Сайтқа кіру Тіркелу

Ару аналар, сұлу қыздар!

Мақсаты: Жас бүлдіршіндердің білімін, өнерін тамашалап, салт - дәстүрді жетік білуге, өз өнерлерін көрсетуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: сайысқа қатысты құрал - жабдықтар, сыйлықтар, шарлар, мадақтамалар.
Барысы:
I - жүргізуші: Аяулы аналар, ардақты арулар мен ұстаздар! Сіздерді 8 – наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтап, ғұмырларыңызға саулық, өмірлеріңізге сәттілік тілейміз! Олай болса, «Ару аналар, сұлу қыздар»атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер!
II - жүргізуші: Ана десем сезім билер тым ыстық
Жарасымды адамдарға туыстық
Бір адамға берсе ана мейірін,
Орнар еді бар әлемде тыныштық

Ана десем шешек атып жанары,
Өмірімнің бастау алар жаңа әні
Ана деген тіршілікте пана боп
Әрбір үйде жұлдыз болып жанады.
Көктем мерекесі, Аналар мерекесі құтты болсын!
I - жүргізуші: Арулар – аяулылар, ардақтылар
Өмірдің жылуы боп қалмақ бұлар
Арулар – тіршілікке күре тамыр
Өмірді бір - біріне жалғап тұрар,- деп ақиық Мұқағали ақын жырлағандай «Бір қолымен әлемді, бір қолымен бесікті тербеткен» аналардың еңбектерін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Аналары бақытты елдің ұрпағы да бақытты ғұмыр кешеді. Анасы жыламаған елдің баласы да жыламасы анық.
II - жүргізуші: Олай болса, бүгінгі кешіміздің қонақтары асыл аналарымызға құрмет көрсету – біздің перзенттік парызымыз. Аналарымыздың жүздерінен шаттық пен күлкі кетпесін.
Ән: « Сенің анаң»
I - жүргізуші: Біз ғана емес,
Қадір тұтқан бабалар
Аналардан туған небір даналар
Ана деген – тіршіліктің тірегі
Армысыздар, қасиетті аналар
II - жүргізуші: I - тур. «Сәлем – сөздің анасы»
Қыз аты - қыз, қыз әдебі
Тал бойына жарасқан күлкі әдемі
Сайысқа келген қызымыз бен анамызға
Таныстырып өздерін өтсе дейміз,- деп таныстыруға кезек береміз.
I - жүргізуші: II - тур. « Шебердің қолы ортақ»
Сырмақ ойып, текемет, киіз басқан
Өнерлі шеберлер бар даңқы асқан
«Шеше көрген тон пішер»деген рас
Қыздарымыз бен аналарымыз шебер қолға араласқан - дей келе, үйден орындап келген қолөнерге кезек береміз.
Би: түрік биі
II - жүргізуші: III - тур.
Ал кімнің өнері бар қаншалықты,
Би билеп, ал біреуі ән салыпты
Бүгінгі сайыста бәйге алуға
Аналарымыз бен қыздарымыз жан салыпты
Ән: «Мереке күніңмен»
Келесі сайысымыз «Өнерлі өрге жүзер» деп аталады
I - жүргізуші: IV - тур. «Салт – дәстүрді білесіз бе?»
Салт - әр ұлттың, халықтың діні мен сеніміне, тұрмыс - тіршілігіне, ұлттық құрылым ерекшеліктеріне сәйкес ғасырлар бойы жинақталып, өмірдің өзі туғызған тұғырының негізі. Қазақтың бірнеше салттарына байланысты сұрақтар беріледі.
Аналарға арналған сұрақтар:
1. Еттен табақ тарту дәстүрінен сұрақ. Қыздар табағына қандай ет мүшелері салынады? (Жүрек, бүйрек, жағы мен тілі салынады)
2. Ерулік деген не? Басқа жерден көшіп келген көршілерге сол жерде бұрыннан тұратын ерулік береді, қонаққа шақырады.
Аналарға арналған сұрақтар:
1. Бала тәрбиелеудегі салт - дәстүрден сұрақ. Тұсаукесер тойы туралы не айтуға болады? (Сәби жүре бастаған кезде ата – анасы «Балам тез жүріп кетсін» деген оймен жасалады.)
2. «Бәсіре»деген не? (қыз ұзатылғанда немесе жиен алғаш келгенде меншіктеп алатын ен салынған мал)
Аналарға арналған сұрақтар:
1. «Жиен ел болмайды, желке ас болмайды»дегендегі «жиен»кім? (Күйеуге шыққан қыздан туған бала)
2. «Тоқым қағар»деген қандай дәстүр? (Мал сойылып, үлкен кішіні шақырып қонақ етеді. «Сапары сәтті болып, аман – есен оралса» деген ақ тілекпен шыққан шын ниет )
Аналарға арналған сұрақтар:
1. Сыбаға деген не?(Құрметті қонақ немесе өздерінің, жақын - жуығына арнап сақтаған кәделі ет мүшелері сыбаға деп аталады. Үлкен ақсақалдарға, құдаларға, жолы үлкен адамдарға сыбаға әдейі сақталады.)
2. «Тұлым қою» деген не? (кішкентай кезінде баланың барлық шашын өсірмей екі шекесіне екі шоқ шаш қояды. Мұны тұлым деп атайды)
Қыздарға арналған сұрақтар:
1. Қазақ елінде ертеден келе жатқан қандай мейрамдарды білесің?(Ораза айт, Рамазан айт, Наурыз)
2. Қазақ халқының қандай ұлттық тағамдарын білесің?(көже, қазы - қарта, жал - жая, қымыз, ет, қуырдақ айран, бауырсақ, құрт, ірімшік)
3. Қыздарға арналған сәндік зергерлік бұйымдар. (Сырға, жүзік, моншақ, білезік т. б)
4. Ұлттық ойындардың түрлерін атаңдар. (Ақсүйек, арқан тарту, сақина салу, көкпар, қыз қуу, бәйге т. б)
Ән: «Қайран жеңгем»
II - жүргізуші: V - тур. «Сән үлгісі»
«Адам көркі – шүберек» деген екен
Қазір де сән үлгілер керек екен
Әр арудың өз бейнесі өзгеше
Сыр шертеді талғамы, бөлек елден - деп, ару аналар мен сұлу қыздарымыздың ешкімге ұқсамайтын, өз қиялымен туындаған киім үлгісін тамашалайық.
I - жүргізуші: VI – тур. «Дәм тата білейік»
Өздеріңе жарасып тұр сәндерің,
Таусылмасын айтатұғын әндерің.
Ару ана, сұлу қыздар бүгінгі
Дәмді болсын дайындаған дәмдерің
II - жүргізуші: Аналар – ау, менің шалқар көлдерім
Көлдерім мен асқар - асқар белдерім
Мына өмірде қуанышты жүргенім –
Сенің арқар мына өмірге келгенім
I - жүргізуші: Айналайын қазақ деген халқынан
Таймаса екен рухани қалпынан
Өнері бар саналатын құндылық
Жеткен бізге ата - баба салтынан
Ардақты аналар, аяулы апайлар, ақкөңіл жеңгейлер, қылықты қыздар, әрқашан да сіздер өмірдің мәні мен сәні болып жүре беріңіздер! Мейірімді жүздеріңізден күлкі кетпесін!
Хор: «Анаға арнау»
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×