Сайтқа кіру Тіркелу

Су ресурстарының сарқылуының алдын алуға бағытталған іс - шаралар

Сабақтың тақырыбы: Су ресурстарының сарқылуының алдын алуға бағытталған іс - шаралар.
Сабақтың мақсаты: Тақырыптың мазмұнын меңгерту, алған білімдерін жүйелі жұмыс істеуге қалыптастыру.
- Оқушылардың шығармашылық ізденістерін дамыту.
- Табиғатты қорғауға оны аялауға тәрбиелеу.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Үй тапсырмасын тексеру: Экологиялық құқық тақырыбы
Жаңа сабақ барысы:

Жоспар:
I Кіріспе
II Негізгі бөлім
Тұщы су қорын тиімді пайдалану
Қазақстанның су ресурстары
а) Каспий аймағының экологиялық жағдайы
б) Арал теңізінің экологиялық мәселелері
в) Балқаш көлінің экологиялық мәселелері
г) Кіші өзендерді қорғау мәселесі
Судың ластану мәселесі
Жер асты және жер үсті суларының ластану көздері
Судың өздігінен тазалануы
«Таза ауыз су» проблемасы
III Қорытынды
Су ресурстарының сарқылуының алдын алуға бағытталған кейбір іс - шаралар
Таза ауыз су алу жолындағы жаңа ғылыми - техникалық озық әдіс
Табиғат байлықтарының ішінде судың орны ерекше. Сусыз жер бетінде тіршіліктің болуы мүмкін емес. Сондықтан «Су - өмір нәрі» деп бекер айтылмайды. Жер бетіндегі тіршіліктің барлық формасы үшін су қажет, онсыз тіршілік процесі жүрмейді. Жер бетінің 77, 5 процентін су алып жатыр. Су қорларына - өзен - көл, теңіз - мұхит, жер асты сулары, мұзды және қарлы аймақтағы су, атмосфералық ылғал кіреді. Жер шарының сулы қабатын, яғни өзен - көл, теңіз - мұхит, жер асты сулары, тоған, су қоймалары және шалшықты - батпақты жерлер жиынын – гидросфера деп атайды.

Су – түсі, иісі және дәмі жоқ сұйық зат, жақсы ерітуші, айқын капиллярлық қасиеті бар. Суды, негізінен тіршілік иелері – адамзат, жан - жануар, микроорганизмдер және өсімдіктер дүниесі пайдаланады. Су, тірі организмдердің дене кұрамына кіріп, ондағы зат және энергия алмасуына қатысады. Денедегі су мөлшері 10 - 12 процентке кемісе, адам әлсіреп, шөлдеп, аяқ - қолы дірілдеп жалпы жағдайы нашарлай бастайды. 20 - 25 процентке кемісе өмір сүруі тоқтайды. Бір адам жылына 50 тонна суды пайдаланатын көрінеді.

Судың жылуды аз жоғалтып, көп жинайтын қасиеттеріне байланысты, жылу тарту жүйелерінде ол кеңінен қолданылады. Сонымен қатар, өндіріс және ауыл шаруашылығы салаларында да, су көп мөлшерде қолданылады. Көптеген өндірістік процестерде – кептіру, жылыту, энергия алу, жүк тасу, коммуналдық – шаруашылық т. б. қажеттіліктер үшін су таптырмайтын ресурс көзі.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Жасанды су қоймалары, құрлық суының маңызы және оны   қорғау

Жасанды су қоймалары, құрлық суының маңызы және оны қорғау

Су қоймалары және құрлық сулары олардың маңызы орналасу жағдайлары жайлы толық мәлімет беру және оларды қорғау жолдарын түсіндіру...
Жезқазған аймағының экологиялық проблемалары

Жезқазған аймағының экологиялық проблемалары

Қарағанды облысы, Шет ауданы, Талды жалпы білім беретін орта мектебінің 3 сынып оқушысы Жұмажанова Әмина Жетекшісі: Алшынбаева Жанбала Шуйкенқызы...
Экологияның негізгі заңдары мен қағидалары

Экологияның негізгі заңдары мен қағидалары

Сабақтың мақсаты: Тақырыптың мазмұнын меңгерту, алған білімдерін жүйелі жұмыс істеуге қалыптастыру. - Оқушылардың шығармашылық ізденістерін дамыту. -...
Су

Су

Білімділік:Табиғаттағы судың тіршіліктегі маңызын, пайдасын, судың табиғаттағы айналысын, жер асты суы, оның пайдасын, Қазақстандағы ірі өзендер,...
Жер асты сулары

Жер асты сулары

Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы №25 Т. Рысқұлов атындағы мектеп - гимназиясы география пәні мұғалімі Байбатырова Мира...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×