлесе тазартар
Киімнің кірін азайтар,
Бәтеңкеңді жаңартар.
Бұл не? (Щетка)
Киімнің болса шаңы бар,
Тазалап оны арылтар.
Қажет заттың аты не?
Басында қандай әріп бар? (Щетка)
Щетка сөзі қандай дыбыстан басталады.
- Щ дыбысынан басталады.
Қане, балалар барлығымыз щ - щ - деп айтып көрейікші, қалай айтылып тұр?
- Дыбысымыз кедергіге ұшырап шығып тұр, олай болса дайыссыз дыбыс екен.
Ал мынау Щ дыбысының таңбасы.
Щ дыбысы қандай дыбысқа ұқсастығы бар?
- Щ - Ш ұқсас.
Айырмашылығы бар ма?
- Щ дыбысының аяғы бар.
ІІІ. Суретпен жұмыс.
- Тақтадан қандай заттарды көріп тұрмыз?
- Щеткалар.
- Щеткалардың бәрі бірдей ме?
- Олардың атқаратын қызметтері әр түрлі.
- Бірі тіс тазартады.
- Бірі киім тазартады.
- Бірі аяқ - киім тазартады.
Ұқыпты, таза жүруіміз үшін осы щеткаларды қолдана білуіміз керек. Деніміз сау болуы үшін тазалықты сақтайық.
IV. Оқулықпен жұмыс.
Оқулығымыздан Щ дыбысын тауып алайық. Оқулығымызда біз көріп отырған щеткалардың суреттері берілген.
Әліппедегі сөздерді тізбектеле оқимыз.
Щетка, ащы, тұщы, борщ.
Бұл сөздерде Щ дыбысы сөздің қай жерлерінде келіп тұр.
- Сөздің басында, ортасында, аяғында.
Барлығымыз әліппедегі мәтіннің тақырыбын оқиықшы.
Балқаш.
Балқаштың не екенін білеміз бе?
- Жоқ.
Олай болса, Балқаш - Қазақстандағы үлкен көл. Ол Республикамыздың оңтүстік шығысында Балқаш - Алакөл ойысында орналасқан. Балқаш көлі Батыс және Шығыс болып екіге бөлінеді. Оның тұздылығы да біркелкі емес. Батыс жақ бөлігінің суы тұщы болып келеді де, шығыс бөлігінің суы ащы болады.
Енді осы мәтінді оқимыз.
Осы мәтінде Щ дыбысы бар сөздер бар ма?
- Ащы, тұщы.
Щ дыбысы сөздің қай жерінде келіп тұр?
- Сөздің ортасында.
Дұрыс - ақ балалар.
Сергіту сәті.
Щеткалар.
Дәптермен жұмыс.
Бүгінгі танысқан Щ дыбысымыз төрт элементтен тұрады.
а) Ɩ Ɩ Ɩ ɤ Щ щ жазып көрсету.
б) Ауада жазу.
в) Дәптерге түсіру.
Қорыту.
"Табиғатқа саяхат".
- Қазір қай мезгіл?
- Қыс мезгілі.
- Қыста табиғат қандай өзгеріске түседі?
- Шана тебеміз.
- Аққала жасаймыз.
Олай болса, біздерде аққала жасайық. Аққаламыз әдемі шығуы үшін әр бөлігінде берілген тапсырмаларды дұрыс орындауымыз керек.
- Аққаланың өзі неше бөліктен тұрады?
- Үш бөліктен тұрады.
1. Щ дыб. басталатын сөздер
I қатар ІІ қатар ІІІ қатар
щетка
щет - ка
2. Осы сөздерге дыбыстық, буындық талдау
ІІ қатар ІІІ қатар
ащы тұщы
а - щы тұ - щы
3. Сөйлем ойла
Сонымен бүгін қандай дыбыспен таныстық?
- Щ дыбысы.
Біздің аққаламыз қалай болып шықты балалар?
- Әдемі, аппақ болды.
- Біз де щетка түрлерін үнемі пайдалансақ әдемі, аппақ, таза болып жүреміз.
Енді балалар, сендер бала - бақшада тазалық туралы жаттаған өлеңдерін бар ма? Кәне кім айтады?
- Үйге бүгінгі өткен Щ дыбысына байланысты сөздерді оқып қайталап келесіңдер.
Бағалау. Әрбір сабаққа жақсы қатынасқан оқушыларға аққала тапсыру.

Ақтөбе қаласы
№32 мектеп - гимназияның
бастауыш сынып мұғалімі
Ахметова Элеонора Дузжасаровна
Кері қайту
Загрузка...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мұқағали Мақатаев, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, математика, математикадан сабақ жоспары, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету