Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Аппараттық және программалық қамтамасыз етудің диалектикасы

Сабақтың тақырыбы: Аппараттық және программалық қамтамасыз етудің диалектикасы

Сабақ түрі: аралас сабақ
Сабақтың мақсаты: Аппараттық және программалық қамтамасыз етудің диалектикасы туралы түсінік қалыптастыру программалық жабдықтаманың түрлері мен қызметін көрсету.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: аппараттық және программалық қамтамасыз етуді, программалық жүйелермен таныстыру.
Дамытушылық: өз бетімен қорытынды шығарып, ойларын ашық айту және ойлау қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, есте сақтау, тапқырлық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, топта бірлесіп жұмыс жасауға, аппараттық мәдениеттілікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Оқыту әдістері: Жеке және топтық жұмыс, көрнекілік әдістер, сұрақ - жауап, талдау, практикалық жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, электрондық оқулық, бағалау кестесі, слайдтар топтамасы, кеспе парақтар, дербес компьютер, mytest.
Сабақтың өту кезеңдері:
I. Ұйымдастыру кезеңі
II. Үй тапсырмасын сұрау
III. Жаңа сабақты түсіндіру
IV. Практикалық жұмыс
V. Жаңа сабақты бекіту (тест арқылы)
VI. Қорытындылау
VII. Білімдерін бағалау
VIII. Үйге тапсырма
Пән аралық байланыс: «орыс тілі», «ағылшын тілі».
Пайдаланылған оқулықтар мен әдебиеттер тізімі:

Негізгі (Н)
1. Е. Грузин «Информатика»
2. Сапарғалиева Б. Қ. «Информатика»
Қосымша (Қ)
1. С. Симонович, Г. Евсеев, А. Алексеев. Общая информатика. Учебное пособие М.., 2000ж
2. Стив Джонсон, пер с англ. М. А. Голубева -. Microsoft Office 2007/: НТ Пресс, 2009

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
а) Студенттермен амандасу;
ә) Студенттерді тізім бойынша түгендеу;
Бүгінгі сабағымызда «Аппараттық және программалық қамтамасыз етудің диалектикасы» тақырыбы берілген, яғни біз бүгінгі сабақта ақпараттық және программалық қамтамасыз етуді, программалық жүйелермен танысу туралы жалпы түсінік береміз және оларды практикада қолдана білуді үйренеміз.
Бүгінгі сабақта 2 топқа бөліп жұмыс істейміз. Парақшалар таратылады
1 – топ. Программа
2 – топ. Аппарат
Ескерту: Бүгінгі сабақта оқушылар БАҒАЛАУ ШКАЛАСЫ арқылы бағаланады. Әр орындалған қадам бойынша топ мүшелері жинаған ұпайларды белгілеп, қорытынды баға шығарылады.
ІІ. Жеке жұмыс. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі.
Программалау тілдерінің шығу тарихы бойынша өткен тақырыпқа пысықтау жүргізу
Сұрақ - жауап:
7. Программа қандай бөліктерден тұрады?(Тұрақты, айнымалы, процедура, функция)
2. Оператор дегеніміз не? (Жоғары деңгейлі программалау тілінің командасы)
3. ЭEМ дегеніміз не? (Электрондық есептеуіш машина)
4. Команда дегеніміз не? (Компьютер орындауға міндетті әрекеттің өрнектелуі.)
1. Паскаль тілін жасаған кім? (Никлаус Вирт 1970ж.)
5. Паскаль тілінде Char операторы қандай мағананы білдіреді. ( Бір символ )
6. Паскаль тілінде бүтін сандар операторын қалай айтамаыз (Іnteger)
Сематикалық картаны толтыру:
Сұрақ пен дұрыс жауаптың қилысына «+» таңбасын қойыңыз.
№ Сұрақ FORTRAN BASIC Pascal ALGOL COBOL
Ассемблер
1 Ортақ мақсатты жоғары - деңгейлі программалау тілі (1970 ж.) +
2 Жоғары деңгейлік алгоритмдік программалау тілі( 1954ж.) +
3 Бастушыларға арналған көп мақсатты символдық инструкциялардан құралған тіл( 1964 ж.) +
4 ЭЕМ - де математикалық есептеулер жасайтын программалар жазуға арналған тілдердің бірі.(1958 - 60 ж.) +
5 Бизнес - қосымшалар әзірлеуге арналған программалау тілі. (1959 ж) +
6 Мнемоникалық кодтау және физикалық адрестердің орнына символдық таңбалар қолдану арқылы әрекет ететін тіл (1951ж.) +

ІІІ. Жаңа тақырыпты жеткізу кезеңі.

