Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Екі тышқан

Екі тышқан
Орыс халық ертегілері

Бірде шайдай ашық күні үй тышқаны еденнің астынан жүгіре шығып, орманның шетінде бұлақтың арғы жағындағы інде тұратын туысы дала тышқанына қыдырып барады.
- Сәлем, сіңлім!- деп қуанып қалады дала тышқаны. Жолда адасып кетпей, мұнда қалай жеттің?
- Адасатын несі бар? Онан да мынаны айтшы, әпке, ініңде мынау үйіліп жатқан не?
- Бұл өскін дән ғой, менің бірден - бір тамағым – наным осы, - деп маңғаздана жауап береді дала тышқаны.
- Міне, қызық, нан дей ме! – деп таңғалады үй тышқаны.
– Мен мұндай нанды жесем баяғыда - ақ аштан өлетін едім. Менің үйімде, әпке, тұрмыс бұдан мүлде өзгеше: таңертең – ет, түскі асқа – шошқа майы, ал кешкі асқа – қаймақ. Менің өмірім саған қарағанда, алтын екен. Жүр кеттік, менімен бірге тұр.
- Жарайды, кеттік.
Түнде екі тышқан да еденнің астынан шығады. Сонда үй тышқаны қара шегірткеден сұрайды:
- Шегіртке - ау, шегіртке! Мысық үйде ме екен?
- Жоқ, ол тышқанның терісін сатуға базарға кеткен, - деп жауап береді қара шегіртке.
- Демек, қолайлы сәт екен, - деп қуанады үй тышқаны. – Сен, әпке, осында іннің аузында қал! Мен қор жинап келейін, ал сен інге апарып таси бер. Екеулеп жылдам аяқтаймын.
Үй тышқаны осылай деп аттай бергенде, мысық көріп қалып, тап береді. Абырой болғанда, тышқан ініне зып етіп, кіріп үлгереді. Әйтпегенде, рахат өмірі тозаққа айналары сөзсіз болатын.
- Жарайды, ештеңе етпес – деп жұбатады үй тышқаны әпкесін, - пішеннің арасында шошқа майы бар. Солай қарай барайық.
Олар пішенге кіре бергенде, тағы бір қырсыққа тап болады: үй иесі есікті ашып кіріп келеді де, тышқандарды көріп, сыпырғышпен ұрғылай бастайды. Тышқандар әрең дегенде сытылып шығады.
Мұндай «салтанатты» өмірді көріп зәресі ұшқан дала тышқаны айтады:
- Меніңше үнемі қорқып - үркіп сен сияқты дәмді тамақ жегенше, өскін дәнімді алаңсыз жеп жатқаным артық сияқты. Мен өз дәнімді өзім жинаймын, өзгенің тамағына көз салып жүре алмаймын. Қош бол!
Ендігәрі дала тышқаны апасына қонаққа келмейтін болыпты, ал үй тышқаны болса, біресе үй иесінен құтылумен, біресе мысықтан сытылумен күн көріп жүрсе керек.
Кері қайту
Загрузка...
Ұқсас жаңалықтар:
Екі тышқан

Екі тышқан

Даладан екі тышқан май тауыпты, Шығынсыз екеуі де жай тауыпты. Жанжалдасып бұл майды бөлісе алмай, Маймылға бөлдіруге көңілі ауыпты....
Бір бақыр бөкпен

Бір бақыр бөкпен

Баяғыда бір кішкентай қыз болыпты. Бір күні қыз жидек тере барғанда, бір кемпірге кездеседі. — Аманбысың, қызым?—дейді кемпір.— Жидегіңнен берші....
Сабан, көмір және бұршақ

Сабан, көмір және бұршақ

Баяғыда бір әбден қаусап қартайған өлмелі кемпір болыпты. Ол сексенің үстіне шықса керек. Бір күні кемпір бақшаға барып, бір табақ бұршақ жинап алады...
Бремен әншілері

Бремен әншілері

Баяғыда бір диірменші болыпты. Әлгі диірменшінің әрі ақылды, әрі мықты бір жақсы есегі болса керек. Жануар диірменде көп жыл қара жұмыс істеп,...
Тазша бала

Тазша бала

Ертеде бір шал мен кемпір болыпты. Олардың үш баласы, бес ешкісі бар екен. Бір күні үлкен баласы басқа жерден пайда кәсіп қылуға талап етіп, өзіне...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Мұқағали Мақатаев, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, математика, математикадан сабақ жоспары, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар

Барлық тегтерді көрсету