Сайтқа кіру Тіркелу

Суреттің үзінділерімен жұмыс

Сабақтың тақырыбы: Суреттің үзінділерімен жұмыс
Білімділік – суреттің үзінділерін ерекшелеу. Суреттің үзінділерімен жұмыс тақырыбы бойынша оқушыларға жалпы түсінік беру.
Дамытушылық – оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін, өз беттерімен жұмыс істей алу дағдыларын, сөйлеу шеберліктерін дамыту.
Тәрбиелік – жауапкершілікке, өз бетімен жұмыс істеуге, жұмыс нәтижесіне жетуге, ұйымшылдыққа, жан - жақты болуға
Оқушылар білуі тиіс: PAINT сурет бөлігі түсінігін, бөліктермен орындалатын операцияларды, орындау тәсілдерін, мәтінді баптау мүмкіндіктерін.
Оқушылар үйренуі тиіс: суретті, сурет бөліктерін ерекшелеуді. Суретті көшіруді, жылжытуды, өлшемін өзгертуді. Жазу құралын пайдалануды. Салынған суретті ашуды.
Сабақ түрі: аралас
Сабақ типі: жаңа тақырыпты түсіндіру
Құрал - жабдықтар: ДК, оқулықтар, дәптерлер, презентация, (көзге арналған жаттығу), Paint графикалық бағдарламасы.
Сабақтың барысы
І Ұйымдастыру кезеңі
Амандасу. Оқушыларды түгендеу. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару. Сабақтың мақсатымен таныстыру.
ІІІ Үй тапсырмасын тексеру
«Не білеміз?» ойыны
1. Қисық сызық салғанда неше бүгіліс санын көрсету керек?
А) 2
Ә) 1
Б) 0
В) 4
2. «Дұрыс» фигура салу үшін қандай пернені жібермей ұстап тұру керек?
А) Alt
Ә) Ctrl
Б) Shift
B) Delete
3. Өшіргіштің қандай режимдері болады?
А) Қарапайым және түрлі түсті
Ә) Қарапайым және күрделі
Б) Стандарттық және стандарттық емес
В) Жұмсақ және қатты
4. Жай - күй жолында не беріледі?
А) Инструменттер
Ә) Ағымдағы жұмыс туралы ақпарат\
В) Файлдың аты
В) Файлдың көлемі
5. Жұмыс үстелінің мөлшерін қалай білуге болады?
А) Бастау → Басқару тақтасы
Ә) Paint → Жұмыс үстелінің фоны ету
Б) Бастау → Барлық программалар → Стандарттық → Paint
В) Бастау → Басқару тақтасы → Экранның шешімділігін баптау
6. Көпбұрышты қолдана отырып шеңбер сыза аламыз ба???
А) Сызуға болады
Ә) Болмайды
Б) Тек Shift пернесінің көмегімен ғана салуға болады
В) Адамның мүмкіндігіне байланысты

Сөзжұмбақ
1. Барлық растрлық кескіндер неден тұрады?
2. Paint қандай редактор?
3. Ақпаратты қағазға басып шығаруға арналған құрылғы?
4. RGB (0, 0, 250) кодына қандай түс сәйкес келеді?
5. Суреттің кішкене бөлігін тазалау үшін қандай сайманды қолданамыз?
6. Мәтіндік және графикалық ақпаратты қағаздан компьютерге енгізу құрылғысы
7. Қалаған сызықтарды салуға арналған құрал
8. Ақпаратты енгізу құрылғысы
9. Paint сөзі ағылшын тілінен қалай аударылған?
ІІІ. Білімді өзектендіру
Paint графикалық редакторының қандай саймандарын біз әлі пайдаланбадық?
Бүгін біз «Ерекшелеу» (Выделение) сайманымен жұмыс істейміз, суретке мәтін орналастыруды үйренеміз.
III. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Суретті өзгерту үшін, алдымен оны тұтастай немесе оның қажетті бөлігін – фрагментті ерекшелеп алады.
Ерекшелеу үшін Ерекшелеу сайманы қолданылады.
Суретті тұтастау ерекшелеу үшін Ctrl+A пернелер тіркемесін пайдалануға немесе Ерекшелеу → Бәрін ерекшелеу бұйрығын орындауға болады.
1. Мөлшерді өзгерту – тышқанның сілтемесін сегіз ерекшелеу маркерінің біріне апарып, тышқанның сол жақ батырмасын басып өзгерту.

2. Орнын алмастыру – ерекшеленген фрагментті тышқанның сол жақ батырмасын басып жылжыту, сілтеменің түрі -
3. Тазалау – ерекшеленген аймақ фонның түсімен боялады.
4. Түстерді айналдыру.

5. Көшіру.

Фрагментті көшіру
1 - тәсіл - фрагментті Ctrl пернесін басып жылжытамыз – жеке көшірмесін аламыз.
2 - тәсіл - Фрагментті Srift пернес3н басып жылжытамыз – оның ізі бар көшірмесін аламыз.
3 - тәсіл – фрагментті алмасу буферіне көшіріп, қанша рет керек болса, сонша рет кірістіру. Көшірме алмасу буферінен әрқашан экранның сол жақ жоғарғы бұрышына кірістіріледі.

