Сайтқа кіру Тіркелу

Кімнің мекені жақсы?

Сабақтың тақырыбы: Кімнің мекені жақсы?
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушыларға мәтіндегі негізгі ойды өздеріне таптырып, өз ойын өз сөзімен жеткізе білуге үйрету. Жаңа мысалды талқылау.
2. Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін шыңдау, қиялы мен ойлау шеңберін дамыту, байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды топтасып жұмыс істеуге тәрбиелеу, туған жерін сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі мен құрал жабдықтары:
Сабақтың типі: Өткен сабақты қайталау.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі:
Балалар, бүгінгі біздің сабағымыз ерекше. Себебі бүгін бізге қонақтар келді. Қане қазақы дәстүрімізбен қонақтармен сәлемдесейік. Бүгін біз қонақтарға, сыныбымыздың үлгілі, тәртіпті білімді екенін көрсетеміз. Ендеше сабағымызды бастайық.
Үй тапсырмасын сұрау:
Миға шабуыл стратегиясы:
Бұл кімнің шығармасы?
- С Жүнісов кім?
Қандай жаңылтпаш жаттадық.
Балалар, біз бұл тақырыптың 2 бөлімін оқыдық. Бұл тақырыпты өткенде біз 4 орталыққа бөлінген болатынбыз. Әр орталыққа тапсырма берілген. Жалпы бәрімізге тапсырма мәтінді түсініп оқу, және тапсырмаларды орындау.
Қане әр топтан 1 - 1 оқушы түсінік айтайық.
Тапсырма бойынша жауап. Әр топтан 1 оқушы жауап береді.
1. Зерттеу орталығы: Көкқұтан туралы не білесің? Бізге таныс үш кейіпкер туралы зерттеу.
2. Көркем әдебиет орталығы: Суретке қарап әңгіме құрастыру.
3. Бейнелеу орталығы: Мәтін бойынша сурет салып келу.
4. Театр орталығы: Сахналап беру.
Дұрыс балалар, бұл бөлім бойынша біздің үш кейіпкерімізге жайлы қоныс, жақсы мекен табылмады.
Жаңа сабақ: Біз бүгін осы тақырыптың 3 - ші бөлімін оқимыз.
Қане, балалар 4 орталықтан 1 - 1 оқушы оқып шығайық. Түсіндіріп шығу.
Сөздікпен жұмыс.
Сергіту жаттығуы
Балалар соңғы сөйлем С. Жүнісовтің әңгімесінің негізгі ойы болады. Негізгі ой бір оқиғамен байланысып бірнеше оқиғамен жалғасады.
Әр орталыққа тапсырма:
1. Зерттеу орталығы: С. Жүнісовтің « Кімнің мекені жақсы?» Мәтіндегі негізгі ойдың басталуын, жалғасуын, аяқшалуын тап.
2. Көркем әдебиет орталығы: Мәтін неше бөлімнен турады? Әр бөлімге ат қой.
3. Бейнелеу орталығы: Мәтін бойынша сурет салу.
4. Театр орталықтан: Мәтінді оқып әр кейіпкер сөздеріне дайындалып отыру.
Әр орталықтан 1 оқушы шығып тапсырманы орындайды.
Проблемалық сұрақ: О, шіркін! Дүниеде мен тұрған жерден...
Балаларға, мақал – мәтелді пайдалана отырып, әңгіме айту.
Сабақты қорытындылау: Сонымен, әркімнің өз мекенінен жайлы қоныс, жақсы мекен жоқ. Туған жердей жер болмас - туған елдей ел болмас. Әркімнің туған жері – Мысыр шаһары.
Үйге тапсырма: Кімнің мекені жақсы?
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×