Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Мұхтар Шахановтың «Нарынқұм зауалы» поэмасы

Сабақтың тақырыбы: М. Шахановтың «Нарынқұм зауалы» поэмасы
( 2 - сабақ )
Сабақтың мақсаты: а) білімдік: М. Шахановтың өмірі мен еңбектеріне сипаттама бере отырып, поэманың негізгі мәнін ұғындыру, батыр бабамыз Махамбеттің бейнесін ашу;
ә) дамытушылық: Оқушыларға тұңғиық тарихымызды таныта отырып, дүниетанымдарын кеңейту, зерттеушілік қабілеттерін дамыту;
б) тәрбиелік: Оқушыларды отансүйгіштікке, батырлар есімін қастерлеуге, ақын шығармашылығына құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Танымдық сабақ.

Пәнаралық байланыс: Тарих, география, музыка, математика.

Сабақтың әдістері: Сұрақ - жауап, топтық жұмыс, СТО стратегиялары, шығармашылыққа баулу, сатылай - кешенді талдау.
Сабақтың көрнекілігі: Ақындар суреті, кітаптар көрмесі, слайдтар.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен сәлемдесу.
Сабаққа қатысын тексеру.
Жаңа сабаққа әзірлеу.
ІІ. Қызығушылықты ояту.
Сабақтың дәйексөзі: Махамбет есімі – өмірдегі қасіреттің синонимі, өмірдегі
қасиеттің символы.
З. Қабдолов.
(Слайдтан М. Шахановтың суретін көрсету).
• Мына суретте кім бейнеленген?
• Ол қай жерде, қашан дүниеге келді?
• Ақынның қандай өлеңдері бар?
• Біз оның қандай шығармасын өттік?
• Бұл поэманың негізгі тақырыбы қандай?
• Поэмада қандай оқиға баяндалады?
• Әкесі неліктен өз баласын өлімге қиды, бұл дұрыс шешім бе?
• Нарын құмын картадан кім көрсетеді?
• «Зауал» сөзінің мағынасы қандай?
Оқушылар жауап берген соң, поэма мәтіні бойынша жұмыс:
І бөлім: «Махамбеттің соңғы сөзі»
(Бір - екі оқушы мазмұнын баяндап, жатқа үзінді оқиды).
Поэманың осы бөлігін слайдта берілген тарихи мәліметтермен толықтырамын:
1846 жылы Баймағамбет сұлтанның тыңшылары Ы. Төлеев, М. Нұралин, Ж. Боздақов, және Ж. Өтеулин – бәрі бірігіп, Қараойға барып, батырдың басын алады.
ІІ бөлім: «Әке үкімі»
(Үш оқушы шығып, кейіпкерлердің ролін сомдап, шағын көрініс көрсетеді.)
Қатысушылар: Жігіт пен әкесі, автор.
Көріністі Мұхаммед пайғамбардың «Әкенің ризалығы – Алланың ризалығы. Әкенің реніші – Алланың реніші» деген сөзімен қорытамын.
ІІІ. Мағынаны тану:
Бейнетаспадан Махамбеттің «Жұмыр – Қылыш» күйін тыңдатып, бұл күйдің кімнің туындысы екенін сұраймын. Содан кейін осы күйдің ақынның қуғынға ұшырап, ел көзінен жырақ жүрген кезінде туғанын, бірде ақын келіп отырған ауылға Баймағамбет сұлтанның тыңшылары келіп қалып, сондай тығыз - таяң қиын шақта ағайынды Жұмыр, Қылыш деген жігіттер Махамбетті үйіне жасырып, аман алып қалғанын, жігіттердің осы қамқорлығына риза болған ақынның оларға арнап, осы күйін шығарғанын әңгімелеп беремін.
Топтық жұмыс:
І топқа тапсырма: «Топтастыру» - «Махамбет кім?» (Орындап болған соң, 1 оқушы шығып, жұмысын қорғайды)

Сабақтың толық нұсқасын жүктеу
Кері қайту
Загрузка...
Ұқсас жаңалықтар:
Махамбет

Махамбет "Жұмыр қылыш"

Махамбет күйлері арқылы ұлттық сезімін оятып, адамгершілікке, ізгілікке тәрбиелеу. Елін, жерін сүюге, Отан алдындағы өз парызын айқын сезіне білетін...
Өр тұлғалы Махамбет

Өр тұлғалы Махамбет

Қазақ елі ғасырлар бойы аңсаған Тәуелсіздікке қолымыз жетті. Осы Тәуелсіздікке жету жолында талай тарихи өр тұлғаларымыз өмірін қиды. Рухты...
Махамбет өлеңдерінің ерекшеліктері, мәні

Махамбет өлеңдерінің ерекшеліктері, мәні

Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Ә. Молдағұлова атындағы орта мектептің Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жубанова Амангул Ермековна...
М.Өтемісұлының «Тарланым» өлеңі

М.Өтемісұлының «Тарланым» өлеңі

Сабақтың тақырыбы: М. Өтемісұлының «Тарланым» өлеңі Сабақтың мақсаты: Білімділігі: М. Өтемісұлы шығармаларының ерекшелігін түсіндіру, ақын өмір...
Махамбет Өтемісұлы

Махамбет Өтемісұлы "Соғыс"

Атырау облысы,Исатай ауданы, Нарын селосы, жалпы білім беретін Нарын орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бөбек Есмағанбетова...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Мұқағали Мақатаев, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, математика, математикадан сабақ жоспары, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар

Барлық тегтерді көрсету