Сайтқа кіру Тіркелу

Біріккен сөздер

Тақырыбы: Біріккен сөздер
Мақсаты: Білімділік: оқушыларға біріккен сөздердің жасалу, жазылуын мысалдар арқылы меңгерту;
Дамытушылық: ауызша және жазбаша тілдерін, сөздік қорын, байланыстырып сөйлеуін, танымдық қабілеттерін дамыту;
Тәрбиелік: ұқыптылыққа, ізденушілікке, Отанын сүюге баулу.
Сабақтың түрі: саяхат сабақ
Сабақтың әдісі: жұппен, жеке дара
Пәнаралық байланыс: дүниетану, бейнелеу, музыка
Сабақтың көрнекілігі: күннің көзі, нақыл сөздер, үнтаспа, интербелсенді тақта

Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық ахуал туғызу
Бір - бірімізге сәттілік тілейік / жұппен жұмыс/
Қайырлы таң, достым
Қайырлы күн болсын
Аптаның әр күні
Сәттілікке толсын
Біздің алар бағамыз
Кілең бестіктер болсын.
Бүгін біз «Астана» қаласын тамашалауға саяхатқа шығамыз. Саяхатқа шығатын көлік түрін таңдау
/ автобустың суретін тақтаға іліп қою/ Қоғамдық көлікте қауіпсіздік ережесін еске түсіру/ Әр аялдамада 1 - 2 минут сол ғимарат туралы айта кету
ІІ - Үй жұмысын тексеру 1 аялдама «Байтерек»
Жұппен жұмыс, бағалау
ІІІ - Қызығушылықты ояту 2 аялдама «Думан»
«Күн жылуын алайық» ойыны - интербелсенді тақтамен жұмыс
/Күннің нұрында жазылған сөздерді қалам арқылы топтастыру, дәлелдеу/
Омоним антоним синоним дара сөз күрделі сөз
- Берілген сөздерді қалай топтастырдыңдар?
- Күрделі сөздерді қалай анықтадың?
- Күрделі сөздердің ішінде қай сөз түріне жатады?

IV - Мағынаны ашу 3 аялдама «Хан шатыры»
Біріккен сөздердің ережесін шығару
Берілген сөздер:
Топпен жұмыс: 1 топ - Кісі аттарын жазу, 2 топ - Өсімдік аттарын, 3 топ - Жер - су аттарын
Оқулықпен жұмыс 65 бет 1 - жаттығу / ауызша/
Сөздерді оқу. Олар қалай жасалғанын түсіндіру / әр сөз неше түбірден құралған/

66 бет 4 - жаттығу
Сурет бойынша сөйлем құрап жазу. Біріккен сқздердің айтылуы мен жазылуын салыстыру

66 бет 5 - жаттығу
Бағанның сол жағындағы сөздерді оң жағындағы сөздермен қосып, біріккен сөз жаса /өзара тексеріс/

V Шығармашылық тапсырма 4 аялдама Парламент үйі
5 жолды өлең Астана туралы
Не? Астана
Қандай? сұлу, жас
Не істеді? Салынды, гүлденді, өсті
Не үшін? Ел намысы үшін
Жалпы ойды түйіндеу Бас қала

VI Ой түйіндеу «Қазақ елі» монументі
- Мен нені білемін? - Мен үшін жаңалық?
- Мені жұмбақтандырады?
26 қараша күні ҚР - сыныі Тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында 20 игі істер акциясы жүріп жатыр. Сенің соған қосар үлесің бар ма?
/ әр оқушы өзінің жетістігін атап шығады/
VII Үйге тапсырма: 66 бет - 2 жаттығу. Оқушылар іштерінен тапсырманы оқып шығады да, түсініксіз болса қалай орындайтынын талқылау/
VIII Бағалау Көңіл - күйлерін смайликтер арқылы көрсету.
Өзін өзі бағалау, мұғалімнің бағасы
А. Жорабаеваның «Астана» әнімен сабақты аяқтау
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×