Сайтқа кіру Тіркелу

Шыбын мен көбелек

Ана тілі. 4 сынып
Сабақтың тақырыбы: Шыбын мен Көбелек
Сабақтың мақсаты:
Мысалды оқи отырып негізгі ойды анықтау.Өз бетінше жұмыс жасауға үйрете отырып, ауызша сөйлеуін, мәнерлеп оқуын, шығарманы талдай алу және шығармашылық қабілетін дамыту.
Мысалды оқи отырып, адамгершілікке, инабаттылыққа, бірлікке тәрбиелеу.
Сабақтың жүру барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
Топтарға бөліну арқылы сайыс сабақ өткізу. Топ басшылары шығып, топтарымен таныстырады.

ІІ. Үй жұмысын сұрау.
Сапар мен Парта.
Мысалды адам кейпіне келтіріп, бейнелеу.
ІІІ.Жаңа сабақ.
1. Кіріспе. Жаңа сабақтың мақсатымен таныстыру.
2. Автор туралы қысқаша дерек беру.
Сейітқұл Оспанов.
Шыбын мен Көбелек туралы әңгімелеп, айту. Екеуінің ұқсастығы мен айырмашылығын сұрау.
Шыбын мен көбелектің пайдасы мен зиянын айту. Тірек сызба арқылы мысалды талдату.
3. Сурет бойынша екеуіне мінездеме беру.
ІV. «Кім мықты?» сайысы.
а) І -топ тапсырмасы «Шыбын мен Көбелекті» рөлге бөліп оқу.
ә) ІІ-топ тапсырмасы мысалдағы негізгі ойды жазу.
б) ІІІ-топ тапсырмасы 4 жол өлең құрастыру.
V. Сергіту жаттығуы.
«Апта» деген шал болыпты.
Оның жеті ұлы болыпты.
Дүйсенбі мен Сейсенбі
Сәрсенбі мен Бейсенбі
Жұма, сенбі, жексенбі
Жетеуінің есімі.

VІ. Үнтаспадан Шыбын мен Көбелектің диалогын тыңдату.
VІІ. Қорытынды. Мақал-мәтелдер:
1.Алтау ала болса, ауыздағы кетер,
Төртеу түгел болса, төбедегі келер.
2.Еңбек-бәрін де жеңбек.
3.Бірлік болмай, тірлік болмас.
4.Жұмыла көтерген жүк жеңіл.
VІІІ.Бағалау.
ІХ.Үйге тапсырма.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Сейітқұл Оспанов

Сейітқұл Оспанов "Шыбын мен көбелек" /мысал/

Сейітқұл Оспановтың өмірі мен шығармалары туралы білімін кеңейту. Шыбын мен көбелек әңгімесінің мазмұны мен идеясын ашу. Жануарлар, жансыз заттар...
Шыбын мен көбелек

Шыбын мен көбелек

Сейітқұл Оспановтың өмірі мен шығармалары туралы білімін кеңейту. Шыбын мен көбелек әңгімесінің мазмұны мен идеясын ашу. Жануарлар, жансыз заттар...
Сейітқұл Оспанов

Сейітқұл Оспанов "Шыбын мен көбелек" (мысал)

Сабақтың мақсаттары: Білімділік. Оқушылардың С. Оспановтың өмірі мен шығармалары туралы білімін кеңейту. Шыбын мен көбелек әңгімесінің мазмұны мен...
Сейітқұл Оспанов «Шыбын мен көбелек»

Сейітқұл Оспанов «Шыбын мен көбелек»

Ы. Алтынсарин орта мектебінің мұғалімі Екейбаева Ақбөпе...
Ара мен шыбын. Оспанхан Әубәкіров

Ара мен шыбын. Оспанхан Әубәкіров

Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, № 1 Жәутіков атындағы қазақ орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Омашева Алмагул Тлеубергеновна...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×