Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Диктант "Ұрпақ-өмір жалғасы" Қазақ тілі 9 сынып

Сабақтың тақырыбы: Диктант
Сабақтың мақсаты:
а) Балалардың есте сақтау қабілетін дамыту, өз ойын еркін жеткізе білуге, сауатты жазуға дағдыландыру.
ә) Мұқият тыңдап, ұқыпты жаза білуге үйрету.
б) Өз ісіне ұқыпты, мейірімді, кешірімшіл болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: қайталау
Сабақтың әдісі: баяндау
Сабақтың көрнекілігі: диктанттар жинағы
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқушылардың зейінін аудару.
Тақтаға бүгінгі күнді жазып қоямын.
б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Ұрпақ - өмір жалғасы

Ең бір саналы тіршілік санатындағы адамның ұрпақ жаюы - сұлулық пен арпалысқа, қым - қуыт күреске, жақсылық пен жамандыққа толы сыр. Әрбір ұлт пен ұлыстың, халық пен елдің әр қилы кезеңдерде ұрпақ қалдырудағы талғамдарында ала - құлалық болғанымен, бәріне ортақ бір түпқазық - ертеңіне деген асқан жауапкершілікке тоғысады. Өйткені, перзент - жеке адамның ғана емес, ұлыс пен ұлттың ертеңі, келер тарихқа барар аманат. бұл - табиғат - ана қалыптастырған әсем де қасиетті құбылыс. Ұрпақ - саналы өмірдің ең басты кепілдігі.

Атам қазақтың ұрпаққа деген көзқарасы да жан шырылына толы. Олай болары - ғасырлар бойы табиғатпен тайталас өрбіген, не қилы заманалар ауыздықпен су ішкен дала тіршілігі ұрпаққа деген қатаң жауапкершілікті қалыптастырады. Толассыз арпалыс үстіндегі тіршілік бауырмалдықты, әрбір ру мен аталықтың, әр шаңырақтың шайқалмай нық тұруын талап етті. Олар шаңырақтың басты мүддесі - ұл тілеген. Ұл - берісі өз үйінің отын өшірмесе, әрісі елге қамқор, жалпақ жұртқа пана. Қазаққа ер бала - ұрпақ, демек, өз өмірінің жалғасы, қала берді, қарт ата - ананың сүйеніші.

Дүниеге қыздың келуі - отбасына енген жаңа нәзіктік пен әсемдік деген сөз. Ағалары, тіпті, ата - анасының өздеріне дейін жаратылысында сезімтал қыз балаға ұнамай қалудан сескенеді, бойларын бұрынғыдан да түзей түсіп, жүріс - тұрыс, іс - қылықтарының бәріне де жаңалық енгізеді, қызға қамқор болады.

(173 сөз.)
Мәтінді бір рет оқып беремін, оқушылар тыныс белгісін қояды.
Үйге тапсырма: Қайталау.
Кері қайту
Загрузка...
Ұқсас жаңалықтар:
Қазақ тілі 9 сынып. Диктант

Қазақ тілі 9 сынып. Диктант "Тоғжан аулында"

Сабақтың мақсаты: а) Балалардың есте сақтау қабілетін дамыту, өз ойын еркін жеткізе білуге, сауатты жазуға дағдыландыру....
Қазақ тілі 10 сынып. Диктант

Қазақ тілі 10 сынып. Диктант "Ағайындар"

Сабақтың мақсаты: а) Балалардың есте сақтау қабілетін дамыту, өз ойын еркін жеткізе білуге, сауатты жазуға дағдыландыру. ә) Мұқият тыңдап, ұқыпты...
Қазақ тілі 11 сынып. Диктант

Қазақ тілі 11 сынып. Диктант "Даланы сағыну"

Сабақтың мақсаты: а) Балалардың есте сақтау қабілетін дамыту, өз ойын еркін жеткізе білуге, сауатты жазуға дағдыландыру. ә) Мұқият тыңдап, ұқыпты...
Қазақ тілі 9 сынып. Диктант

Қазақ тілі 9 сынып. Диктант "Қысқы түн"

Сабақтың мақсаты: а) Балалардың есте сақтау қабілетін дамыту, өз ойын еркін жеткізе білуге, сауатты жазуға дағдыландыру....
Зат есім

Зат есім

Зат есімнің сұрағы, лексика – грамматикалық мағыналары, ұғымдары, құрамы мен құрылысы, түрленуі туралы теориялық білімдерін арттыру. Тәрбиелік:...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Мұқағали Мақатаев, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, математика, математикадан сабақ жоспары, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар

Барлық тегтерді көрсету