Алфавит
Aa
1 Bb
2 Cc
3 Dd
4 Ee
5 Ff
6 Gg
7 Hh
8 Ii
9
Jj
10 Kk
11 Ll
12 Mm
13 Nn
14 Oo
15 Pp
16 Qq
17 Rr
18
Ss
19 Tt
20 Uu
21 Vv
22 Ww
23 Xx
24 Yy
25 Zz
26

«Аппараттық және программалық қамтамасыз етудің диалектикасы» тақырыбына байланысты сөз шығады - 16, 18, 15, 7, 18, 1, 13, 13, 1 программа - program 4, 9, 1, 12, 5, 11, 20, 9, 11, 1 диалектика - dialectics

Компьютердің дамуы мен модернизациясы бірін - бірі толыктыратын екі бағытта жүзеге асырылады. Ол - аппараттық және программалык камтамасыз ету.
Аппараттық қамтамасыз етудің дамуы
Аппараттық қамтамасыз ету перифериялык кұралдарға қажетті компьютердің электрондық толтырылымын құрайды. Процессор, электрондық платалар, монитор, пернетақта - бұлардың барлығы аппараттық қамтамасыз етуге жатады. Компьютердің заманауи аппараттық қамтамасыз етілуі көлемінің барынша кішіреюіне және өнімділігінің үлкеюіне әкеледі. Мысалы, казіргі ұялы телефондарда компьютердің процессорлары орнатылған.
Программалық қамтамасыз етудің дамуы
Компьютердің ұзақ мерзімді жадында сақталған барлық программалар жиынтығы оның программалық қамтамасыз етуін құрайды. Программалық қамтамасыз ету жан - жақты даму үстінде.
Сонымен катар бекітілген белгілер бойынша жіктеуге қиындық тудыратын дәстүрлі емес программалар пайда болды. Жүйелі программалық қамтамасыз ету дегеніміз - компьютер желілері мен компьютер жұмысын қамтамасыз ететін программалар жиынтығы.
Жүйелік программалық жабдықтама
Компьютер іске қосылған соң, ол жүктелгенге дейін біраз күту керек екенін білесіңдер. Бұл компьютерге жүйелік программалық жабдықтаманы жүктеу үшін уақыт керек екенін білдіреді.
Жүйелік ПЖ – ға мына программалар жатады:
Операциялық жүйе. Ол компьютердің қондырғылары мен программалық жабдықтамаларының жұмысын басқарады. Операциялық жүйені өндіріс орнының директорымен салыстыруға болады. Операциялық жүйе – компьютердің жұмысын басқаратын басты программа.
1. Драйверлер – компьютерге қосылған түрлі құрылғылардың жұмыс істеуі үшін қажетті программалар. Мәселен, компьютерге жаңа принтер қостық делік. Операциялық жүйе осы принтермен жұмыс істеуі үшін оған программа - драйвер керек. Драйверді - құрылғының компьютермен араласу тілі десек болады. Әдетте құрылғылардың драйверлері олармен бірге дискілерге жазылып таратылады.
2. Утилиталар – компьютерге мұрағаттау, дискілердегі ақпараттың бұзылмауын тексеру, қажетті файлдарды іздеу сияқты қызметтер көрсететін шағын программалар.
Қолданбалы программалық жабдықтама
Саны ең көп және алуан түрлі программалар тобы. Қолданбалы есептерді шешуге арналғандарының бәрі қолданбалы программаларға жатады. Ол мәтінмен орындалатын жұмыстар, фотографияларды қарау, Интернет желісіндегі жұмыс болуы мүмкін. Қолданбалы программаларды қосымшалар деп те атайды.
Программалау жүйелері
Жаңа программалар – олар операциялық жүйелер болсын немесе қосымшалар болсын, бәрібір – құру үшін, програмалаушыға арнайы программа керек. Ондай программаларды программалау жүйелері деп атайды.
ІV. Жеке жұмыс. Практикалық жұмыс
Оқушыларға алдын ала таратылып берілген оқушы парағындағы А, В, С деңгейіндегі тапсырмаларды компьютерде отырып орындайды. А деңгей – 5 ұпай, В деңгей – 10 ұпай, С деңгей - 15 ұпай.
V. Тақырыпты бекіту. Бұл кезеңде студенттер бүгінгі алған білімдерін пысықтау мақсатында тест тапсырады.
1. Программалық қамтамасыз ету дегеніміз...?
a) Компьютерде белгілі командаларды орындауға арналған программа түрі
b) Компьютерде қамтамасыз етуге арналған программа жиынтығы
c) Компьютерде белгілі командаларды орындауға арналған программалар жиынтығы.*
d) Белгілі команда
2. Аппараттық қамтамасыз ету перифериялык құралдарына мыналар жатады.....
a) Процессор, электрондық платалар, монитор, пернетақта*
b) Антивирус, архиватор пернетақта, тышқан.
c) Кулер, желдеткіш, дискет, диск
d) Флешка, иілгіш дискет, аналық тақташа
3. Операциялық жүйе -....
a) Мәтінмен орындалатын жұмыстар.
b) компьютердің жұмысын басқаратын басты программа.*
c) Ең көп және алуан түрлі программалар тобы
d) Жадта сақталған барлық программалар жиынтығы
4. Драйверлер дегеніміз -......
a) Компьютерге қосылған түрлі құрылғылардың жұмыс істеуі үшін қажетті программалар.*
b) Мәтінмен орындалатын жұмыстар.
c) Антивирус, архиватор пернетақта, тышқан.
d) Компьютерде қамтамасыз етуге арналған программа жиынтығы
5. Утилиталар дегеніміз -....
a) Құрылғыларды компьютермен араласу тілі
b) Компьютерде белгілі командаларды орындауға арналған программалар жиынтығы
c) Компьютерге мұрағаттау, дискілердегі ақпараттың бұзылмауын тексеру, қажетті файлдарды іздеу сияқты қызметтер көрсететін шағын программалар.*
d) Компьютерге қосылған түрлі құрылғылардың жұмыс істеуі үшін қажетті программалар.
6. Программа дегеніміз -....
a) Магниттік мәлімет сақтауышта (дискіде) файл түрінде жазылып сақталып, жұмыс істеуші адамның командасы бойынша компьютер жадына жүктеліп орындалатын машина тіліндегі нұсқаулар жиыны.*
b) Компьютерге мұрағаттау, дискілердегі ақпараттың бұзылмауын тексеру, қажетті файлдарды іздеу сияқты қызметтер көрсететін шағын программалар.
c) Қажетті файлдарды іздеу сияқты қызметтер көрсететін шағын программалар.
7. Пернетақта дегеніміз.....
a) Компьютерге ақпарат беретін құрылғы
b) Компьютерге ақпарат енгізетін құрылғы*
c) Арнайы операциялар жүктетін құрылғы
d) Меңзерді экранда жылжытуға арналған.
8. Жүйелік ПЖ – ға мына программалар жатады
a) Программа, операциялық жүйе, программа
b) Процессор, электрондық платалар, монитор
c) Компьютер, процессор, монитор
d) Операциялық жүйе, драйверлер, утилиталар*
9. Программалық драйвер не үшін қажет?
a) Операциялық жүйені жақсарту үшін
b) Компьютердегі вирустарды жою үшін
c) Қажетті файлдарды іздеу үшін
d) Компьютерге қосылған түрлі құрылғылардың жұмыс істеуі үшін *
10. Операциялық жүйе жүктеуі қашан болады.
a) Құжатты сақтағанда
b) Компьютерді өшіргенде
c) Программа жүктегенде
d) Компьютерді қосқанда*

