Сайтқа кіру Тіркелу

Суды қорғау

Тақырыбы: «Суды қорғау»
Мақсаты:
Білімділік: Судың қасиеттерін, құрлықтағы сулардың түрлерін, судың таралуын, су айналымындағы әрі ауыл шаруашылығындағы маңызын түсіндіру.
Дамытушылық: Оқушылардың іскерлік дағдысын, шығармашылығын, ойлау қабілетін, дүниетанымдық көз қарасын қалыптастыру, тіл байлығын, белсенділігін арттыру.
Тәрбиелік: Су нысандарын қорғай білуге, оны тиімді пайдалануға, суды ластамауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Дүние жүзінің физикалық картасын, мұхиттар картасы, суреттер, слайдтар, дискеттер, электрондық оқулық.
I. Ұйымдастыру кезеңі
II. Жаңа сабақ
III. Үй тапсырмасын тексеру
IV. Тест жұмысы
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Өмірдің ақ сүт берген анасы - су
Көздің күлімдеген қарасы - су
Су бүріксең, талған адам жияды есін
Ажалға су міндетті ара түсу.
(О. Асқар)
Су кәдімгі сұйық зат деген күнде де, судың адам ойы жетпейтін таңғажайып қасиеттері жетерлік. Сол себепті география, ішінде гидрология ғылымы талай замандар бойы суға назарын салып келеді. Су қабығы біздің планетамыздың 71 %- ын алып жатыр. бұл мәлімет адам тіршілігіндегі судың орны зор екендігін көрсетеді. Жалпы адамзат қабылдаған теория бойынша «алғашқы тіршіліктің өзі жерде емес, суда пайда болған». Мысал ретінде қарапайым зат алмасу, қоректену үрдістерін айтуға болады. Адам денесі 65% судан тұрады екен. Өсімдіктердің, жан - жануарлардың өсуінде, олардың қоректенуі үшін жүретін бтохимиялық реакциялардың барлығына днрлік су әсер етеді. Егер қолдағы бар сандық мәліметтерге жүгінсек, 1 кг бидай дәнін өсіру үшін шамамен 2 т, ал 1кг ет өнімі шығуы үшін 20т су жұмсалады екен.
Адам шамамен жылына 60т су ішеді, оған күнделікті тұтынатын 300 т суды қоссақ, 1 адамның қажетіне жылына 360т су қажет болып табылады. Техникалық өнеркәсіпте 1т аллюминий өндіру үшін 45 - 60т су кетеді, ал қағаз, мұнай өндіру сусыз іске аспайтыны бөәрімізге белгілі. Су ғаламшардың көптеген жерлерінде: мұхиттарда, өзендер мен көлдерде, мұздықтарда, жер астында да бар. Мысалы: жер тереңдігінің 1 шқ - ында 4 млн текше шақырым су сақталады екен. Атмосферадағы сулар әр шаршы шақырымда 20тоннадай су бу күйінде қалқып тұрады. Біздің планетамызды ғарыштан қарағанда су деп бағалауға болады. Ғалымдар біздің планетада 350млн текше шақырым су сақталады деп есептейді. Қазақ халқы суды қадірлеумен қатар оны тіршілік нәрі деп түсінген. Су бермеу, судан тарықтыру ең үлкен қылмыс деп саналған. Сондықтан жолаушылап келген адамға сусын берген. Қазақ халқы «Ей шырағым, ағып жатқан суды тегін деме, судың да сұрауы бар» деген екен. Адамзат өте ертеден - ақ суға табынған. Ертедегі грек мифтерінде Зевстің қызы Афродита сұлулық пен махаббаттың падишасы, теңіз көбігіне пайда болған деген аңыз бар. Мұсылман халқының қасиетті кітабы «Құранда» дәрет алу (аяқ, қол, бетті т. б жуу) және ғұсыл дәрет алу (толық денені жуу) туралы айтылған. Су қабығы біздің планетамыздың 71 %- ын алып жатыр. бұл мәлімет адам тіршілігіндегі судың орны зор екендігін көрсетеді. Жалпы адамзат қабылдаған теория бойынша «алғашқы тіршіліктің өзі жерде емес, суда пайда болған». Мысал ретінде қарапайым зат алмасу, қоректену үрдістерін айтуға болады. Адам денесі 65% судан тұрады екен. Өсімдіктердің, жан - жануарлардың өсуінде, олардың қоректенуі үшін жүретін биохимиялық реакциялардың барлығына дерлік су әсер етеді. Егер қолдағы бар сандық мәліметтерге жүгінсек, 1 кг бидай дәнін өсіру үшін шамамен 2 т, ал 1кг ет өнімі шығуы үшін 20т су жұмсалады екен. Адам шамамен жылына 60т су ішеді, оған күнделікті тұтынатын 300 т суды қоссақ, 1 адамның қажетіне жылына 360т су қажет болып табылады. Техникалық өнеркәсіпте 1т аллюминий өндіру үшін 45 - 60т су кетеді, ал қағаз, мұнай өндіру сусыз іске аспайтыны бөәрімізге белгілі.
Су ғаламшардың көптеген жерлерінде: мұхиттарда, өзендер мен көлдерде, мұздықтарда, жер астында да бар. Мысалы: жер тереңдігінің 1 шқ - ында 4 млн текше шақырым су сақталады екен. Атмосферадағы сулар әр шаршы шақырымда 20тоннадай су бу күйінде қалқып тұрады. Біздің планетамызды ғарыштан қарағанда су деп бағалауға болады. Ғалымдар біздің планетада 350млн текше шақырым су сақталады деп есептейді. Қазақ халқы суды қадірлеумен қатар оны тіршілік нәрі деп түсінген. Су бермеу, судан тарықтыру ең үлкен қылмыс деп саналған. Сондықтан жолаушылап келген адамға сусын берген. Қазақ халқы «Ей шырағым, ағып жатқан суды тегін деме, судың да сұрауы бар» деген екен. Адамзат өте ертеден - ақ суға табынған. Ертедегі грек мифтерінде Зевстің қызы Афродита сұлулық пен махаббаттың падишасы, теңіз көбігіне пайда болған деген аңыз бар. Мұсылман халқының қасиетті кітабы «Құранда» дәрет алу (аяқ, қол, бетті т. б жуу) және ғұсыл дәрет алу (толық денені жуу) туралы айтылған. Орыс халқы жас сәбидің жанын тазалау, шоқындыру кезінде суға шомылдырған.
«Ойнаймыз да, ойлаймыз»
1. Судың тұздылылығын өлшейтін өлшем қандай?
2. Дүние жүзіндегі ең үлкен, ең ұзын, ең енсіз бұғаздарды ата.
3. Мұхит суының тереңдігін өлшейтін құрал
4. Дүниежүзілік мұхиттың бөліктерін ата.
5. Жерорта теңізінің қайта қалпына келуі үшін қанша жыл қажет?
6. Аустралияда кеуіп қалған өзен арналарын не деп атайды?
Мақал - мәтелдерді аяқтау.
1. Судың кепкені...(тіршіліктің кеткені)
2. Суды лайлама,... (балығын шошытасың)
3. Су бергеннің сауабы бар,...(су төккеннің жауабы бар)
4. Су бар жерде...(өмір бар)
«Су экологиясы». Суды қорғау, үнемдеу тақырыбында өлең, сурет, эссе.
Қорытындылау:
Оқушылар білімін бағалау.
Үйге тапсырма беру.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×