Сайтқа кіру Тіркелу

Біз ғарышкер боламыз

Мақсаты: Балалардың ғарыш туралы түсінікті кеңейту, ұлғайту. Ептілік, шапшаңдық, дене қабілеттерін дамыту, өз қимылдарын үйлестіру. Жер ғаламшарына сүйіспеншілік тәрбиелеу.
Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар, балалар! Қош келдіңіздер!
12 сәуір бүкіл дүниежүзілік ғарышкерлік және авиация күні. 1957 жылдың ақпан айында дүние жүзінде тұңғыш рет конструктор С. П. Королевтің басшылығымен жасалған жасанды жер серігі ғарышқа шығарылды. Бұл адамзат тарихында бұрын - соңды болмаған үлкен ғылым жетістігі екен. 1961 жылы 12 сәуір күні тағы бір жаңалық бүкіл әлемді дүр сілкіндірді. Тұңғыш ғарышкер Ю. Гагарин «Восток» кораблімен ғарыш кеңістігіне көтерілді. Ал қазақ халқының тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров 1991 жылы қазан айының 2 күні тылсым әлем тұңғиығына самғады. Ал, балалар сендер осы Т. Әубәкіров аталарыңыз сияқты ғарышкер болғыңыз келе ме? (Балалар өз жауаптарын айтады).

Олай болса, сеңдердің дайындықтарын тексеріп, «Біз ғарышкер боламыз» атты үлкен саяхатқа шақырамын. Соңымен, алға ғарышқа!!! Біздер спутник ғарыш кемесімен ұшамыз. Әр түрлі ғаламшаларға тоқталамыз. Ендеше, ғарышкерлік комиссияны таңдап аламыз. Олар біздің саяхатымызды бақылап және қадағалап отырады. (Әділқазы алқаларды таңдау). Әр экипажға капитан керек, капитан деген жаттыққан, ержүрек және күшті адам. (Капитандарды таңдау).
Ал, экипаждар өз орындарына орналастырыңдар. Кері қарай санаймыз – 10, 9, 8, 7, 6, 5, 4, 3, 2, 1, 0. Ғарыш кемені ұшырып жіберу. Ал енді капитандарды тексерейік.
І сайыс «Капитандар». Қандай ұшатын аппараттарды білесіңдер? Капитандар кезек - кезек жауап береді. Кім көп айтады сол жеңімпаз болады.
ІІ сайыс «Ұшақтар». Әр бала қағаздан жасалған ұшақтарды алып, кезектесіп ұшырады. Әр биік және алыс ұшқан ұшаққа ұпай беріледі.
Бірінші аялдама Ай ғаламшары. Ай ғарыш кеңістігіндегі біздің ең жақын көршіміз. Ол Жерді айнала қозғалатындықтан, оны Жердің серігі деп атайды. Айдың ауыртпалық күші Жерден көп аз. Кәнеки қонуға дайындалыңдар. Қазір біздер серуенге шығамыз.
ІІІ сайысымызда команда қолдан ұстайды да жүгіреді. Ең бастысы ғарыштық экипаждың бірде мүшесі қалып қоймасын
ІV сайыс «Ұзынша қиық кедергі». 2 шеңберді бір сызықпен қосып қоямын. Осы сызықпен бір шеңберден екінші шеңберге өту керек, орында тұрып 5 рет айналып, қайтадан командаға қайтып келу. Команданың барлық мүшелері осылай орындап шығады. Сызықпен дұрыс жүрген және бірінші болып келген команда ұтады.
Өз зымырандарымызға қайтып барамыз. Біздер Айда болдық, енді әрі қарай
сұйықтықтан тұратын үлкен шар. Нептун Күннен алыс орналасқандықтан өте әлсіз жұлдыз болып көрінеді.
V сайыс «Газетпен адымдау». Ойыншы 2 газетті ауыстырып белгіге дейін адымдайды да кері қарай жүгіріп, келесі ойыншыға береді. Кім тез жасап бірінші бітіреді, сол команда ұтады.
VІ сайыс «Айдағы волейбол». Ойын алаңы 2 ортадан сызықпен бөлінеді. Балаларға әуе шары беріледі, оны балалар ұрып ойнайды. Кімнің алаңына әуе шар түседі, сол команда жеңеді.
Өз зымырандарымызға қайтып барамыз. Біздер Нептунда болдық, енді әрі қарай саяхатымызды жалғастырамыз. Шолпан ғаламшарына бағыт алдық. Шолпанның басқа ғаламшарлардан ерекшелігі ол өз осінен Жер сияқты емес, шығыстан батысқа қарай айналады. Бірақ экипаждардың қарны ашып қалған сияқты. Олай болса тамақтанып алайық. Киноларда, бағдарламаларда сендер көрген шығарсыңдар, қалай ғарышкерлер тамақтанатынын. Онда ауада бәрі ұшып жүреді.
Бананды тістейді. Қай командада банан аз қалады, сол ұтады.
VІІІ сайыс. Иіс арқылы жеміс - жидектерді тауып атау.
ІХ сайыс. Музыка бастамасымен әр экипаждың мүшелері печенье жейді. Жеп болған соң капитан ысқырыққа ысқырады.
Өз зымыранымызға қайтып барамыз. Келесі аялдамамыз – Марс, қазақша «Аңырақай» немесе «Қызыл жұлдыз». Марс Жерден екі есе кіші. Ал қазір сендерге ерекше би ұсынамын.
Х би сайысы. 1 – күшіктер биі.
2 – маймылдар биі.
Марс ғаламшармен қоштасатын сәт келді. Үйге қайту керекпіз. Экипаждар өз орындарына орналастырыңдар. Жер ғаламшарына бағыт алдық. Жер ең әдемі ғаламшар. Ғарышкерлердің айтуынша, ғарыштан Жер көгілдір түсті болып көрінеді екен. Өйткені оның басым көпшілігі мұхит, теңіз және көлдерден тұрады. Оны қорғау керек. Көлдерді, өзендерді, теңіздерді ластамау және атмосфераға зиянды заттарды шығармау керек. Міне біз Жердеміз. Ғарышалаңға шығамыз, біздерді достарымыз және біздің комиссия қарсы алады. Сөз комиссия төрайыма беріледі.
Ән «Мен космонавт боламын» барлық балалардың орындауында.
Ал, балалар сендерге саяхатымыз ұнады ма? Сендер жарысқа жақсы қатысып, өз өнерлерін өте тамаша көрсеттіңдер. Сендер ғарышкер болуға дайынсыңдар. Өскенде сендер ғарышкер болатынын сенімдімін. Осымен біздің саяхатымыз аяқталды, сау болыңдар!
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×