VI. Қорытынды
Ал, балалар сонымен бүгінгі сабақта не білдік? Не үйрендік? Қане есімізге түсірейікші? Кім айтады?

1. Бағалау. Әр кезеңдер бойынша баллдарын есептеп, бағалау.
VII. Үй тапсырмасы:
Бұлар кім, кім біледі?

Оқытушы: Махмутова Лаура Абсаттарқызы
Пән: Информатика
Мамандық, топ: 0508000 – «Тамақтандыруды ұйымдастыру», А - 258
Кері қайту
Загрузка...
Ұқсас жаңалықтар:
Программалау тілінің шығу тарихы

Программалау тілінің шығу тарихы

Сабақтың мақсаты: білімділік: программалау туралы мағлұмат беру, программалаудың даму тарихымен таныстыру. дамытушылық: ойлау, сөйлеу қабілеттерін...
Операциялық жүйе ұғымы және оның атқаратын функциясы

Операциялық жүйе ұғымы және оның атқаратын функциясы

Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Оқушылардың операциялық жүйе және оның түрлерін типті операциялық жүйе туралы және оның баптауды, файлдар мен...
Компьютердің негізгі құрылғыларының міндеттері мен мүмкіндіктері

Компьютердің негізгі құрылғыларының міндеттері мен мүмкіндіктері

Сабақтың тақырыбы: Компьютердің негізгі құрылғыларының міндеттері мен мүмкіндіктері. Сабақтың мақсаты: Білімділік: компьютердің құрамына кіретін...
Операциялық жүйелерді баптау

Операциялық жүйелерді баптау

Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы,Қараой мектеп - балабақшасы Информатика пәні мұғалімі Құмарова Айнұр Сұлтанәліқызы Сынып:8 Тақырыбы: Операциялық...
Операциялық жүйе: мәні және оның негізгі қызметтері

Операциялық жүйе: мәні және оның негізгі қызметтері

Операциялық жүйе адам мен компьютердің электрондық құрауыштары және қолданбалы программалар арасында келістіруші қызметін атқарады....
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мұқағали Мақатаев, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, математика, математикадан сабақ жоспары, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету