Сайтқа кіру Тіркелу

242*2, 484:2 түріндегі ауызша көбейту және бөлу тәсілдері

Сабақтың тақырыбы: 242*2, 484: 2 түріндегі ауызша көбейту және бөлу тәсілдері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға көбейту және бөлу туралы білімдерін қалыптастыру. 3 - 4 амалмен орындалатын құрама есептерді шығаруға үйрету. Мәселі есепті шығара білуге, қалдықпен бөлуге берілген есептерді шығаруға үйрету;
Дамытушылық: Оқушылардың есептеу дағдыларын, логикалық есептеу дағдыларын қалыптастыру;
Тәрбиелік:Оқушыларды ұқыптылыққа, әдемі таза жаза білуге тәрбиелеу
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап
Пәнаралық байланыс: Бейнелеу өнері, дүниетану
Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, көрнекіліктер, топшамалар
Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
Амандасу, түгендеу;
Оқу - құралдарының дайындығын, кезекшінің жұмысын тексеру;Сабақтың мақсат - міндеттерін таныстыру; Бүгінгі сабаққа оқушылардың қызығушылығын ояту.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Үй тапсырмасы: № 6, 7 тапсырмалар.( ауызша сұралады)
№6
297+607
400 - 81
67+448+50
190+379
903 - 67
13+539+67
№7
Фигуралардың периметрі мен ауданын есепте.
ІІІ. Жаңа сабақ
«Кім шапшаң?» ойыны.
84: 3
52: 4
15*5
620: 20
760: 4
18*40
27*3
570: 3
290*3
Оқулығымызды ашып 1тапсырманы шығарайық:
Балалар біз үш таңбалы сандарды ауызша көбейту және бөлу тәсілдерін білеміз. Бүгін 242*2 және 484: 2 ауызша көбейту және бөлу тәсілдерімен танысамыз.
242*2 тәсілін көбейту жолын айтып көрейік.
242•2 - ні разряд қосылғыштарға ажыратайық, 242 – де неше жүздік, неше ондық, неше бірлік бар, оқушылар кім айтады?
Иә, өте дұрыс
(200+40+2)*2=200*2+40*2+2*2=484
- 200 - ді 2 - ге көбейтеміз, 40 - ты 2 - ге көбейтеміз, 2 - ні 2 – ге көбейтеміз шыққан көбейтіндіні қосамыз.
(200+40+2)*2=200*2+40*2+2*2=484
- Разрядтық қосылғыштарға жіктеу дегеніміз не?
- Дұрыс айтасын.
Ал, енді 484: 2, 484 - ді разрядттық қосылғыштарға ажыратайық, 484 - де неше жүздік, неше ондық, неше бірлік бар?
(400+80+4): 2=400: 2+80: 2+4: 2=242
400: 2=200
80: 2=40
4: 2=2
200+40+2=242
Жақсы, 400 - ді 2 - ге бөлеміз, 80 - ді 2 - ге бөлеміз, 4 – ті 2 – ге бөлеміз. Шыққан бөліндіні бір - біріне қосамыз.
- Осылайша, ауызша көбейту және бөлу тәсілдерімен шығарамыз.
Дәптерлерімізді ашып, күннің жады мен тақырыпты жазып алайық.
№3 тапсырма.
Түсіндіре отырып есепте.
314*2
221*4
884: 4
963: 3
111*5
132*2
842: 2
396: 3
414*2
321*3
936: 3
486: 2
№4 есеп
а) Саябаққа 50 ағаш көшеті әкелінді. Әр алаңға 8 ағаштан отырғызу жоспарланды. Егер саябақта 6 алаң болса, қанша көшет қалады?
Есептің мазмұнымен таныстыру
- Есепте не туралы айтылған?
- Не белгілі?
- Есепте нені сұрайды?
Есепті талдау
- Есептiң қысқаша белгiлеуiн жазу үшін негiзгi сөздерді атаңыз.
- Есептiң сұрағына бiрден жауап беруге бола ма?
- Қандай амал қолданамыз?
- Енді есептің қысқаша белгіленуін жазыңыз.
Ә) Көмір кенішінде 1 күнде 950 тонна көмір өндіріледі. Машина 300 тонна жүк көтереді. Қанша машина қажет және қанша тонна көмір қалады.
Есептің мазмұнымен таныстыру
- Есепте не туралы айтылған?
- Не белгілі?
- Есепте нені сұрайды?
Есепті талдау
- Есептiң қысқаша белгiлеуiн жазу үшін негiзгi сөздерді атаңыз.
- Есептiң сұрағына бiрден жауап беруге бола ма?
- Қандай амал қолданамыз?
- Енді есептің қысқаша белгіленуін жазыңыз.
Б) Суретте көрсетілген вагон 60 тонна жүк көтере алады. 910 тонна бидайды тасу үшін, қанша вагон қажет болады? Вагон толы болуы міндетті. Қанша бидай қалады?
Есептің мазмұнымен таныстыру
- Есепте не туралы айтылған?
- Не белгілі?
- Есепте нені сұрайды?
Есепті талдау
- Есептiң қысқаша белгiлеуiн жазу үшін негiзгi сөздерді атаңыз.
- Есептiң сұрағына бiрден жауап беруге бола ма?
- Қандай амал қолданамыз?
- Енді есептің қысқаша белгіленуін жазыңыз.
7 – тапсырма
Қалай есептелгенін қара, есептеуді жалғастыр. Қорытынды шығар.
111*2=100*2+10*2+1*2=200+20+2=222
111*3=100*3+10*3+1*3=300+30+3=
111*4=100* +10* +1* =
111*5=
111*6=
111*7=
111*8=
111*9=
8 – тапсырма
Қи және фигура құрастыр.
Тиімді тәсілмен есепте (оқулықтағы тапсырма)
Жолда қандай сандар жетпейді?
2 3 23 32 22 33
7 8 77
49
5 4 54 45 55 44
6 9 99
1 7
ІҮ. Үйге тапсырма.
№5, 6 тапсырмалар.
49: 12= (1 қалд)
75: 9= (3 қалд)
88: =13(10 қалд)
49: =6 (1қалд)
6 – тапсырма.
900: 2 15*30 290*2
900: 20 150*3 209*2
320: 2 105*3 29*20
Ү. Бағалау
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×