Сайтқа кіру Тіркелу

Құмырсқа туралы ертегі

Бір құмырсқа өз илеуінде тобынан бөлініп, сол маңдағы ара, қоңыз секілді жәндіктермен дос болыпты.

Жем іздеп шыққан құмырсқа жол үстінен бір дән тауып алыпты. Жалғыз өзі әрі - бері әуреленіп, дәнді орнынан қозғалта алмапты. Сонан соң көмек сұрау үшін әлгі қанатты достарын іздейді.

Бір уақытта гүлден - гүлге қонып, шырын жинап жүрген араға жолығады

– Досым, бір дән тауып алып едім, жалғыз өзім көтере алмағаным. Маған көмектесіп жіберші, – деп өтінеді.
– Көрмей тұрсың ба, мен де жұмыс істеп жатырмын ғой, – деп, ара көнбей қойыпты. Солайы солай ғой, мейлі деп, құмырсқа әрі жүріп кетіпті. Ол енді қоңызды тауып алады.

Ол мән - жайды айтып, көмек сұрапты.
– Сен үшін өз еңбегімді еш қыла алмаймын, – деп, қоңыз ызыңдап ұшып кете барады.

Достарынан күдер үзген құмырсқа мұңайып қайтып келе жатады. Жолда өзінің илеулестерімен ұшырасып қалады. Олар мұның түрін көріп:

– Не істеп жүрсің? – деп, жөнін сұрайды.
Жалғыз құмырсқа өзінің басынан кешкенін айтып береді:

– Жалғыздық деген сол, – деп, илеулестері жұбатады да құмырсқаның дәнін көтерісіп, әрі алып кетеді. Құмырсқа үйіріне қайта қосылады.
«Жаңа достың қадірі ескі досқа жетпейді» деген екен сонда бір кәрі құмырсқа.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Досыңа серік бол

Досыңа серік бол

Сөздік қорын молайту, дыбыстарды анық айтуға үйрету, кейіпкерлердің іс - əрекеті мен дауыс ырғақтарын сəйкестендіре іс - əрекет жасай білуге баулу...
Ы. Алтынсарин «Әке мен бала»

Ы. Алтынсарин «Әке мен бала»

Жуан және жіңішке жұп дауыстыларды ажырата білуге үйрету. Шығарма авторы жайлы түсінік беру. Мәтінді оқытып мазмұнын түсіндіре отырып, мағынасын ашу....
Тагабереген Анардың өлеңдері

Тагабереген Анардың өлеңдері

ҚҰМЫРСҚА Кіп - кішкене құмырсқа, Үйір болып жұмысқа Өзі кіші болса да, Қарамайды тұрысқа. Еңбек етіп әр кез ол, Шаршамайды жұмыста....
Шегіртке мен құмырсқа

Шегіртке мен құмырсқа

Атырау облысы, Исатай ауданы, Жанбай селосы Хамидолла Наубетов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Нәбиева Гүлбаршын Емматқызы...
Сол желтоқсан неткен суық еді (өлең)

Сол желтоқсан неткен суық еді (өлең)

Сол желтоқсан неткен суық еді, Айда сол кезде шалқасынан туып еді, Құмырсқа екеш құмырсқа ие елеуіне, Иелікке қаңғыған біреу келіп еді....
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×