Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Қозы-көрпеш Баян-сұлу

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 7
Сабақтың тақырыбы: Қозы - Көрпеш - Баян сұлу
Сабақтың мақсаты:
а) оқушыларды «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» жырының көне дәуір мұрасы екендігімен, оның ерекшелігімен, батырлар жырынан айырмашылығы, жыр варианттары, жырды зерттеушілермен таныстыру;
ә) оқушылардың тақырыпқа қызығушылығын ояту, мағынаны танып білуге, ажыратуға, ой толғауға дағдыландыру;
б) Елін, жерін, Отанын сүюге баулу;
Сабақтың түрі: лекция сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, талдау - жинақтау, жобамен жұмыс т. б
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, модульді - блокты жоспар т. б
Пәнаралық байланыс: тарих
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген лиро - эпостық жырын сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Ертедегі қазақ поэзиясында сюжетті әңгімеге құрылған жырлардың бір бөлігі лиро - эпос деп аталады. Егер батырлар жырының басты тақырыбы, күрделі әңгімесі ел қорғау жайы болса, лиро - эпостық жырлардың олардан айырмашылығы - онда көбінесе бір - біріне ғашық болған адамдар жайы, олардың қуанышы мен арман – мұңы, қайғы - шері суреттеледі.
Лиро - эпостық жырдың ішіндегі тақырыбы, оқиғасы, құрылысы жағынан ерекше орын алатын және халық арасында көп тарағанның бірі –« Қозы Көрпеш - Баян сұлу» жыры.
Жыр тек қана қазақ арасында ғана емес, көршілес болған, тұрмыс - салты, тіршілігі ұқсас елдерде де айтылып жүрген жыр.
Жыр көп вариантты болып келеді.
Зерттеуші ғалым
жылы
Қай жерде, кімнен
формалары
Орыс ғалымы
Саблуков
1830
Семейдегі көкпектілік жыраудан
Жазып алған

Ғ. Дербісалин
1834
Омбының губернаторлық Кеңесінде іс жүргізуші болып істеген
Бір үлгісін хатқа түсіреді.
Андрей Фролов
1841
Бұрынғы Аягөз сыртқы окургтік приказының тілмашы
Қазақ ақындарының айтуынан жазып алған.
Ш. Уалиханов
1851
Атақты Жанақ ақыннан
Жазып алады.
А. С. Пушкин

Орынбор жанындағы ауылдарда болып
Естіп жазып алады да поэма етіп жазуды ойлайды.
М. Путинцев
1865
Қазақстанға келіп
Жазып алып орыс тіліне аударады.
Академик Радлов
1870

Бір нұсқасын жазып алады да, өзінің үшінші томына енгізеді.
Профессор Н. Н. Березин
1876
«Түрік хрестоматиясы» кітабында
Бір вариантын жариялайды.
Археолог ғалым Н. Пантусов
1898
Түрік өлкесін зерттеуші
Қозы мен Баян моласын зерттеп, өз кітаптарында бастырған.
Орыс тарихшысы
И. А. Кастанье
1910
Оренбург мұражайында
Он шақты нұсқасына дерек беріп, бір нұсқасын орысшаға аударады.
Советтік дәуірде М. Әуезов
1925
1936

1939
Мәскеуде
Алматыда

«Батырлар жыры»
Бірінші рет басылып шығарылады.
Жанақ айтуындағы нұсқасын шығарады
«Батырлар жыры» жинағына енген.

Өткен ғасырда да, қазір де «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» жыры жайында ғалымдардың бір тобы пікір айтса, ал бір тобы ескі дүниенің ескерткіш белгісі ретінде зерттеген екен.

Зерттеушілердің аты - жөні
жылы
еңбектері
тұжырымдама
С. Сейфуллин
1932
«Қазақ әдебиеті»
Радлов варианты бойынша тоқталады.
С. Мұқанов
1935
«батырлар жыры» туралы еңбегінде
Халықтық сипаттағы жыр екендігін дәлелдейді.
Қ. Жұмалиев
1944
«Қазақ әдебиеті»
Халық жыры
Ә. Марғұлан
М. Ақынжанов
1958
«Қазақ әдебиеті» оқулығы «Қазақ эпосы мен әдебиеті тарихының мәселелері» монографиясында
Жырдың халықтық ортада туындағанын айтады.

Жанақ ақынға тоқталсақ, ол ірі ақын және асқан қобызшы болған. Жанақ өз кезінде жетісу, семей жақтарын көп аралаған, ақындармен айтысқа түскен, үлкен жырлар айтып жүрген.
Жанақ жырлаған «Қозы Көрпеш - Баян сұлу»- халықтық жыр, күрделі шығарма.
Бүгінгі өтейін деп отырған жырдың да ерекшелігі - оқиғаның реалистігі. Қозы мен Баян, Қарабай мен Қодар өмірде болған типтік бейне.
Жырдың өзіне тән ерекшелігі - оқиғаның диалогтік түрде берілуі.
Алдын ала жырды оқып келген екі оқушы мазмұнын айтып береді.

Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
1. Жырдың қандай варианттары бар?
2. Кімдер зерттеген?
3. Жырды неге ғашықтық жырға жатқызамыз?
Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына, сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» жырын оқып, мазмұндап келуге беремін.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
С. Мұқанов «Сұлушаш» поэмасы (әдеби талдау)

С. Мұқанов «Сұлушаш» поэмасы (әдеби талдау)

Сәбит Мұқановтың өмірі туралы мағлұмат бере отырып, жазушының шығармашылық зертханасына үңілу, талдау, «Сұлушаш» поэмасының мазмұнымен танысу,...
Ер Тарғын жыры

Ер Тарғын жыры

«Ер Тарғын» жырының 2 нұсқасы бар. Олардың біріншісі 1862 жылы Қазанда Н. Ильминскийдің Марабай ақыннан жазып бастырған нұсқасы болса, екіншісі В....
Жекпе-жек

Жекпе-жек

1. Білімділігі: Халық ауыз әдебиеті туралы түсінік беру. Халық ауыз әдебиетіне қандай шығармалар жататынын айту. Батырлар жыры туралы түсінік беру....
Алтын қақпа сайысы

Алтын қақпа сайысы

Меңдіқара ауданы, А. Шотаев атындағы Боровской орта мектебінде қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Брянова Айсәуле Есімжанқызы...
Тұрмыс салт жырлары тест

Тұрмыс салт жырлары тест

Қазақ әдебиеті 5 сынып 1 тоқсан. Тұрмыс салт жырлары тест 1. Фольклор дегеніміз - не ? а) халық даналығы б) ауыз әдебиеті в) жазба әдебиеті...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала-бақша, балабақша, балабақшаға арналған, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертеңгілік, математика, математикадан сабақ жоспары, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, технология, туған жер, тәрбие, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, әдебиет, әдебиеттік оқу

Барлық тегтерді көрсету