Сайтқа кіру Тіркелу

Қоршаған ортамен таныстыру

Білім беру салалары: Әлеуметтік орта.
Бөлімдері: Қоршаған ортамен таныстыру.
Тақырыбы: Ересектердің еңбегі.
Мақсаты:
Білімділік: Ересектердің еңбегімен таныстыру. Суреттер арқылы ересектердің еңбектерін айту.
Дамытушылық: Олардың қызметтері, туысқандарының немен айналысатыны, үйдегі іс - әрекеті туралы түсінік беру.
Тәрбиелік мәні: Ересектердің қызметін құрметтеп, оның нәтижелеріне ұқыптылықпен қарауға тәрбиелеу.
Көрнекілік: Ересектердің еңбегі, олардың суреттері.

Әрекет кезеңдері. Тәрбиешінің іс - әрекеті. Балалардың іс - әрекеті.
Мотивациялық - қозғаушылық. Ш. ш: « Табиғат» 06 - 04 «Ә» №1

Бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінде біз ересектердің еңбегі жайында әңгімелесеміз.

Мен тәрбиешімін күні бойы сендерге қараймын, далаға шығарамын, сендерге өлең, ертегі оқып беремін –
бұл менің еңбегім.
Біздің топта тағы кімдер еңбек етеді?
Міне көрдіңдер ме біздің топта осындай еңбектерді апайлар атқарады. Табиғатым тамаша,
Көз тоймайды қараса.
Табиғатты аялап,
Жүрейікші жараса.

Балалар тәрбиеші апайдың айтқанын тыңдайды.

Көмекші апай бізге тамақ әкеп береді, төсектерімізді жинайды, топтың ішін реттейді.
Іздену барлау. Ал сендердің үйлеріңде ата - аналарың қандай еңбектер жасайды?

Міне көрдіңдер ме үлкен адамдардың бәрі де үлкен еңбек жасайды. Бұл кісілердің жасаған еңбектерін бағалап құрметтеу қажет. Сендерде үйге барғанда үлкендерге көмектесіп ата - аналарыңа қолғабыс жасаңдар.
Сергіту сәті: «Орнымыздан тұрайық» 06 - 04 «Ә» №2

Балалар өз отбасында үйде кімдер қандай іс - әрекет жасайтындарын айтады.
Анам тамақ пісіреді.
Апайым үй жинап гүлдерге су құяды.
Әкем көлік жүргізушісі болып істейді.
Менің әжем тоқыма тоқиды.
Менің ағам дәрігер.

Орнымыздан тұрайық,
Қолымызды созайық,
Белімізді жазайық,
Айналаға қарайы.
Отырайық тұрайық,
Біз тынығып алайық

Балалар айтып қимылмен көрсетеді.
Рефлексивті қорытындылау. Кәне енді балалар сендерде еңбек етіңдер орнымыздан тұрып гүлдерге су құйып, түбін қопсытып үлкендерге қолғабыс жасайық.
Жарты балалар көмекші апайға үстелді жабдықтауға көмектессін.
Рахмет балалар әрдайым осылай үлкендердің еңбектерін бағалап жүріңдер. Балалар қуана келіседі.

Гүлдерді суғарады, ойын бұрышын реттейді.
Көмекші апайға көмектеседі.

Күтілген нәтиже:
Білуі немесе хабардар болуы: Балалар ересектердің еңбектерімен танысты.
Қалыптасқан әдет: Балалар айқанды тыңдайды. Өз ата - аналары жайында айта алады.
Істей біледі: Балалар үлкендерге көмектесуге тырысады. Айтқанды тыңдайды.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×