Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Ару қыздар

Құрметті қонақтар, асыл аналар, ұлағатты ұстаздар және аяулы қыздар. Баршаңызды мерекелеріңізбен құттықтаймыз.

Сіздерден өскен балалар,
Батырлар мен даналар,
Құттықтаймыз мейраммен
Құрметті біздің аналар.

Ән: Отырардағы той орындайтын Қасымов Асет

Біздің бүгінгі ең алғаш тартуымыз ән шашуымыз сіздерге арналады. Әлемнің бесігін тербеткен сіздер жайында болмақ. Балаларыңыз өз сезімімен, әнімен, жырымен жеткізеді.
Ер балаларды ортаға шақырайық. Балалар ана деген кім?

Ән: Ана туралы жыр орындайтын Жиналин Темірлан

Аналар көктемгі гүлдей жарқырап, гүл мерекелеріңіз құтты болсын.
Құрметті қонақтар? сыныбымызда өткелі отырған «Ару қыздар» сайысын тамашалауға шақырамыз. Ең алдымен бүгінгі сайыстың сәні болар оқушыларымызды ортаға ша - қырайық.

Әсем: Жақсы оқудан бастады,
Оқулықты ашқалы.
Кіл 5 - тікпен келеді,
Әсем қыз біздің ортада.
Жаңагүл: Мерекеде көктемгі,
Жарқырайды өктемді.
Еркелігі көп тегі,
Жаңагүл біздің ортада.

Раушан: Өзі елгезек алады тез тіліңді,
Қара шашты әрі өзі білімді.
Көп үндемей жүреді әркез ұяңдау,
Раушаннмыз міне алда тұр енді.

Назкен: Әрқашанда білім көптік етпеген,
Талапсыз жан мұратына жетпеген.
Біздің Назкен талапты әрі үлгілі,
Оқу менен билеуден алдына дес бермеген.

Аружан: Мейірлі әрі жат көрмейтін кісіні.
Мақсаты көп көздеген әр ісінің,
Аружан сынды қызымыз бар ортада,
Қошеметтеп қол соғайық шаттана.

Арай: Мінезге бай жайдары ашық,
Жастайынан поэзия оқуға ғашық.
Арайлым біздің сыныптас,
Шақырамыз ортаға қазір.

Қыздар сендер гүлісіңдер әр үйдің,
Ақ жансыңдар пәктігіндей сәбидің.
Қандай теңеу айтсандағы жетпейтін,
Қыздар сендер қызғалдағы әр үйдің.

Сайыста бақта сыналар, бал сыналар,
Бас жүлдені өнерлі тапқыр алар.
Кім өнерлі, кім тапқыр шешу қиын,
Әділқазы алқасының шешімі болар.

Сонымен әділқазылар алқасымен таныстырып өтейін.
1. Аманова Клара апай
2. Нұржанова Іңкәр апай
3. Түлгебайева Анагүл апай

Сайыстың шарттарымен танысып алайық.
1. Таныстыру
2. Өнерлінің өрісі кең
3. Дәм думан
4. Батырлар жырынан үзінді
5. Сән үлгісі
6. Сұрақ - жауап

Ән: Қыздар - ай орындайтын
Өнер қуып арулар өтер деймін,
Бір басына өнері жетер деймін.
Бәсекеге түскен алты ару кезектесіп,
Таныстырып өздерін өтер деймін.

І - шарт таныстыруға берейік.
(Арулар кезектесіп орындайды.)

Ән әлдилер көңілдері тасыған,
Көңілдерге нұр құяды асыл ән.
Би жолдайды аруларың ортада,
Біз осыны қошеметтеп отырайық.

ІІ - шарт Өнерліге өріс кең

Ән: Асыл - ана орындайтын Раушан және Жаңагүл
Ән: Асыл әжем орындайтын Әсем
Би: Опа гамданстайл билитің Аружан - Нәскен - Арай

Ас адамның арқауы дегеніміз. Әрқашанда ас бар, жерде өмір бар. «Дәм думанға» кезекті де берейік,
Арулардың тапсырмасың көрейік.

ІІІ - шарт «Дәм думан»
(Арулар кезектесіп апарады.)

Ән: Ана орындайтын Келдебай Дәурен

ІV - шартқа кезек берейік.
Келесі шартымыз «Батырлар жырынан үзінді оқу»
(кезекті аруларға береміз.)

Сынбатына сән киімі жарасатын,
Аспандағы айменен таласатын.
Өнеріне өзі сай келіп тұрған,
Аруларға қызығып қаратасын.

V - шарт «Сән үлгісі»
Кімдер ұшқыр, кім білгіш білейікші,
Аруларға сұрақ - жауап берейікші.

VІ - шартымыз «Сұрақ - жауап»
Біздің аруларымыздың әділ бағасын бағалайтын сөз кезегін әділ қазылар алқасына береміз.

Аналар, арулар мен сұлу қыздар,
Мәңгі әсем гүл болып қалыңыздар.
Шын жүректен құттықтаймыз.

Ең бақытты, ең көңілді болыңыздар?- дей келе бүгінгі тәрбие сағатымызды жабық деп жариялаймыз. Құрметті қонақтар алтын уақытыңызды бөліп келгендеріңіз үшін сіздерге көп - көп рахметімізді айтамыз. Сау болыңыздар!
Кері қайту
Загрузка...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Мұқағали Мақатаев, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, математика, математикадан сабақ жоспары, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету