Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Бастауыш сыныптар онкүндігінің ашылуы

Бастауыш сыныптар онкүндігінің ашылуы

Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар «Білім жолын бастаған, бастауышым бастамам» атты бастауыш сыныптар онкүндігі басталғалы отыр.
Осы онкүндіктің басталуын оқу, білімнің өмірде маңызды екенін білдіретін мақал - мәтелдерден бастайық.

1 - оқушы: Қына тасқа бітеді,
Білім басқа бітеді.

2 – оқушы: Оқусыз - білім жоқ
Білімсіз - күнің жоқ.

3 - оқушы: Оқу - білім бұлағы,
Білім – өмір шырағы

4 - оқушы: Оқу - инемен құдық қазғандай
Жүргізуші: Білдім деме балам,
Білмейтінің көп шығар.
Бәрін білген адам
Бұл дүниеде жоқ шығар.
Көп білуге ұмтылған,
Көз жұмғанша оқиды.
Көз жұмғанша оқыған
Көп нәрсені тоқиды.

Ән: «Үйретеді»
Біз мектепке барғанда,
Қолға қалам алғанда
Үйретеді, үйретеді, үйретеді.
Әдемілеп жазуды
Көркем сурет салуды
Үйретеді, үйретеді, үйретеді.
Анамызды сүйеміз,
Еңбектерін ақтаймыз.
Үйренеміз, үйренеміз, үйренеміз.
Азамат боп өсеміз,
Еңбектеніп өтеміз
Үйренеміз, үйренеміз, үйренеміз.
Жүргізуші: Бүгін осы уақытта,
Кездескенге қуаныштымын.
Сіздерді мен жетелеп,
Ғажайыптар еліне
Таңғажайыптар елінде.
Бұл елде біз неше күн
Болып елді шарлаймыз
Көп нәрсені білеміз
Бұл қандай ел десеңіз?
Сөзді оқып білесіз!

«Оқылған сабақтар елі»
- Бұл елде тек оқушылар ғана пәндерге саяхаттайды.
- Жақсы ендеше саяхатымызды бастайық!

Сонау – сонау алысқа, жүзсін десең кемелер
Тылсым сырлы ғарышқа, ұшсын десең денелер.

Оқушы: Жасау үшін бәрінде
Математика
Ең маңызды ғылым бұл
Сондықтан да сондықтан
Сол ғылымның тілін біл.

Жүргізуші: Математика пәнін қалай білетініңдеріңді көрсетуге тырысыңдар.

1 - сынып
1. Аулада 5үйрек
Қорада 3 үйрек
1үйрек тығылды
1үйрек жығылды
Қалғаны неше үйрек? /6 үйрек/

2. Санға қосып, алсаң
Сол санның өзі шығады.
Санды оған бөлуге, болмайтынын
Математиктер ұғады.
Көп адамдар ол санға
Шекесінен қараған.
Сан осін қақ бөлуге
Сол саныңыз жараған (нөл/

3 - сынып:
Ала шапан киініп
Қарбыз жатыр үйіліп
Қарбыздарды шетінен
Санап шықтым шетінен
Бесеу болды жұп саны
Нешеу болды түп саны / 10/

2. Бұталардың бойымен 11 құйрық келеді,

Оған қоса 30 сирақ сидаң – сидаң етеді
Не десеңіз бұл көрініс
Әтештер мен торайлар
Жауап берші сұраққа,
Неше әтеш қатарда? (7 әтеш)

5 - оқушы:
Мәре болған білімге,
Мәні көп ана тілінде
Сөз береміз алдымен
Сөзшең қазақ тіліне.

Жүргізуші: «Баспалдақ» ойынын ойнаймыз.
Бұл ойында б әрпінен басталатын сөздер айту.

Б - -

Б - -

Б - - -

Б - - - -

Б - - - - -

Б - - - - - -

Б - - - - - - -

6 - оқушы:
Өнегелі өзекті,
Өмір жайлы сөз етті.
Әдебиеттік оқу пәніне
Берем енді кезекті.

Жүргізуші: Мақал – мәтелді қаншалықты білетініңдеріңді көрейік. «Мақалдың жалғасын тап»

1. Білетінің бір тоғыз,
Білмейтінің ------------/ тоқсан тоғыз./
2. Білмесең үндеме,
Білгенді --------- /күндеме./
3. Білім гауһар, бағасы жоқ.
Надандық кесел, ------ /дауасы жоқ./
4. Киіміне қарап қарсы алады,
Біліміне қарап --------/шығарып салады/

Жүргізуші:
Енді бәріміз жұмбақтар шешіп көрейік
Бiрi – ағаш кесу құралы,
Бiрi – шырынды бал бұлағы. (Ара)
Бiрiнен кисең бөрiктi,

Бiрiнен тiгiп,
Киерсiң киiм көрiктi. (Қамқа)

Санасаң,
Бiр үйде төртеуi бар.
Қаласаң,

Ауызды өртейтiн нәр. (Бұрыш)

Жел соқса,
Жайқалып толқиды.
Ел оқыса,
Тұла бойың балқиды. (Өлең)

Бiрi – ыдысқа керек,
Бiрi – жүрiске керек. (Аяқ)

7 - оқушы:
Табиғаттың сәніне
Таңғалтып мол әніне
Жақсы лебіз білдірсін
Дүниетану пәні де.

“Қалалар” ойыны.
Ойынның мақсаты: Буыннан сөз құрастырып, дұрыс жазуға дағдыландыру.
Ойынның шарты: Сыныпты екі топқа бөліп, тақтаға қала атауының кез келген буынын жазу. Қай топ дұрыс сөзді бірінші тапса, сол топ жеңеді.
Тапсырма үлгілері: қар – Қарағанды
ас – Астана
алма – Алматы
тау – Көкшетау
рау – Атырау
кент – Шымкент.

Сұрақ – жауап” ойыны.
Ойынның мақсаты: сұраққа дұрыс жауап беруге үйрету.
Ойынның шарты: қатты қағаздан 40 карта жасау. 20 картада сұрақтар, қалған 20 картаға жауаптар жазу. Оқушылар шеңбер құрып отырады. Бір оқушы сұрағы бар картамен жүреді. Келесі оқушы сұраққа жауап беретін картамен басады.

1. Жыл мезгілдерін ата
2. Сөзжұмбақ шешу
Ән: «Мектебім»
Осымен біздің апталығымыздың ашылуы аяқталды
Кері қайту
Загрузка...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Мұқағали Мақатаев, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, математика, математикадан сабақ жоспары, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, технология, тәрбие, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар

Барлық тегтерді көрсету