Сайтқа кіру Тіркелу

Маңғыстау

Қарағанды қаласы, Қазыбек Би ауданы
«№6 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ
Бастауыш сынып мұғалімі
Кордабаева Жулдыз Мухаметжановна

Сабақтың тақырыбы: Маңғыстау
Сабақтың мақсаты: Маңғыстау «қара алтынның» өлкесі екенін білу.
Міндеттері: Оқушылар барлық қазақстандықтар үшін Маңғыстау байлығының мәнін бағалайды.
Оқушылар пайдалы қазбаларды табу әдістерін көрсетеді. Оқушылар топқа бөлініп, сабақтың тақырыбы мен мақалдың арақатынасын белгілейді.
Көрнекілігі: жұмбақтардың шешуі болатын заттардың суреттері.
Сабақты өткізу әдістері: талқылау, топтық жұмыстар, сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Психологиялық икем.
Достығы жарасқан,
Сыйлы біз баламыз.
Келісіп бәрімен,
Татулық табамыз.
Бәріміз бір болсақ,
Бәрін де жеңеміз.
Күндей боп күлімдеп,
Таудай боп өсеміз.
Бақылау күнделігі бойынша жұмыс.

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Оқушылар салып келген суреттерін сыныптың ішіне іліп қояды. Үш-төрт оқушының жауаптарын тыңдау.
Тірек білім, біліктілік және дағдының өзектілігі. топтық жұмыс. Тапсырма. Талқылау, жұмбақты шешу, жауабына сәйкес келетін суретті табу.

1-топ. Қара азбан дем алыс жоқ бақырады,
Қол жоқ, сансыз саусақ батырады.
Тісімен қара жерді быт-шыт қылып,
Жер үстін борандатып шарқ ұрады. (Трактор)

2-топ. Қалмайды бір-бірінен тағы озбайды,
Аяғын көз ілеспес ол қозғайды.
Үстіне не салсаң да тиеп алып,
Қара інген ботасы жоқ құр боздайды. (Паровоз)

3-топ. Ақ сұңқар құсым ағып келеді,
Дауысы жерді жарып келеді.
Жолына бояу жағып келеді.

4-топ Қара кілем бар жайлы,
Жақын етер шалғайды.
Ол қала мен қаланы,
Ел мен елді жалғайды. (Асфальт жол)
5-топ Мінезін оның түсінгем,
Ашуы тамақ пісірген.

6-топ Белінен қыссаң аузынан,
Ақуыз оның шығады. (Тіс пастасы)
Жұмысқа 3-4 минут беріледі. оқушылардың үш тобы көліктің бензинмен жүретінін дәлелдесе, қалған үш тобы мұнайдың құрамындағы заттың қайда қолданылатынын көздерін жеткізеді.
Сұрақтар:
1. Трактор, паровоз, ұшақтың мұнайға қандай қатысы бар? Олар немен жүреді? Өміріне өз үлесін тигізу керек.
2. Асфальт жол, газ, тас пастасын не біріктіреді?
Барлық нұсқаларды таңдау. Бұлардың бәрі мұнайға қатысты екенін оқушының өзі айтуын күту немесе сұрақтар арқылы жетелей отырып шығару.
Сұрақтар:1. Бензин неден жасалады? Оны қалай жеткізеді?
Сендер отынның қандай түрлерін білесіңдер?
Ал мен қар жуатын ұнтақ пен бензин ағайынды деп айтамын. Кім растайды немесе айтқанымды жоққа шығарады. ?
Оқушылардың ойларын тыңдау.

IV. Жаңа тақырып бойынша жүргізілетін жұмыстар. Тақырыпты және мақсатын хабарлау. Оқулықтың 124-бетіндегі мәтінді оқу. 124-беттегі суреттерді қарастыру, талқылау.
Сұрақтар:
1. Кім біледі: мұнай мұнараларын не үшін орнатады?
2. Сендер суреттен, кітаптардан көрдіңдер ме, мұнай мұнаралары қандай болады?
3. 124-125 бет, мәтінді оқу. 124-беттегі 1-2 азат жол.
Сұрақтар: 1. Жуатын ұнтақ пен бензин ағайындар деген менің пікіріме жауап таптыңдар ма?
2. Сендер өздерің үшін қандай жаңалық аштыңдар?
125-беттегі мәтінді аяғына дейін оқу.
Дәптерге сызба құрастыру. Біз Маңғыстау туралы не білдік? Тақтада және дәптерде төмендегідей сызба шығады:

Маңғыстау
125-беттегі мәтінді оқуды жалғастырамыз және кестені жаңа мәліметтермен толықтырамыз.
1-2 оқушы кестедегі мәліметке сүйене отырып, Маңғыстау туралы айтып береді.
Ой-қиял. Топтық жұмыс. Тапсырма. Мақалдарды оқып, оныі бүгінгі тақырыпқа сәйкестігін анықтап беріңдер:
1. Ақыл-дария, ой-теңіз.
2. Ер елімен жақсы,
Жер кенімен жақсы
Талапты ерге нұр жауар.
Жұмысқа берілген уақыт 2 минут. Жауаптар мен пікірлердің тұсаукесері.

V. Үйге тапсырма.
VI. Бағалау.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×