Сайтқа кіру Тіркелу

Сатқын жапалақ

Тақырыбы: Сатқын Жапалақ.

Мақсаты: Халық ауыз әдебиетінің бірі ертегі жанырының ерекшелігімен таныстыра отырып, оқушыны адалдыққа, батылдыққа тәрбиелеу. Ертегідегі оқиға желісінің байланысын, сөз мағынасын ұғындыру арқылы ойлау қабілетін, байқағыштығын жетілдіру.

Ұстанымдары: Жүйелік, көрнекілік, тілдік сезімді дамыту.
Әдістері: Сұрақ - жауап, талдау, әңгімелеу.
Көрнекілігі: Слайд немесе интерактивті тақта.

Сабақтың жүрісі.
І. Ұйымдастыру бөлімі.
Оқушыларды сабаққа бейімдеу, психологиялық дайындық.
Адамның күлкісі әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріп қараңдар. Бір - біріңе қарап жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет.

Енді менде сендерге тілек тілеп жіберейін.
Қайырлы таң, балалар,
Қайырлы күн болсын,
Бүгінгі күн жұма
Сәттілікке толсын.
Сіздердің алар бағаңыз
Кілең бестік болсын. – деп сабағымызды бастаймыз.

ІІ. Үй Тапсырмасын сұрау.
2 - 3 оқушыға «Қауын мен Қарбыз» ертегісінің мазмұнын айтқызу. Сұраққа жауап алып үй тапсырмасын пысықтау.
1. Қауын мен Қарбыз не істеуге келісті?
2. Қауынды кім тауып алды?
3. Атай қауынның дәнін не істеді?
4. Қарбыз атайдан неге қашты, неден қорықты?
5. Бұл ертегіден нені түсіндің?
6. Түйнек дегенді қалай түсінесің, Пәлек деген не?

Жұмбақ шешу.
Бір құс бар үлпілдеген жүні жұмсақ
Тұяғы бейне болат алмас пышақ
Тұмсығы имек көрмейді күндіз көзі
Шарықтап көкті кезіп түнде ұшат (Үкі)

Олай болса, балалар, бүгінгі өтетін жаңа сабағымыздың тақырыбы Үкінің туысы «Сатқын Жапалақ»
ІІІ. Жаңа сабақ.
Сабағымыздың мақсаты: Тақтадан көрсетіп айтып өтемін.
Үш қатарды үш топқа бөліп аламын.
1. Оқулықпен жұмыс.
Ертегіні оқып беріп мазмұнымен таныстырамын.

2. Сұраққа жауап алу.
1) сүлеймен патша қандай бұйрық береді?
2) Үкі інілері Байғыз бен Жапалақты қайда жасырады?
3) Құстарды қыру міндеті кімге жүктеледі?
4) Жапалақ Байғыз інісіне қандай опасыздық істейді?
5) Ертегі арқылы адам бойындағы қандай кемшіліктері сыналады?
6) Бұл ертегінің қай түріне жатады?

3. Үкі, Жапалақ, Байғыз – туралы қысқаша түсінік беріп өту.
IV Сергіту сәті «Ақ көгершін» әні.
V. Дәптермен жұмыс.
1) Сүлеймен патшаның жарлығын сызба бойынша дәптеріңе жаз.

Әдемі қырланған ақ сүйектен
Сүлеймен патша сарайы
Ылғи бас сүйектен
Сарғаймаған жас сүйектен

2) Көкжендеттің Үкіге өлеңдетіп айтқан сөзін тауып дәптеріңе жазып ал (үйге).
3) Шығармашылық жұмыс.
Үш топ Көкжендетке, Жапалаққа, Үкіге мінездеме бер.
VI. Оқулықпен жұмыс
Ертегіні оқушыларға оқыту, шынжырлап.
Қорыту.
1) Бүгін қандай тақырып өттік?
2) Кімдер және не жайлы?
3) Сүлеймен патшаға қандай мінездеме беруге болады
4) Жапалақтың Байғыз інісіне жасаған опасыздығы дұрыс па?
VII. Үйге: Ертегіні оқу.
Көкжендеттің Үкіге өлеңмен айтқан сөзін тауып дәптерге жазу.
VIII. Бағалау.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×