Сайтқа кіру Тіркелу

загрузка...

Бөлме өсімдіктері. Алоэ және аспидистра.

Тақырыбы: Бөлме өсімдіктері. Алоэ және аспидистра.
Естияр тобының ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Әлеуметтік орта.
Бөлімі: Экология.
Мақсаты: алоэ және аспидистра өсімдіктерінің құрылысымен таныстыра отырып, олардың айырмашылығын көріп, айтып беруге үйрету. Өсімдіктің өсуіне жарық, ылғал, ауа, қалыпты температура және адамдар күтімінің қажеттілігі туралы түсініктерін кеңейту. Бөлме өсімдіктерін күтіп - баптай білуге баулу.
Көрнекіліктері: ыдысқа отырғызылған алоэ және аспидистра өсімдігі, гүлдердің суреті бейнеленген үлестірмелі суреттер.
Қажетті құрал - жабдықтар: жұмыс дәптері, гүлдерді күтіп - баптауға арналған құралдар.
Әдіс - тәсілдері: сөздік, көрнекілік, практикалық.

Мотивациялық қозғаушылық Шаттық шеңбері:
Қайырлы таң, балалар! Мен сендермен кездескеніме қуаныштымын.

Ұйымдастырушылық ізденістік
- Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырамын, сендер шешуін табыңдар.

Қысы - жазы жасыл боп
Терезе алдында тұрады.
Шаңды өзіне жұтып ап,
Ауаны да тазартады.
Ол не балалар?
Қонаққа қолында екі түрлі бөлме өсімдігін ұстаған гүлдер патшайымы келеді. Балалармен амандасып болғаннан кейін, өзін таныстырады да, балаларға гүлдер әлемінен сыйлық ала келгенін айтады. Қолындағы бөлме өсімдік - терін балаларға көрсетіп, қандай өсімдік екенін сұрайды.
Гүлдер патшайымы:
- Балалар, мына гүлдің аты - алоэ, ал мына гүл - аспидистра. Кәне, қайталаймыз.
- Балалар, мен сендерге осы екі бөлме өсімдігін күтіп - баптасын, қамқор болсын деп алып келдім. Мен қайтадан гүлдер әлеміне баруым керек. Себебі: онда мені көптеген өсімдіктер күтіп отыр. Сендер өздерің осы екі бөлме өсімдігімен жақсылап танысып алыңдар. Егерде осы өсімдіктер туралы сұрақтарың болса үш рет алақандарыңды соғып «гүлдер патшайымы, дыбыс қат»десеңдер болғаны, мен өзім келмесем де, сұрақтарыңа жауап бере аламын. Қоштасып, шығып кетеді. Енді, балалар, бұл гүлдермен жақсылап танысайық(балаларға бөлме өсімдіктерін бақылап, зерттеу жүргізуді ұсыну). Алоэ өсімдігі бізге Африкадан және Мадагаскар аралы - нан келген екен. Табиғатта бұл өсімдікке ұқсас өсімдіктер көп кездеседі. Алоэ өсімдігінің жапырақтары сүйір, шырынды, қатты(ылғалдылықты сақтай алатын арнайы ұлпасы бар), қалың қабықты, шеттері өткір тікенді болып келеді. Негізінен құрғақ әрі құмды шөлдерде өседі. Мүмкіншілігі болғанша, күннің шуағы түсетін, жаздың күндері ашық жерде орналастырған жақсы. Қыста жарық жерде, ауа температурасы +10С деңгейінде болатын орында ұстауға болады. Жаз уақытында алоэның су сақтағыш ұлпалары ылғалдылықты көп қажет етпейді. Сондықтан, әрбір суарудан соң топыр - ақтың кебуі(құрғауы) керек. Қыста салқын жерде тұратын болса, көп суарудың қажеті жоқ.
- Ал мына бөлме өсімдігі қалай аталады дедік?
- Аспидистра өсімдігі туралы кім не біледі?
Жаңа өздерің бақылау жасадыңдар. Енді маған осы гүл туралы айтып беріңдерші

Жарайсыңдар, балалар, бақылауды жақсы жасапсыңдар. Дегенмен де біз аспидистра өсімдігі туралы толық білмейтін сияқтымыз. Сондықтан гүлдер патшайымын шақырсақ қайтеді. Осы кезде үнтаспадан дауыс естіліп аспидистра өсімдігі туралы мағлұмат беріледі: «Үй жағдайында жиі өсірілетін аспидистраның жапырағы ұзын(50см ), түсі қою жасыл, қабығы жылтыр болады.»
Жапырағының ұзындығына бола оны «Биік аспидистра»деп атайды. Үй жағдайында терезе алдын - да және үстел үстін көмкеруге қолданады. Аспидистра жарықты жақсы көреді, алакөлеңкеде де өсе береді. Қыста ауа температурасы 150с - тан төмен болмағаны дұрыс. Көктемнен күзге дейін топырағын құрғатпай, жиі суғару қа - жет. Қыста суғару азайтылады. Ауаның құрғақ болғанына аспидистра гүлі шыдамды келеді.
Сергіту сәті
Біз кішкентай балдырған
Сескенбейміз жаңбырдан
Төбемізде қолшатыр
Алдымызда жол жатыр

Балаларды екі орталыққа бөлу.
1. «Таным»орталығындағы балаларға «Ғажайып гүл» ойынының шартын түсіндіремін. Ойын шарты бойынша:
1) өсімдіктің дұрыс өсуіне қажетті заттардың суретін іріктеу, 2) өсімдіктің өсу жолдарына қарай суреттерді ретімен қоюды тапсыру.

2. «Әлеуметтік»орталығындағы балаларға өсімдіктердің жапырағын сүртіп, топырағын қопсытып, суғару тапсырылады.

Дәптермен жұмыс

Рефлексиялық түзетушілік
Балалардан бүгінгі жиыннан алған әсерлерін, көңіл күйлерін, немен айналысқандарын, не үйренгендерін сұрау.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала бақша, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертеңгілік, математика, орыс тілі, презентация, сабақ, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, әдебиет, әдебиеттік оқу

Барлық тегтерді көрсету