Сайтқа кіру Тіркелу

Абай Құнанбаев. Сабыр, арсыз, еріншек

Абай Құнанбаев Сабыр, арсыз, еріншек
Әдебиеттік оқу Алматы «Атамұра»
Әдебиеттік оқу
Тақырыбы: Абай Құнанбаев Сабыр, арсыз, еріншек(үзінді )
Мақсаты: а) Кемеңгер ұлы ақын Абай Құнанбаев туралы мағұлмат беру. Абайдың өлеңдері арқылы тарихымыздың өшпес мұрасы екендігін ұғындыру өлеңнің мазмұның ашу.
Ә) Оқушылардың ізденгіштік қасиетін арттыру. Мәнерлеп оқу қабілетін, жүйелі жинақтап сөйлеуге үйрету, сөздік қорын кеңейту.
Б) Ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттырып,
Жаман әдеттен бойларын аулақ ұстауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Дамытпалы поэзия сабағы.
Әдіс - тәсілі: түсіндіру, сұрақ – жауап.
Дамыта оқу технологиясы, аралас сабақ.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі
Топтастыру стратегиясы.
Психологиялық дайындық.
Балалар, бізге күн нұрын жарқырап төгіп тұр. Күнді көзімізбен көріп тұрмыз. Сол жарқылмен тек жақсылықты көрейік. Күннің жарқылымен әсем әуен құлағымызға жетті. Біз тек жақсылықты естиік. Күн жарқырап қолымызға жетті. Қолымыз тек жақсылық жасасын.
Сол жақсылықтың бәрін жүрегімізге бүктеп салып қоямыз.
Жүрегіміз тек қуанышпен соқсын.
- Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.

3. Үй тапсырмасын сұрау.
1. «Ой – қозғау» стратегиясы
«Орындалған арман» әңгімесі бойынша

1 - топ. Әңгіме басында «Үлкен той болды» деп қандай тойды айтып отыр?
2 - топ. Ыбырайдың неліктен қабағы түйіліп, жүзі сұп - сұр болып кетті?
3 - топ Әңгіме неліктен «Орындалған арман» деп аталған?
Балалар, мен сендерге энциклопедиядан немесе интернеттен деректер іздеп келіңдер дегенмін
1 - топ. 1. С. Көбеев кім?
2 - топ. И. Крыловтың қандай мысалдарын қазақшаға аударған?
3 - топ. С. Көбеев еңбегі үшін қандай құрметті атақ алған?

4. Жаңа сабақ.
«Миға шабуыл»
«Ата толғау» күйі қосылып тұрады
«Абай әлеміне саяхат»
Біреулерге болғанымен айдала
Басын иіп тәу етеді бар дана
Ұлы Абайды дүниеге әкелген
Құдіретінен айналайын сардала
Балалар,
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым, ойлап қой,
Бес асыл іс - көнсеңіз
Балалар бұл кімнің өлеңі?
Дұрыс. Абай.
Абайды білмейтін жан жоқ шығар сірә

Абайдың тағы қандай шығармаларын білесіңдер?
1 - топ Күз, қыс
2 - топ Жаз
3 - топ Мен қазақты үшке бөлер едім
1) Абайды оқығандар
2) Абайды оқысам ба деп жүргендер
3) Абайды оқымағандар
Балалар, сендер қайсысына жатасыңдар?
Біз бірінші топқа жатамыз.
Өйткені біз Абайды, Ұлылығы әлемге танылған Абай атаны оқып жатырмыз.

5.«Ой сергіту» (ребус)
Парасатты болып туған,
Шыңғыстаудың Абайы
Ән мен жырын мұра қылған
Сарыарқаның Абайы
Нақылмен сана құйған
Қазағымның Абайы.
Ақылымен дана болған
Бүкіл әлем Абайы - деп ақын жырлағандай бүгін Абай Құнанбаевтың
«Сабырсыз, арсыз, еріншек»өлеңімен танысамыз.
(Кітап, дәптерлерін ашу) Тақтаға жазу.
Слайд. Қысқаша өмірбаяны

6. Оқулықпен жұмыс.
Өлеңді мәнерлеп оқып беру
Балаларға іштей оқыту
1 - 2 балаға оқыту
Барлық балаға оқыту
1 - топ. Өлеңде ақын адам бойындағы қандай қасиеттерді сынап тұр?
2 - топ. Осы жағымсыз қасиетті бір сөзбен қалай атауға болады?
3 - топ. Абай аталарының осы өлеңіне қарсы қандай жағымды мінез құлықтарды тауып айтар едің.
Өлеңнің идеясын ашу

Үш топқа да. Осы өлеңнің негізгі ойы қандай (Адамгершілік)
Сөздік жұмыс.
1 - топ Алауыз - береке, бірлігі жоқ, ынтымақсыз деген
2 - топ Күндеді - қызғанады деген
3 - топ Міндейді - мін тағады, жамандайды.
Кестені толтыру
Балалар
Адамның мінез құлықтарының жағымды, жағымсыз қасиеттерін екі қатарға толтырасыңдар. Ең көп жазған қатар жеңіске жетеді. Ол үшін төрешілер сайлауымыз қажет. Қасиеттерді кім көп жазса сол жеңіске жетеді.
Абай туралы қосымша мәлімет.
Балалар мен сендерге С. Көбеев пен Абай туралы қосымша мәлімет жинап кел дегенмін.
1 - топ Абайдың отбасы
2 - топ Абай ескерткіштері
3 – топ Абайды аудармалары

7. Сабақты бекіту. Абай рухы – туған тілдің тірегі,
Абай рухы – қазағымның жүрегі
Жыр маржаны жүрегіңді толқытып
Намысыңды қамшыласаң үнемі - деп Абай аталарының шығармаларына арналған бүгінгі сабақты қорытындылай келе мен бүгін не үйрендім?
Не қызық болды?
Сұрақтарына жауап берейік.
Соныменен Абай кім?

8. Үйге тапсырма.
3сыныпқа арналған оқу оқулығынан Абай өлеңдерінің аттарын тауып келу
Өлеңді жаттау.

9. Қорытынды. Ойды түйіндеу.
Асыл сөзді іздесең,
Абайды оқы, ерінбе.
Адамдықты көздесең,
Жаттап тоқы көңілге
Қамшының сабындай ғана қысқа өміріңде артынан өшпес із қалдырған.
Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы
Өлмейтұғын артына із қалдырған деп Абай атамызды жадымызда ұстайық.

Қызылорда қаласы,
№112 орта мектеп бастауыш сынып мұғалімі
Туменбаева Аида Болатовна
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×