Мәтінмен жұмыс істеу

Paint - графикалық редактор болғандықтан және мәтінмен жұмыс істеуге арналмағандықтан, суретпен бірге көбіне қысқа және ірі тақырып атаулары, жазба - белгілеулер құрылады.
Мәтін енгізу үшін, Мәтін А сайманын таңдау керек. Жұмыстың бірінші кезеңі – енгізу өрісін құр
ІҮ. Практикалық жұмыс
1 - тапсырма
Paint - те жаңа құжат құрыңдар.
Сурет салудың оңтайлы тәсілін таңдаңдар.

Қазақстан темір жолы Бейнеу - Жезқазған деп жазу
Жұмысты «Электровоз» файлында сақтаңдар.

2 - тапсырма
1. Paint - те жаңа құжат құрыңдар.
2. Мынадай түрдегі сурет салуға арналған рамка дайындаңдар:
3. Paint - ті тағы да іске қосып, Ойыншық файлын ашыңдар.
4. Суреттің мөлшерін рамкаға сыятындай етіп өзгертіңдер.
5. Рамкасы бар құжатқа ауысып, оны ерекшелеңдер және алмасу буферіне көшіріңдер.
6. Рамканы Ойыншық. bmp құжатына кірістіріп, оны фигура ортасына келетіндей етіп орналастырыңдар:
7. Файлды «Рамка» деген атаумен сақтаңдар.

Көз жаттығуын орындайық.(презентация көрсетіледі)

3 - тапсырма
1. Paint - те жаңа құжат құрыңдар.
2. Баптау → Барлық программалар → Microsoft Office → Office құралдары → Microsoftтың бейнебаян ұйымдастырушысы бұйрығын орындаңдар.
3. Пайда болған коллекциялар тізімінен Office Коллекциялары → Безендіру (Оформление) бұйрығын таңдаңдар.

4. Шекараны таңдаңдар және оны алмасу буферіне көшіріңдер.
5. Paint - ке ауысып, шекараны алмасу буферінен кірістіріңдер.
6. Кескін →Бұру бұйрығын пайдаланып, шекаралық сызықтар мен әшекейлерден фоторамка құрыңдар.
7. Paint - ті тағы да қосып және Ойыншық файлын ашыңдар.
8. Суреттің мөлшерін рамкаға сыятындай етіп өзгертіңдер.
9. Рамкасы бар құжатқа ауысып, оны ерекшелеңдер және алмасу буферіне көшіріңдер.
10. Рамканы Ойыншық. bmp құжатына кірістіріп, оны фигура ортасына келетіндей етіп орналастырыңдар.

Файлды Рамка деген атаумен сақтаңдар.

4 - тапсырма
Экранда бөліктерге бөлінген қойдың суретін оқушылар біріктіріп, биылғы қой жылына өздерінің тілектерін жазу.
Ү. Бекіту сұрақтары
1. Егер ерекшеленген фрагменті тышқанның оң жақ батырмасымен шертсек не пайда болады?
2. Суреттің ерекшеленген фрагментін Ctrl батырмасын басып жылжыту қандай бұйрыққа парапар?
3. Сурет алмасу буферінен қайда кірістіріледі?
4. Қандай пернені жібермей ұстап тұрып, «ізі бар» көшірме алуға болады?
5. Ctrl немесе Shift пернелерін басып көшірулердің бір - бірінен айырмашылығы неде?
5. Қандай сайманның көмегімен мәтін енгізуге болады?
6. Мәтіннің түсі қалай таңдалады?

“V”
Бұрыннан білемін
“+”
Жаңа ақпарат
“-”
Түсінбедім
“?”
Әлі де ізденгім келеді

ҮІ. Бағалау:
ҮІІ. Үй тапсырма: Суреттің үзінділерімен жұмыс тақырыбын оқып келу
“Менің елім - Қазақстан” тақырыбына сурет дайындау
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Қарапайым графикалық редакторы. Графикалық редактордың сурет салу кезеңдері ...

Қарапайым графикалық редакторы. Графикалық редактордың сурет салу кезеңдері ...

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға графикалық ақпаратты жасау туралы түсінік беру, графикалық редактормен жұмыс істеуге үйрету; 2. Оқушылардың пәнге...
Суреттің үзінділерімен жұмыс

Суреттің үзінділерімен жұмыс

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға үзінділерді шағылдырып бейнелеуге, бұруға, созуға, еңкейтуге және олармен әртүрлі әрекеттер орындауға...
Paint графикалық редакторы. Практикалық жұмыс

Paint графикалық редакторы. Практикалық жұмыс

С.Датов атындағы № 26 орта мектетің Информатика пәні мұғалімі: Биханова Ж.С....
«PAINT графикалық редакторы» 7 сынып

«PAINT графикалық редакторы» 7 сынып

Сабақтың тақырыбы: «PAINT графикалық редакторы» Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларды графикалық редактор командаларымен, құралдарымен,...
Paint графикалық редакторының құралдары

Paint графикалық редакторының құралдары

Жамбыл обл. Жуалы ауданы. Б. Момышұлы ауылы №1 Г. Орджоникидзе атындағы мектеп- гимназияның информатика пәні мұғалімі Андабекова Құралай Елепбайқызы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×