Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Судың қасиеті

Сабақ тақырыбы: Судың қасиеті
Сабақ мақсаты: Су туралы мағлұматтар беру. Тәжірибелер жасау арқылы судың қасиеттерін анықтау.
Білімділік: Су туралы тыйым сөздер үйрету.
Дамытушылық: Пәнге деген қызығушылығын арттыру, ой - өрісін дамыту, шығармашылыққа баулу.
Тәрбиелік: Судың адам өміріндегі маңыздылығын ескерту, суды қорғауға үнемдеуге үйрету.
Сабақ түрі: тәжірибе сабақ
Сабақ көрнекілігі: лимон, құм, саз, су, мұз, сүт, суреттер, ыдыстар,

Сабақ барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Психологиялық дайындық:
Ойға толсын санамыз,
Бестік болсын бағамыз.
Баласындай әр үйдің,
Тату болсын арамыз!

ІІ Үй тапсырмасын тексеру:
Жұмбақтар жасыру
1 Жылт - жылт етеді
Жылғадан өтеді (су)
2 Өзі судан жаралған
Бірақ судан қорқады.(мұз)
3. Көзге көрінгенімен қолға ілінбейді.(бу)

ІІІ Жаңа сабақ
1 - тәжірибе Судың пішіні қандай?
Тәжірибеге қажетті заттар: мұз сынығы, стақан, табақша, құмыра, су.
Суды стақанға, табақшаға, құмыраға құямыз.
Судың пішіні стақан секілді цилиндр, тәрелкеде жалпақтау дөңгелек, табақшадай дөңгелек пішінге енді.
Енді мұз сынығына анықтап қараймыз. Оны табақшаға немесе алақанға саламыз. Мұз өз қалпын сақтап тұр.
Мұнан шығатын қорытынды сұйық судың пішіні болмайды оны қандай ыдысқа құйсаңда сол пішінге ие болады

2 - тәжірибе Судың түсі қандай?
Қажетті заттар: Стақан түсті қағаздар жолағы және су.
Стақанға су құямыз. Стақандағы суға әр түсті қағаз жолақтарын кезекпен салып, оны судың түсімен салыстырамыз. Судың түсін сары, көк, қызыл, қара, сұр деп айтуға болмайды.
Қорытынды су - түссіз.

3 - тәжірибе. Судың мөлдірлігі қандай?
Тәжірибеге қажетті заттар: 2 стақан, 2қасық, сүт, су.
Енді бұл топпен мөлдір дегеннің не екенін талқылаймыз.
1 - ші стақанды таза сумен толтырамыз. 2 - ші стақанға су құямыз.
Екі стақанға да қасық саламыз. Енді біз судың мөлдір екенін көрдік.
Бұдан шығатын қорытынды су - мөлдір.

4 - тәжірибе. Судың дәмі қандай?
Қажетті заттар: Қант, тұз, су, лимон, пияз. Табақшаларға әрқайсысына қант, тұз, лимон тілімін, пиязды саламыз. Стақанға су құямыз. Судың дәмін татып көреміз. Пиязды, лимон тілімін, қантты, тұзды татып көреміз. Олардың дәмі қандай?
Қорытынды Суда дәм болмайды.

5 - тәжірибе. Судың иісі қандай?
Қажетті заттар: лимон, пияз, су, табақша, орамалдар
Лимон тілімін, пиязды жеке - жеке табақшаларға салып, үстіне су құямыз. Бір оқушының көзін байлап, оған табақшалардағы заттарды иіскетеміз. Иісін анықтаймыз.

6 - тәжірибе Су сұйық күйде қандай қасиетке ие?
Қажетті заттар: 1 стақан екі табақ, 1 кесек мұз.
Суды стақанға құйямыз. Суды табаққа құямыз, екінші табаққа мұзды сал. Екі табақты кезекпен еңкейт. Су бір ыдыстан екін ші ыдысқа ағып жатыр. Ал мұз ақпайды.
Қорытынды су сұйық күйле ағып кетеді.

7 - тәжірибе. Су заттарды еріте ала ма?
Қажетті заттар: су, 4 стақан, қант, тұз, құм, саз, қасық.
Стақанға су құямыз. Бірінші стақанға қант саламыз. Келесі стақандарға сазды, құмды, тұзды саламыз. Араластырамыз
Қант, тұз суды еріді. Ал құм мен саз еріген жоқ.
Қорытынды: Суда еритін және ерімейтін заттар болады.

ІV Сабақты бекіту:
Су туралы қандай тыйым сөздер білесіңдер?
- Суға түкірме.
- Беті ашық қалған суды ішпе.
- Түнде суға барма.
- Суды ысырап қылма.
- Қолыңды жуған соң сілкіме.

V Сабақты қорытындылау:

Сонымен балалар судың қандай қасиеттерін білесіңдер? Сабақ сендерге түсінікті болды ма? Қызықты өтті ме? Сондықтан суды үнемдеп жұмсау қажет екенін ескерейік!
VІ Үйге тапсырма: Судың қасиеттерін қайталау
Балаларды бағалау.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала бақша, бала-бақша, балабақша, балабақшаға арналған, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертеңгілік, математика, презентация, сабақ, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, әдебиет, әдебиеттік оқу

Барлық тегтерді көрсету