Сайтқа кіру Тіркелу

Солтүстік Қазақстанның шаруашылық географиясы.

I. Ұйымдастыру бөлімі
II. Үй тапсырмасын тексеру
Солтүстік Қазақстанның экономикалық географиялық жағдайының оң және теріс жақтарын анықтау.
1. Ресейдің Орал, Батыс Сібірь экономикалық аудандарымен шектесуі.
2. Өзен суларының ағыны біркелкі емес
3 Аумағы арқылы ірі темір жол магистральы өтеді
4. Аңазақ желдің болуы
5. Жер бедері жазық
6. Пайдалы қазбалар көп
Сандар сөйлейді
1. 2724, 4 мың. ш
2. 565 мың. шақ
3. 6, 3 адам/км²
4. 91, 5%
5. 1954 - 1956 ж
6. 58%
Терминдермен жұмыс
1. Мамандану дегеніміз не?
2. Шаруашылық дегеніміз не?
Сабақтың тақырыбы: Солтүстік Қазақстанның шаруашылық географиясы. Сарамандық жұмыс№11
Сабақтың мақсаты: Солтүстік Қазақстанның шаруашылығымен танысып, мамандану саласы және қалалары, экологиясы туралы білім қалыптастыру.
Жоспары
1. Өнеркәсібі
2. Ауыл шаруашылығы
3. Көлік кешені
4. Қалалары.
5. Экологиясы
6. Сарамандық жұмыс№11
ӨНЕРКӘСІБІ
ТАУ - КЕН
ҚАРА МЕТАЛЛУРГИЯ
ТҮСТІ МЕТАЛУРГИЯ
МАШИНА ЖАСАУ
Ауыл шаруашылығы
( жаздық бидай өсіру - Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола)
Дәнді дақылдар(сұлы, арпа, күздік бидай, қарақұмық)
Техникалық дақылдар(күнбағыс, зығыр, қыша,)
Азықтық дақылдар(көпжылдық шөптесін өсімдіктер, жүгері, азықтық қызылша)
Мал шаруашылығы(сүтті, етті - сүтті бағытындағы ірі қара мал, қой, жылқы, құс шаруашылығы)
Тамақ өнеркәсібі(ұн тарту, жарма, сүт, май шайқау)
Жеңіл өнеркәсіп(тері, тоқыма, тігін өнімдері)
Көлік кешені
(автомобиль, темір жол, өзен жолы, жүк тасымалы - 20 % автомобиль, 80 %– темір жол, ендік, бойлық бағытта темір жолдар - Трансқазақстан, Ұлы Сібірь, Оңтүстік және Орта Сібірь)
Өндірістік кешендер мен өндіріс тораптары
1. Павлодар - Екібастұз А. Ө. К
2. Ақмола өнеркәсіптік торабы
3. Қостанай өндіріс торабы
4. Көкшетау өнеркәсіп торабы
5. Петропавл өнеркәсіп торабы
Солтүстік Қазақстанның қалалары
1. Астана
Астана – Қазақстан республикасының астанасы. Қазіргі Астана – республиканың маңызды өнеркәсіп және мәдениет орталығы, ірі теміржол және автомобиль көлігі торабы. Мұнда қуатты құрылыс индустриясы дамыған.

