Сайтқа кіру Тіркелу

Қайталау

Мақсаты: Көп таңбалы санды екі таңбалы санға бөлу амалына есептеу дағдысын қалыптастыру, білімін тексеру.
Сабақтың түрі: Саяхат сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: Семей қаласының мәдени орталықтары салынған карта.

Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі.
Балалардың сабаққа дайындығын тексеру.
II. Кіріспе
Балалар, бүгін біз математика сабағында саяхатқа аттанамыз. Біз қай қалада тұрамыз?

- Семей қаласында.
- Семей қаласында көптеген мәдени орталықтар бар.
Оларға саяхат жасау үшін біз көлікпен аттанамыз. Барлығымыз автобусқа отырамыз.
1.Енді жолға аттану үшін мектептен шығу алдында ауызша есептер шығару керек. Егер есепті тез шығарсақ, автобусқа тез мінеміз.
90:6 *100 : 50* 4*3 :60* 1000 :1500 = 4
88 :2 +6:2 *5 +125 :50 *10*100 = 5000
4000:1000* 6* 100 :1200 *700 :70 = 20

-Жақсы, есепті дұрыс және тез шығардық.Енді жолға аттанайық. Автобусқа мінерде, жолда жүру ережесін есімізге тусіруіміз керек. Автобустың соңғы есігінен кіріп,алдыңғы есігінен шығу керек.
2. Балалар,біз аспалы көпірден өтіп бара жатырмыз.Біздің көпір өте әдемі. Біз қазір « Биологиялық орталыққа » жол тарттық. Міне, биологиялық орталыққа да келдік.
Енді осы орталыққа кіру үшін, математикалық тапсырма орындауымыз керек.
Балалар тақтаға есеп шығарады. Есепті тексереміз.

- Есепті дұрыс шығардық. Енді орталыққа кіреміз.
- Балалар, биыл қай жыл?
- Қой жылы.
Оқушылар : Әр жыл жануардың атымен аталады.
Мұғалім: Дұрыс.Ол туралы бізге айтып береді.Биологиялық орталықта бәрін көріп білдік.Жануарларды, құстарды неге бұл орталыққа қойған?
Жануарларға, құстарға қамқорлық көрсету керек.

3.Енді автобусқа мініп, Абай мұражайына жол тартамыз. Міне, Абай мұражайына да жеттік. Мұнда Абайдың жеке заттары, кітаптары бар.
Мұражайға кіру үшін мына есепті шығарайық.
Ерзат бағасы бірдей 5 кітап, ал Азат 3 кітап сатып алды. Ерзат Азаттан 180 теңге артық төледі. Кітап қанша тұрады? Олардың әрқайсысы қанша төледі?
1) 5-3=2 (к)
2) 180: 2 = 90 (тг)
3) 90 * 5 = 450 ( тг )
4) 90*3 =270(тг)

Жауабы: 90 теңге.450 теңге. 270 теңге.
Кітап туралы, кім мақал – мәтел біледі?
(оқушылар айтады )
4. Енді автобусқа мініп, «Балалар саябағына» келдік. Саябаққа кірерде бізден жұмбақ шешуімізді сұрайды. (магнитофоннан жұмбақ айтылады, оқушылар шешеді

а) Алпыс төрт тең бөлмеде
Отыз екі тұрғын бар.
Ақ, қара қып бөлгенде,
Бірі – бірі қуғындар.
Ханы үшін де, жаны үшін де,
Бермейді олар намысын. (шахмат)

б) Жоқ өзінде бас та, қас та, мойында,
Ұзындығы жазулы тұр бойында. (сызғыш)

в) Тау астында төрт бала,
Кезек – кезек ойнаған.
Төрт баланың қолына,
Төрт айды әкеп байлаған.
(аттың 4 аяғы, төрт тағасы).

г) Бір мақұлы бар екен төрт аяқты,
Тағыпты арқасына мың таяқты.
Ашуланса, аяқ – қолын көрсетпейді,
Көресің көзің салсаң ғажайыпты. (кірпі)
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Рационал сандарды көбейту және бөлу

Рационал сандарды көбейту және бөлу

Рационал сандарды көбейту және бөлу ережелерін есептер шығаруда тиімді қолдануға дағдыландыру. Өтілген тақырыптарды қайталау кезінде есепті дұрыс...
Үшбұрыштың периметрін табу

Үшбұрыштың периметрін табу

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Үшбұрыштың қабырғаларының ұзындықтарын.. өлшеу және оның периметрін табуды үйрету....
242*2, 484:2 түріндегі ауызша көбейту және бөлу тәсілдері

242*2, 484:2 түріндегі ауызша көбейту және бөлу тәсілдері

Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы Л.Қылышев атындағы Шилі ОЖББМ бастауыш сынып мұғалімі Мусина Айдана Калаповна...
Нөлмен аяқталатын санға көбейту және бөлуді тиянақтау (Күнделікті сабақ жос ...

Нөлмен аяқталатын санға көбейту және бөлуді тиянақтау (Күнделікті сабақ жос ...

жазбаша көбейту мен бөлу дағдыларын қалыптастыра отырып алғырлыққа, тапқырлыққа, дұрыс есептеуге, өз бетімен жүйелі қорытынды жасауға дағдыландыру,...
Өткенді пысықтау

Өткенді пысықтау

Кайдакова Жанат Бекболатовна «Сымбат» жеке мектебі Ақтөбе қаласы Пәні: Математика Сабақтың тақырыбы: Өткенді пысықтау Сабақтың мақсаты: Білімділік:...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×