2. Петропавл
Петропавл – Солтүстік Қазақстанның әкімшілік, экономикалық және мәдени орталығы. Қалада шағын литражды қозғалтқыштар зауыты мен электроника саласында қолданылатын оқшаулағыш материалдар шығаратын зауыт орналасқан. Республиканың солтүстік қақпасы деп аталады. Жеңіл өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы дамыған
3. Қостанай
Қостанай – облыс орталығы. Мұнда тамақ және жеңіл өнеркәсіптен ет және ұн комбинаты, тігін және аяққиім фабрикалары, жасанды штапель талшықтары зауыты бар. Өткен ғасырдың ортасынан бастап, темір (Соколов - Сарыбай) және (Жітіқара) кенорындарын игерудің нәтижесінде темір жолдар салынып, қала жылдам дами бастады.
4. Көкшетау
Көкшетау – Ақмола облысының орталығы, республикамыздағы өнеркәсіпті, мәдени орталықтардың бірі, Өнеркәсіптің басты орындары машина жасау, тамақ өнімдері мен құрылыс материалдарын шығаруға мамандалған.
5. Павлодар
Павлодар – облыс орталығы. Мұнда энергияны, су мен металды көп керек ететін өнеркәсіп салалары – глинозем - алюминий, трактор және химия өнеркәсіптері бар.
Солтүстік Қазақстан аймағының экологиялық жағдайы (электронды оқулық «Казахстан на карте»)
Табиғаты көрікті жерлері: Шортанды - Бурабай курорттық зонасы, Қорғалжын және Наурызым қорығы, Баянауыл және Көкшетау Ұлттық саябақтары
Солтүстік Қазақстан аймағында қоршаған ортаны қорғау мақсатында мынандай жұмыстар жүргізілуде:
1. Ж. Э. О - 1, ЖЭО - 2 қазандықтарының күл ұстаушылары қайта жөнделуде
2. Көлік құралдарының көп бөлігі газ жанармайына көшті
3. Ескі үлгідегі автобустар ауыстырылып, оның орнына еуропалық стандарттқа жауап беретін автобустар сатып алынды
4. Ауыл шарушылығында химиялық препараттарды қолдануды шектеу немесе олардың табиғи ортада тез ыдырайтын түрлерін шығару
5. Экологиялық таза өнім алу жолдарын дамыту, биологиялық күрес әдісін өмірге ендіру
6. Қазіргі заманғы жетілдірілген агротехниканы қолдану
7. Қалаларды көгалдандыру және абаттандыру жұмыстары бойынша кішігірім саябақтар ұйымдастырылуда.(Арай, Жер - Ұйық, Президент саябағы)
Статистикалық мәліметтер
• 1964 ж. Павлодар алюминий зауыты (ПАЗ) алғашқы алюминий оксидін шығарды
• 1998 ж. Екібастұз ферроқорытпа зауыты салынды
• 1955 ж. Екібазтұз көмір алабы игерілді
• Екібазтұз көмір алабының қоры (10 млрд)
• 1934 ж. Наурызым қорылығы ұйымдастырды
• 1968 ж. Қорғалжын қорылығы ұйымдастырды
• 1985 ж. Баянауыл табиғи ұлттық саябағы ұйымдастырылды
• 1996 ж. Көкшетау ұлттық саябағы ұйымдастырылды
Қосымша мәліметтер
• Соколов - Сарыбай КБК тек бір ғана металл – темір алады. Барлық қалған пайдалы заттар қалдыққа кетеді
• Павлодар химзауыты жұмыс істеген уақыттан бері жерге 900 тоннадай сынап төгілді. Ертісте «жер асты көлі» пайда болды. Қазіргі кезде ор қазылып, топырақпен көміліп, Ертіске төнген қауіп жойылды
“2003 – 2015” жылдарға арналған индустриялы инновациялық даму стратегиясы Қазақстан өнеркәсібінің құрылымын жақсартуға арналған. Қазіргі кезде технопарктер ұйымдастырылуда, кластерлер шығаратын салааралық кешендер жасалуда.
Жаңа ұғымдар
Инновациялық даму – жаңа идеялардың ғылым мен білімнің және жаңа технологияның енуі.
Технопарк – ғылыми институттар мен өнеркәсіптің бірлесіп жұмыс істеуі.
Кластер – дайын өнімдер шығаратын салааралық кешен.
Сарамандық жұмыс № 11
Тақырыбы: Солтүстік Қазақстан.
Қосымша тапсырма. Сәйкестендіру тестісі
АӨК (Аумақтық өндіріс кешендері) мен өнеркәсіп тораптарын олар өндіретін өнімдермен сәйкес орналастырындар
1. Павлодар - Екібастұз
а) боксит өндіру және алғашқы өндеу
2. Ақмола
ә) темір кендерін өндіру және өндеу
3. Қостанай
б) көмір өндіру, трактор, ферроқортпа,
аллюминий шығару
4. Арқалық
в) құрлыс индустриясы, ауылшаруашылық машиналар шығару
Тапсырма №1.
Солтүстік Қазақстан облыстарының әр түрлі табиғат ресурстармен қамтамасыз етілу деңгейін кесте арқылы сипаттау.
Қорытынды:
1. Солтүстік Қазақстан қандай минералды ресурстарға бай болып келеді (оларды ата)?
2. Солтүстік Қазақстанның қай облысы су ресурстарымен жақсы қамтамасыз етілген. Қандай су көздері арқылы.
Тапсырма №2. Кескін картамен жұмыс.
Солтүстік Қазақстанның минералды ресурстарын кескін картаға түсіру
Үйге тапсырма §27.
1. Сарамандық жұмысқа қорытынды жазу
2. Солтүстік Қазақстанның минералды ресурстарын кескін картаға түсіру
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Орталық Қазақстанның шаруашылық географиясы

Орталық Қазақстанның шаруашылық географиясы

Білімділік мақсаты – Орталық Қазақстан экономикалық ауданның ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп географиясына тоқталу, өнеркәсіпті мамандандыру және...
«Салааралық кешендер географиясы» бөлімін қорытындылау

«Салааралық кешендер географиясы» бөлімін қорытындылау

Мақсаты: Отын энергетика кешені, конструкциялық материалдар өндірісі мен химиялық заттар кешені, машина жасау кешені, АӨК, инфрақұрылымдық кешен...
Шығыс Қазақстан

Шығыс Қазақстан

Сабақтың мақсаты: Тақырыптың мазмұнын түсіну, топтық талқылауларға қатысып, өзіндік пікір қалыптастыра білу, бағалау арқылы өз білімінің деңгейін...
Орталық Қазақстанның шаруашылықтың аумақтық ұйымдастырылуы

Орталық Қазақстанның шаруашылықтың аумақтық ұйымдастырылуы

Сабақтың мақсаты: Орталық Қазақстанның өнеркәсіптері, көлік, ауыл шаруашылығы мен экологиялық проблемаларын жайлы білімдерін толықтыра түсу, алған...
СҚО ЭГЖ

СҚО ЭГЖ

Солтүстік Қазақстан облысы, Шал ақын ауданы, Ғалым Малдыбаев атындағы Жаңажол орта мектебінің география пәні мұғалімі Шекенова Күләй Сайлауқызы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×